Бекбенова А. Р. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәнінен


Оқу нəтижелерін бағалауда заманауи құралдарды қолданудағы Қазақстанның жетістіктері



бет6/42
Дата20.05.2022
өлшемі195,29 Kb.
#144151
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология

Оқу нəтижелерін бағалауда заманауи құралдарды қолданудағы Қазақстанның жетістіктері


Жоспары
1.Оқу нəтижелерін бағалауда заманауи құралдарды қолданудағы Қазақстанның жетістіктері.
2.Қазақстандағы жəне шетелдердегі тестілеу жүйесінің дамуы.
3.Оқу нəтижелерін бағалау жəне бақылау.
4.Бағалаудың шығу тарихы

Лекция мазмұны


Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады. Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек. Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады. Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процестерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты. Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншіден, оқыту процесінің түпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылармен арақатынастың принциптерін анықтау қажет. Бұл жергілікті билік өкілдері деңгейінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қоғамның сұранысына берілген жауабы, сондықтан жалпықоғамдық сипатқа ие емес. Басқа сөзбен айтқанда, мектеп бітірген адам географиялық және әлеуметтік-стратегиялық көзқарастан нақты әлемде тұруы, ал бұл әлемдер бірбірінен ерекшеленетіндіктен, оған көз жұмып қарау өскелең ұрпақ пен оның ата-анасының алдында мектептің абыройына нұсқан келтіру дегенді білдіреді. Алайда, көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылық ұлттық білім кеңістігінің бірлестігін бұзбас үшін қағидаттық сипатта болмауы қажет. Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; 5 белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бір бірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау. Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр. Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар: − педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы; − педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды; − оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы; − қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды; − оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді. Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы. Критериалды бағалау: - оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады; - оқушы бойындағы үрейленуді басады; - мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады. Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие. Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды. Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 («қанағаттандырылмаған»), 3 («қанағаттандырылған»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»). 6 Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі – бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген: а) белгілі бір өлшемі; ә) жалпы сыныптағы; б) бұрынғы көрсеткіші болады. Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады. Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебра пәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, бірінші орынға өлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін немес өзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ол дәл солай. Баға әрдайым субъективті. Бірақ көптеген мектептердегі қазіргі жағдайға қарағанда оның субъектілігі күмән туғызады. Бұлай бағалау түбегейлі мұғалім билігінің құралы. Соған сәйкес мұғалім әрдайым ақиқатқа сай келе бермейтін, талассыз бедел иесі, шындықты тасымалдаушы. Әсіресе бұл мәселе өзінің (өзгенің) ойын суреттеу, мазмұндау немесе
Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Бастауыш мектепке арналған жаңа стандарт дәстүрлі технологиядан жеке бағытталған сипаттағы оқытуды дамытатын технологияларға ауысуды талап етеді. Осылайша, дәл осы бастауыш мектепте балалардың дамуын жалғастыру үшін іргелі база салынады. Оқытудың осы кезеңінде балаларды оқуға және сүйсініп оқуға, сыни, шығармашыл, инновациялық және объективті ойлау негіздерін дамытуға үйретуі тиіс. Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады. Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемдегі білімнің даму бетбұрыстарын түсіну үшін білім сапасының жоғары деңгейі халықаралық зерттеулермен расталып отырған елдердегі білімнің даму тәжірибесін зерттеу анағұрлым маңызды болып табылады. Білімнің жаңартылған мазмұнын және оқушылар жетістітерін критерийлік бағалауды іске асыру мен имплементациясы (іс жүзінде орындалуы) мүмкін болатын ұтымды шарттарды жобалау үшін әзірлеушілерге отандық және халықаралық тәжірибеде орын алып отырған ұқсас тәжірибеге жүгіну қажет болады. Бастауыш мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания мен Жапония секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет