Жағдаяттық сұрақтар. Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?