Бекітемін : Келісемін : МӘБ мәжілісінде Атбасар ауданының білім Атбасар аудандық қоғамтану Қаралды: бөлімінің бастығы пәндерінің ӘБ жетекшісі Наимушина Н. Г балгина м кактай К



бет5/6
Дата10.12.2021
өлшемі330,5 Kb.
#78784
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Факультатив жинаg'ы-1 (1)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министірлігінің

2013жылғы «3»сәуір

115 бұйрығымен бекітілген



Мектеп директоры:______________________

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:______________________

Қаратоғай орта мектебі

«Дінтану негіздері»

Жалпы білім беретін орта мектептің

9 «б» класына арналған

Дайындаған:

2013-2014 оқу жылы

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің 
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына     
111-қосымша   

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбы үшін
«Дінтану негіздері» курсынан
типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.


      2. Дінтану пәнінің маңызы, оның қазіргі қоғамдағы алар орны тарихқа, мәдениетке, қоғамның рухани өміріне әсерімен анықталады. Дінтану саласында білім алу жалпы орта білім жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық білім алуының құрамдас бөлігі болып табылады.
      3. Қазақстанның қазіргі саясаты еліміздегі көпэтностық, көпмәдениеттік қоғамда ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен татулықты орнатуға, рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңартылған жүйесін құруға бағытталған.
      4. Дін – кең мағынасында мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамзаттың сан ғасырлық тәжірибесінің рухани көрінісі болып табылады.
      5. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары – әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин ел тарихындағы діни сенімдердің рөлі мен жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы діннің мәнін ашып көрсетті.
      6. Пәнді оқыту мақсаты:
      оқушыларды әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы оқыту, олардың қоғамда алатын орны, діни сенімдерінің еркіндігін, қабілеттерін қалыптастыруға және алған білімдерін өмірде пайдалана алуға, рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде оқушыларды толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру, сонымен қатар экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету.
      7. Оқыту міндеттері:
      1) оқушылардың дін тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету;
      2) діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және гуманистік негіздерін ашу;
      3) толеранттылыққа және қазіргі діни білім мен ағымдарды сын көзімен бағалай алуға тәрбиелеу;
      4) Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді нығайту үшін азаматтық жауапкершілікке баулу;
      5) экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерін қабылдамауға тәрбиелеу;
      6) діни әдебиеттер, электрондық білім және бұқаралық ақпарат құралдар материалдарын сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
      7) құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;
      8) Бағдарламада материалды оқып білуде «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндермен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.
      9) Оқу жүктемесінің көлемі:
      9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет