Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Портфолиоға қандай жұмыстарды қосу керек?



бет21/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Портфолиоға қандай жұмыстарды қосу керек?
Портфолио жасағанда алғашқы туындайтын сұрақ – қандай жұмыстарымды көрсету керек? Егер Сіз кәсібіңізді енді-енді бастаған болсаңыз, онда барлық тындырған істеріңізді көрсеткен дұрыс. Сізге сұраныс беруші клиенттеріңіз еңбекқор, ізденгіш, тындырымды екеніңізді және жеткілікті тәжірибе жинақтағаныңызды көреді. Ал егер өз кәсібіңізбен ежелден айналысып келе жатқан, өте тәжірибелі шебер болсаңыз, онда портфолиода ең сапалы да қызықты жұмыстарыңызды іріктеп көрсеткен жөн. Сіздің үлкен шеберлігіңізді сол жоғары сапалы жұмыстарыңыз бірден-ақ көрсетеді.
Бірақ портфолионы тек ең жақсы еңбектеріңізбен ғана сәндей бермей, олардың арасына орташа деңгейдегі жұмыстарыңызды да араластырыңыз. Клиенттеріңізде «бұл тек шабыттанған кездегі ең таңдаулы жұмыстарын ғана көрсетіп тұр» деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек.
Портфолионы қайда орналастыру керек?

  1. Жеке өз сайтыңызда орналастыру – бұл ең жақсы шешім, өйткені портфолионы кез-келген уақытта және кез-келген жерден көру мүмкін болады, ол үшін қажет еткен адамға, ұйымға не компанияға портфолионың сілтемесін бере салсаңыз жеткілікті. Портфолио-сайтыңызды тұрақты түрде толықтырып, жетілдіріп, бүкіл Интернетке жариялап, ұсынып отырасыз. Бірте-бірте сайт-портфолиоңыз сіздің жеке брендіңізге айналады.

  2. Портфолионы Интернеттегі түрлі әлеуметтік желілерде, форумдарда, хабарлама тақталарында, фрилансерлер каталогтарында және қашықтан жұмыс істеу биржаларында жариялауға болады. Бірақ бұл әдістердің үлкен кемшіліктері бар. Мысалы, олар ақылы болуы, портфолиоңызға көп орын бермеуі, кенеттен жойып жіберуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, ондай жерлерде портфолиоңыз айтарлықтай сәнді емес және құрылымы да өте қарапайым болатыны анық.

  3. Қағаз нұсқада іс папкасына жинақтап, сақтау – портфолиоңызды өзіңіз арнайы көрсетпесеңіз ешкім көрмейді, сөреңізде шаң басып жатуы мүмкін. Ал енді қажет болған кезде өзіңіз де көрсете алмай қалуыңыз әбден мүмкін, өйткені қалың портфолио-папканы өңшең өзіңізбен алып жүре алмайсыз ғой. Және, көп қағаз және уақыт ысырап болады. Қағазға түскен портфолионы үздіксіз дамытып, баптап, жөндей алмайтыныңыз тағы бар. Сондықтан, бұл әдіс қазір ескірді, заман талабына еш сай келмейді десек, қателеспейміз.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет