«Бекітемін» Абай атындағы рмми директоры Р. Е. Сексенова


І бағыт. «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,01 Kb.
#92396
1   2   3   4
Байланысты:
Байқау ережесі

І бағыт. «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы

  1. Қатысушыларға Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде бірнеше тақырыптар ұсынылады.

  2. Ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жұмысын жазады.

  3. Эссеге төмендегідей талаптар қойылады:

а) эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі;
ә) Абай шығармаларынан алынған дәйектердің тақырыпқа сай келуі;
б) эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі;
в) тіл көркемдігі;
г) тіл сауаттылығы.


ІІ бағыт. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы
Абай өлеңдерін терең түсіне білу, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, дамыту, интерпретация жасау. Бұл бағыт бойынша сайысқа түскен қатысушы екі кезеңге қатысады:
Бірінші кезеңде өзінің ақынға арнаған өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, видео түрінде жібереді. Өлеңнің word нұсқасын orynbaeva.dg@mail.ru электронды мекен-жайына жібереді. Өлеңге қойылатын талаптардың (идеясы, құрылысы, көркемдігі) сақталуы шарт.
Екінші кезеңде төмендегідей талаптар қойылады:
1.Қатысушылардың электронды мекен-жайынаұйымдастырушылар тарапынан тақырып ұсынылады. Қатысушы ұсынылған тақырып бойынша шығарған өлең мәтінін 1 сағат көлемінде orynbaeva.dg@mail.ru электронды мекен-жайына жібереді.
2. Шығарған өлеңінің идеясы, тақырыбы ақын шығармаларымен үндес және өзектес болу талабы қойылады.
3. Ақын ойларын тарату, негізгі түйінін ұға білу және соған өз өрнегін, өз ойын көркем сабақтастыра алуы шарт.
4. Бағалауда өлеңнің идеясын ұғынуы, ақын тақырыбымен үндестік, өз өрнегі мен көркемдік сипаттары негізге алынады.
Қашықтан өткізілетін«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқаудыңқорытынды кезеңіне тіркелу және қатысуы жөніндегі сұранысты байқаудың өткізілуіне 20 күн қалғанға дейін жіберу қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Митин көшесі, 6 үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8 (727) 3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Әбділдә Айжан Сейсенбайқызы – 8-701-833-35-31. Қосымша сұрақтар бойынша: 8-702-906-30-06, 8-700-133-04-10


IV. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.


V. Қаржыландыру
Байқауды өткізу, жүлдегерлерді марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет