14. Тақырып: Өзін-өзі бағалау
|
1.Өзін-өзі бағалау.
2.Екі жұлдыз жəне тілек (бірін-бірі бағалау). 3.Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.
|
Ақпараттық
|
1
|
15-ші апта
|
15. Тақырып Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары
|
1.Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары.
2.Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
3.Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
4.Керi байланыс
|
Ақпараттық
|
1
|
Барлық 15 апталық сағат саны
|
Дәріс
|
15
|
№1 Дәріс тақырыбы Оқу жетістігін бағалау жүйесі
Жоспары:
1.Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.
2.Білімалушылардың дайындығын халықаралық зерттеу.
3.Халықаралық аспектегі Қазақстанның нəтижелері.
4.Халықаралық білім кеңістігіндегі оқу нəтижелерін бағалау құралдарына жалпы сипаттама.
Дәрістің мазмұны
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім сапасын басқарудағы негізгі критерий.
Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.
Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.
Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ) (1).
Осы жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты мен де өз жұмыс жасап жүрген сыныптар аралығында оқушылардың білімдерін бағалауды білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептеймін.
Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік компетентіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді.
Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты (2).
Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады. Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет. Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б. Оқытудың әрбір сатысы бойынша анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік оқу жетістіктрін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырылып, бағаланады (Кесте).
Кесте-Оқушылардың оқу жетістіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |