«Бекітемін» Абай атындағы рмми директоры Р. Е. Сексенова


ІІ. Байқаудың жұмысшы органы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,01 Kb.
#92396
1   2   3   4
Байланысты:
Байқау ережесі

ІІ. Байқаудың жұмысшы органы
Байқауды үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге асыру үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі– Республикалық комитеті) құрылады.
Республикалық ұйымдастыру комитеті:

  1. байқауға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;

  2. республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесті (бұдан әрі – Ғылыми-әдістемелік кеңес) құрады;

  3. байқаудың Республикалық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;

  4. байқаудың қорытындысын сараптайды және таратады;

  5. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) Байқаудың республикалық кезеңінің жүлдегерлер тізімін бекіту үшін ұсынады.

Ғылыми-әдістемелік кеңес:

  1. байқаудың регламентін жасайды (кезеңдер, айналымдар саны, әр айналым тапсырмаларын орындау уақыты және т.б);

  2. байқаудың барлық кезеңдерін өткізу түрін анықтайды;

  3. байқаудың екінші (облыстық) және үшінші (республикалық) кезеңдерінің тапсырмаларының мазмұнын, оқушылар жұмыстарының бағалау өлшемдерін жасап шығарады;

  4. ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, дұрыстығына, олардың Байқаудың белгілі бір кезеңінің талаптарына сәйкестігіне жауап береді;

  5. байқау өткенге дейін тапсырмалардың құпиялығын қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Байқау қатысушыларының рейтингісін құру үшін қазылар алқасы Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері, танымал тіл және әдебиет саласының мамандары, ақын-жазушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан құралады.
Байқаудың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.
Қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.
Қазылар алқасының құрамына оқушысы Байқауға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.
Байқаудың қазылар алқасы:

  • жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;

  • қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы жағдайларды талқылайды;

  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;

  • байқау қатысушыларымен орындалған тапсырмаларды талқылау мен үйлестіруді өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет