"Бекітемін" Балабақша әдіскері Г.Қуанышбаева



Дата28.01.2018
өлшемі126,89 Kb.
#34291
"Бекітемін"

Балабақша әдіскері

________Г.Қуанышбаева

"30" қазан 2017ж
Тақырыбы: "Армысың, Алтын күз "
Тобы:"Балапан"
Зал іші мерекеге сай безендірілген
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру.

Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу.

Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиеші:

Қарсы алайық бәріміз, 
Жасымыз бен кәріміз. 
Қырдан кепті қыдырып, 
Алтын күз бізге нұр төгіп. 
Тілегім аман болсын ел іргесі, 
Алтын күз қайта келді берекесі. 
Молшылықтың жаршысы бола білді, 
Алтын күз -ырыс, береке, бірлік ала келді. 
Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Балабақша ұжымы! Бүгінгі біздің жылмезгіліндегі ең тамаша " Армысың, Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға "Балапан" тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

(музыка әуенімен ортаға кіреді)


Тәрбиеші:

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.
Ән: "Әуенді қимыл"
Сары ала тон жамылған Ерғанат

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі


Күздің қазан айында Айару

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді


Таза жездей жайнаған Тасқын

Сары бояу айналам

Енді сары бояумен

Күз суретін саламын
Біз кішкентай балдырған, Ляйсан
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Тәрбиеші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік , ойнайық.

Ән: "Күз"
Тәрбиеші:

Ал, балалар , балалар

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.

"Көк майсалы көрікті,алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін"

Бұл не, балақайлар?

Балалар: (Күз)

Жарайсыңдар балалар! Бүгін бізге көптен күткен қонақ келді. Ол !Күз ханшайымы! Қонағымыз тез келсін десек, оны дауыстап шақырайық.


Балалар: "Күз ханшайымы".

(Залға әсем әуенмен, жапырақтар шашып "Күз ханшайымы" кіреді)

Сәлеметсіндер ме, балалар!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: жоқ

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Жиын-терін болатын

Қамбаға астық құятын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Тәрбиеші: Қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз (Балалардың қазақша, орысша,ағылшын тақпақтары )

Көбейді құт береке Нұрасыл

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз
Күзім-ау, күзім-ау! Ясмин

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


Сары алтындай сары күз Әділет

Бірге шырқар әніміз

Жаздай күткен бәріміз

Келді міне алтын күз


Алтын нұрдай тамшылап Нұрлы

Жапырақтар төгіледі

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді


Көктемде егін егетін Мұхаммед

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала


Күз:Өте тамаша балалар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.


Ойын: "Жұбыңды тап"

шарты: музыка ойналып қыздар ортада билейді, музыка тоқтап қалғанда кезде, қолшатырға жұптасып жүгіру керек үлгермей қалған жұп ойыннан шығып қалады.

(Есік қағылып ішке қонаққа саңырауқұлақ келеді).
Саңырауқұлақ: Балалар сәлеметсіздер ме! Мұнда не болып жатыр?
Тәрбиеші: Саңырауқұлақ сәлеметсің бе! бізде күз мерекесі болып жатыр.

Балалар сендер тақпақтар білесіңдер ма? (ия)


Тәрбиеші: Саңырауқұлақ біздің бүлдіршіндер үш тілде тақпақтар біледі. (орыс тілінде)
Листик клёна на ладошку Азиза

Потихонку упадеть

Это осень золотая

По дорожке к нам идет


Осень славная пара Айлин

Любит осень детвора

Груша, слива, виноград

Все паспела для ребят


Что за время года Алмат

Дождик морсит

Это проста осень

В детский сад спешит


Саңырауқұлақ: Тақпақтары керемет екен! Мүмкін балалар ән айта алатын шығар?
Тәрбиеші: Әрине, балаларымыз ән де біледі!

Ән: "Кап-кап"



Саңырауқұлақ:

Бәрін жаттап алғандарың көрініп тұр ал сендер менің жұмбақтарымды шеше аласыңдар ма? (ия)



 

Жұмбақтар

Ағайынды бәрі шықса жасыл түссе қызыл (Жапырақтар)


Аяғынан тік тұрған, Қалпағы бар антұрған (Саңырауқұлақ)
Тырс-тырс тамады, тереземді қағады (Жаңбыр)
Тәрбиеші: Саңырауқұлақ көрдің бе, біздің балалар бәрін біледі.
Саңырауқұлақ: өте тамаша балалар өнерлі екенсіңдер,ой жаңбыр жауып жатыр менің кетуім керек сау болыңдар балалар.
Би: "Қолшатыр"
(Тарсылдаған аяқ жүрісінің дыбыс естіледі). Осы кезде ішке бағбан кіреді.

Бағбан ата: Амансыңдар ма балалар не тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Күз мерекесі.

Ал сендер менің кім екенімді білесіңдер ме? (жоқ)

Мен бау-бағшаны қарайтын күтіп баптайтын күзететін бағбан аталарың боламын.

Мен де күзді өте жақсы көремін өйткені барлық еккен егіндерімізді жиып-теретін науқанының басталатын кез. Не ексең соны орасың деген . Жерді күтсең,қарасаң оның саған берер азығы мол.


Тәрбиеші: Бағбан ата біздің балаларымыздың жемістермен көкөністерге арналған тақпақтарын тыңдап көңіл күйіңізді көтеріп қонақ болуға шақырамыз.
Сәбіз: Азиза

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Әбілмансур

Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Аружан

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Ляйсан

Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.


Қарбыз: Алмат

Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Айлин

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Ерғанат

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Ән: "Күз тамаша"

Бағбан: Мен кәне сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін тауып беріңдерші

1.Көкала кастюм киеді

Күннің көзін сүйеді  ол не? Қарбыз

2.Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады ол не? Пияз

3.Көктемде ақ гүлге оранады

Күзде қызыл доп болып оралады ол не? Алма
Ой жарайсыңдар ал енді менің сендерге алып келген ойным бар.

"Кім шапшаң"

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, ас ішетін қасықпен картопты келесі столға апарып жарысады.


Тәрбиеші : Өте тамаша балалар рахмет сендерге  енді кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Берекесін сыйлауға Алихан

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Алтын, сары, қызыл, көк,  Айзере
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп, 
Көз тартады атырап. 

Астық жеміс жиылды Ернұрхан

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды
Көк аспаның мөлдіреп Кәусарым

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп


Ойын: "Кімнің жапырағы көп"

Ойын шарты: Екі ата-ана қыздарымен шығып жапырақ жапсырады кім жапырақ көп жапсырса сол жеңеді.
Көк майсалы көрікті, Абира
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Күз айлары тамаша,  Айдана
Сабан тойы жараса. 
Жемісін мол сыйлаған, 
Қыркүйек, қазан, қараша, 

Ой, балалар, балалар, Ханшайым
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Жапырақ ұшты Мағжан

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.
Жылы жаққа бағыттап, Дамир

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап,

Жердің төсін құшады.


Көрініс: Тышқан мен торғай

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

         Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

         Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

         Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

         — Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

     Бұған торғай келіспеген соң, тышқан екеуі торғайлар биіне келеді.   Торғайлар биі:

         — Бұл бидай торғайдікі. Себебі торғай егінге түскен барлық арам шөптен тазалаған. Күнде үстінде ұшып жүріп, егінді күзеткен, – дейді.

         Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға барады. Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді.

         Бұған торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.


Ән:"Топ-топ"

(Музыка жүріп жатырғанда мерекеге Жалқаубек келеді,

балаларға менде сендермен бірге мерекеге қатысайыншы).
Тәрбиеші: Балалар бізге жалқаубек келіп тұр, жалқаубек үсті басы лас,жуынбаған біз мерекеге қатыстырамыз ба?
Балалар: жоқ, ол жуынып таза болғанда мерекеге қатыса алады.
Тәрбиеші: Олай болса балабақшада не үйреніп жатқанымызды жалқаубекке көрсетейік (ағылшын тілде тақпақ, бибилеп берейік).
Сприң из грин, Тасқын

Саме из брайт.

Оутум из еллау,

Уинте из уайт.

Итс раннинг найт энд дей, Нұрасыл
Бат неве ранс эуэй.
Би: "Жалқаубек"

Жалқаубек: Ұялғаннан балалардан кешірім сұрап келесіде жуынып таза жүретінін айтып шығып кетеді.
Күз: Балалар, енді меніңде кететтін уақытым болды сендерге күз сыйым бар тәрбиеші апайларың таратып береді, келесі кездескенше сау болыңдар.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы,сізге мың алғыс!Бүгінгі сыйлығыңызға рахмет. Бізге тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.

Тәрбиеші:

Көңілді ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз.

Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы "Армысың ,алтын күз" атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.



Сөз кезегі балабақша меңгерушісі: Тажибаева Асел Сержанқызына беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет