III.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Байқауға қазақ тілінде білім беретін облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11-сынып оқушылары қатысады.
Байқау 3 кезеңде өткізіледі:
1-кезең – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдерінде білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;
2-кезең – облыстық – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері», республикалық білім беру ұйымдарында республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;
3-кезең – республикалық – республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Байқаудың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Байқау екі бағыт бойынша өткізіледі. Бір оқушы бір бағыт бойынша ғана қатысады.