Байланысты: лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
– белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман. Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:
Бағалау мақсаты – құн туралы қорытынды жасау,
Бағалаушының мақсаты – мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.
Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін. Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1. Бағалау критерийлері
Критерий
Әріп
тік жүйе
Мазмұны
Білім алушылардың
когнитивтік іс – әрекеті
Тапсырмалар,
Бақылау әдістері
Білім
А
Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі
Білім алушылар мен мұғалім
Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.
Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке – дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.
Жинақтау
D
Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.
Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі
Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;
Талдау
F
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі
Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі
Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу
Баға (сыни өзіндік пікір)
Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі
Білім алушылар мен мұғалім
Нәтиже шығару.
Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Ал, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекетінде – бұл білім нәтижесін алуға ықпал ететін бағалау критерійлері болып саналады. Бұл тұста Б.Блум таксономиясын қолдану болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру.
Б.Блум таксономиясының негізінде болашақ мұғалімдердің креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады деп білеміз. Өйткені, кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ мамандардың алған білімдерін шығармашылық деңгейге жетелеу, өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б.Блум таксономиясының ұтымдылығы да сонысымен ерекшеленеді (Кесте 2).
Кесте 2. Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты
Бағалау критерийлері
Мазмұндық сипаты
Білім
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция –оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация –оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау –оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Қолдану
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Жинақтау
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.
Талдау
Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, т.б.), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Баға (сыни өзіндік пікір)
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Кесте 3. Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар
Критерий
Дескрипторлар
F
Бағдарлама материалы бойынша білімдер жоқ; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу; дөрекі қателерді жіберу.
D
Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі
С
Материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.
В
Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.
А
Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу.
Мектеп жағдайына тоқталсақ: Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық және 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы»,тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 4-кестеге назар аударыңыз):
Кесте 4. Әр пән бойынша білім алушының білім жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері
Деңгейлер
Критерийлер
Білім жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі
1-деңгей
Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.
Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады».
5 балл, немесе
«сынақтан өтті»
2-деңгей
Білімі: а)ақпараттың себеп-салдарын «түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.
Біліктілігі: өзгертілген жағдайда «қолданады».
+4 балл = 9балл
3-деңгей
Білімі: алған білімін «жинақтай»алады.
Біліктілігі: өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады (рефлексия жасай біледі).
+3 балл = 12 балл
Барлығы
12 балл
Баллды бағаға айналдыру шкаласы:
11-12 балл – бағасы «5» (90%-100%);
7-10 балл – «4» (75%-89%);
5-6 балл – «3» (69%-74%);
5 баллдан төмен – «сынан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті).
Мұндай мазмұнның күрделілігіне сәйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элитарлы мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пәндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Яғни, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырмалары көбіне ақпараттық мазмұнда болатындықтан, оқушылар ең жоғары балл жинауға кепілдік алады; жеке басының қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Сонымен қатар, біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептердің де өзекті мәселелері шешімін табады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары.
2.Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
3.Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
4.Керi байланыс
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com›?news=153.
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту əдістері.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 2008. – 72 б.
Блум Б., Леонтьев А.Н. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V- құрал. - Алматы, 2008. – 78 б.
Мередит К., Темпл Ч., Стилл Дж. Сабақтарды жоспарлау жəне бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген VІ-құрал. - Алматы, 2008. – 55 б.