Күтілетін нәтиже:
Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жауап бере білуге және қорытынды жасай білу қажет. Тарихи оқиғалар бойынша айтылатын түрлі көзқарастарды салыстырып, өздігінше тұжырым жасауы, өз пікірін дәлелдеуі тиіс.
ҚР-ның мемлекттік білім бөлімінің стандарты бойынша, ҰБТ-ға дайындық түрінде дайындалған «Қазақстан тарихынан» факультатив курсы.
Курс бағдарламасының мазмұны
Р/с
|
Бөлімдер
|
Мазмұны
|
сағаты
|
I
|
Кіріспе
|
Қазақстан тас дәуірінде. Еж. Адамдардың археологиялық ескерткіштері. Қазақстан территориясындағы еж. Мемлекттер мен тайпа одақтары.
|
5
|
II
|
Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан
|
Қарахан мем.ті. Дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан, Қыпшақ хандығы, тайпалардың жер аумағы, этникалық құрамы жөнінде мағлұмат беру
|
8
|
III
|
13-15ғғ І жартысындағы Қазақстан
|
Манғол империясының құрылуы, Алтын Орда, Ақ Орда, Әбілхайр хандығы.Эпикалық жырлар, Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.
|
10
|
IV
|
19ғ І жартысындағы Қазақстан
|
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, АҚұнанбаев Қазақстандағы ғылыми ізденістердің дамуы, Қазақ газеті, Мемлекеттік Дума және қазақтар.
|
6
|
V
|
Қорытынды
|
Жеке тұлғалармен жұмыс
|
5
|
Тақырыптық жоспар 11 кл
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
күні
|
1
|
Кіріспе.
|
1
|
6.09
|
2
|
«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы
|
1
|
13.09
|
3
|
С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
|
1
|
20.09
|
4
|
Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
|
1
|
27.09
|
5
|
Исатай мен Махамбет өмірбаяндары. Махамбеттің көтерілске байланысты өлеңдері
|
1
|
4.10
|
6
|
Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы
|
1
|
18.10
|
7
|
ХІХғ 20-30 жылд ұлт-азаттық көтерілістер. Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістер (1825-1836)
|
1
|
25.10
|
8
|
Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс
|
1
|
8.11
|
9
|
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
|
1
|
15.11
|
10
|
Кенесары Қасымұлы
|
1
|
22.11
|
11
|
Көтерілістің басталу себебі мен барысы
|
1
|
29.11
|
12
|
Көтеріліс барысында хандық биліктің қалпына келтірілуі
|
1
|
6.12
|
13
|
Көтерілісшілердің Қоқан және Қырғыз манаптарымен соғысы
|
1
|
13.12
|
14
|
Көтерілістің жеңілі себебі мен тарихи маңызы
|
1
|
20.12
|
15
|
ХІХғ 50 жылд қазақ шаруаларының азаттық күресі. Жанқожа Нұрмүхамед баст ұлт-азаттық көтеріліс
|
1
|
27.11
|
16
|
Көтерілістің жеңілу себептері
|
1
|
10.01
|
17
|
Есет Көтібарұлы
|
1
|
17.01
|
18
|
Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
|
1
|
24.01
|
19
|
Көтеріліс қорытындысы
|
1
|
31.01
|
20
|
1858ж қазақ шаруаларының көтерілісі
|
1
|
7.02
|
21
|
Көтерілістің тарихи маңызы
|
1
|
14.02
|
22
|
1868-70ж Орал, Торғай және Маңғыстау қазақтарының көтерілісі
|
1
|
21.02
|
23
|
Көтерілістің алғышарттары
|
1
|
28.02
|
24
|
Орал, торғай көтерілістері
|
1
|
6.03
|
25
|
1870ж Маңғыстау қазақтарының көтерілісі
|
1
|
13.03
|
26
|
Көтерілістің жеңілу себептері
|
1
|
20.0
3
|
27
|
1916 ж Ұлт-азаттық көтеріліс
|
1
|
3.04
|
28
|
Көтерілістің алғышарттары
|
1
|
10.04.
|
29
|
Торғайдағы көтеріліс
|
1
|
17.04
|
30
|
Амангелді Имановтың рөлі
|
1
|
24.04
|
31
|
Жетісудағы көтеріліс
|
1
|
1.05
|
3233
|
Б,,Әшекеев.Ж. Мәмбетов. Ұ. Саурықов
Қазақ зиялы қауым өкілдернің көзқарасы
|
2
|
8.05-15.05
|
34
|
Тест.
|
1
|
22.05
|
|
Барлығы
|
34
|
|
Мұғалімнің
пайдаланатын әдебиеттері
1. Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында». Алматы, Өнер, 1996ж
2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030». Алматы, 1998ж
3. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы, 2003ж
4.Ч.Мусин «Қазақстан тарихы». Алматы, 2000ж
5.С.Дүйсенов «Нәзір Төреқұлов – кеңес замандығы тұңғыш қазақ
дипломаты/Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы ғылым және білім
беру тәжірибесі, мәселелері және перспективалары.»
6.С.Дүйсенов «Нәзір Төреқұлов – мәмілегер». Қазақ тарихы №5,6
7.«Дипломатия жаршысы» журналы.
8.Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері». Оқу құралы.Алматы,1997ж
9. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш»,
10. «Астана ақшамы», т.б. газет-журналдар.
Оқушылардың пайдаланған әдебиеттері
1.Қазақстан тарихы. «Шың».Алматы.2010-2011 ж.ж
2. 2009-2010 ж.ж. тестер жинағы.
3.Қазақстан тарихынан анықтамалық.
4.6-9 класс қазақстан тарихы оқулықтары
5.С.Дүйсенов «Нәзір Төреқұлов – кеңес замандығы тұңғыш қазақ
дипломаты/Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы ғылым және білім
беру тәжірибесі, мәселелері және перспективалары/.»
6.С.Дүйсенов «Нәзір Төреқұлов – мәмілегер». Қазақ тарихы №5,6
7.«Дипломатия жаршысы» журналы.
8.Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері». Оқу құралы.Алматы,1997ж
9. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш»,
10. «Астана ақшамы», т.б. газет-журналдар.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірлігінің
2013жылғы «3»сәуір
№115бұйрығымен бекітілген
Мектеп директоры:______________________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:______________________
«Алаштану»
Жалпы білім беретін орта мектептің
9 «б» класына арналған
Дайындаған:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
112-қосымша Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбы үшін
«Алаштану» таңдау курсының типтік оқу бағдарламасы 1. Түсінік хат
1. Бағдарлама 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Алаш қозғалысы – қазақ елі тарихының жарқын бір беті, ұлттық рух пен мемлекеттілік идеясының, отандық ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың айқын көрінісі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтандақ» беттері Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда тарихымен тікелей байланысты.
3. Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Білім беру үдерісінде ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар, еңбектер туралы оқушылардың түсінігін, талдау дағдысын қалыптастыру – ел тәуелсіздігі талаптарымен орайласып жатқан көкейкесті міндет.
4. Бағдарлама оқушылардың Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін білу арқылы отаншылдық қабілетін арттыруға бағытталған.
5. Курсты оқыту мақсаты:
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
6. Оқыту міндеттері:
1) жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
2) оқушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
3) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
4) қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы оқушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
5) Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу;
6) оқушылардың «Алаштану» курсы бойынша тарихи үдерістерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
7) оқушылардың алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
8) ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру, тұлғалық әлеуметтену үдерісіне ықпал ету;
9) мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;
10) оқушылардың Алаш тәжірибесіндегі әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысын жетілдіру.
7. Курсты оқытуда мынадай оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асады:
1) «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі; көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелердің болуы; ХХ ғасырдың басы мен 20-30 жылдардағы Қазақстан тарихының күрделі, «тар жол, тайғақ кешу» беттері;
2) «Географиямен»: Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталу кезеңі; Қазақстан территориясында әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілу мерзімдері; Ресей мемлекеттік Думасында, Кеңес өкіметінің бастапқы жылдарында Алаш қайраткерлерінің жартылай көшпелі қазақ шаруашылығын дамытуға байланысты ұстанымдары, тұжырымдамалары;
3) «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиетімен»: ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларды бейнелеген ақын-жазушылардың шығармалары; ХХ ғасырдың басындағы жүйеленген әліпби, емле, жазу реформалары; білім мен ғылым тілінің қалыптасуы, қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралдары.
8. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбында «Алаштану» курсын оқытуда оқытушы мынадай жалпыпедагогикалық қағидаларды ұстануы тиіс:
1) қоғамтану мен тарих пәнін жете меңгеріп, басқа да гуманитарлық пәндерден (әдебиет, тіл, өнер, география т.б. пәнаралық байланыс) қабілетті болу;
2) оқушымен дербес жұмыс істеу үшін оқушылардың қызығушылығын арттыратын, «мамандандыратын» (мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекетшілдік ізденіс тарихы, шығармашылық, мәдениет және т.б.) оқу материалына қосымша элементтерді қосу;
3) оқушыларды нәтижелі және белсенді жұмыс түрлеріне тартатын ізденіс форматтарын (семинар, тренинг, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы, рөлдік ойындар, пікірсайыс, т.б.) тірек ету;
4) деректерді, оқиғаларды, құбылыстарды, тұлғаларды тарихи пайымдау мен бағалауды қалыптастыратын өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |