Байланысты: лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология
15. Тақырып Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары.
2.Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
3.Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
4.Керi байланыс
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет – білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт – бағдар беру, ой – өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Осы заманғы әрбір жас маман тек дайын білім жүйесін қабылдап, оны қайталап қолдануға ғана емес, сонымен қатар күрделі стандартты емес мәселелерді шешу үшін қажет болатын шығармашылық қызметті де орындауға әзір болуы керек.
Қазақстанда жоғары білім беру стандарттарын енгізумен қатар, ғылыми негізделген, студент білімін бағалайтын және бақылайтын диагностикалық әділ жүйені ұйымдастыру да – өзекті мәселенің бірі. Басқа сөзбен айтқанда білім беру жүйесінде студент пен оқытушы әрекеті барысында студент білімін әділ бағалау үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Білімді бақылау және бағалаудың әдіснамасын құрып, жалпы қағидаларын анықтау мәселесі – қазіргі таңда оқытушылар арасында қызу талас туғызып отырған мәселенің бірі.
Мұндағы, күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу орындарында қолданылған, білім сапасын бағалайтын жүйе – бес балдық баға шкаласы болды. Мектептерде осы шкала әлі сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сессия уақытында ғана емес, ағымдағы білім деңгейін бақылауда да қолданылды. Аталған мәселені шешу үшін қазір жұмыс жасап жатқан және келешекте жұмыс жасайтын 12 жылдық бейіндік мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу қажеттілігі туындады. Сондықтан жаңа тұрпатты мектептерде жұмыс жасайтын болашақ педагогтар Критериалды баға технологиясын меңгеруі тиіс.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
«Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, немесе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін.
Бағалау – бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым.
Бағалаушы