Бекітемін: Балабақша әдіскері: Жанбыршина С. Н ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тобы



Дата14.10.2019
өлшемі20,49 Kb.
#49857
Байланысты:
кундыз машык
Алғашқы сатылымға жеткізетін әрекеттер тізімі
Бекітемін:

Балабақша әдіскері: Жанбыршина С.Н

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тобы: «Айгөлек» I кішілер тобы

Күні:13.06.2019ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Көңілді күн»

Блингвалды компонент: күн - солнце

Мақсаты:

Балаларды жаз мезгілімен таныстыра отырып, ермексазбен күнді мүсіндеуге үйрету.

Саусақ қимылдарын, сөздік қорларын арттыру.

Мүсіндеу сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.



Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру. Сұрақ - жауап. Ойын. Мадақтау.

Көрнекілігі: Ермексаздар, тақтайшалар, суреттер.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

- Қайырлы таң балалар, Бүгін күн қандай керемет, Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.

Біз қандаймыз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Жабырқауды білмейміз.

- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Көңілді күн» деп аталады.

Суретпен жұмыс.

- Балалар, мынасуреткеназараударайықшы. Не көріпотырсыңдар?

- Балалар не істеп жүр?

- Сендер жаз мезгілін жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ойын ойнайсыңдар?

Жұмбақ жасыру.

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады.

(Күн)

Сергіту сәті (бейнеролик)

Балалардың барлығы би қимылдарын бірге орындайды.



Өнер орталығы

Балалардан күнді сипаттауын сұраймын.

Мүсіндеу әдісін түсіндіремін. Балаларға күнді мүсіндеуін ұсынамын.

Қорытындылау.

-Балалар бүгін біз сабағымыздан қандай жаңа ақпараттармен таныстық?

-Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.



Марапаттау.

Машықкер:Манарбекова Қ.М

Бекітемін:

Балабақша әдіскері: Жанбыршина С.Б

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тобы: «Айгөлек» I кішілер тобы

Күні: 14.06.2019ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы: «Гүлдер әлемі»

Блингвалды компонент: гүл - цветок

Мақсаты:

Балаларды жаз мезгілімен, оның ерекшеліктерімен таныстыру.

Балалардың ақыл – ойын дамыту, сөздік қорын байыту, қызығушылықтарын арттыру.

Балаларды қоршаған ортаны таза ұстауға, гүлдерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу



Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру. Сұрақ - жауап. Ойын. Мадақтау.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз – нәзік қыздармыз,

Біз – ержігіт ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін!

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме!



Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?



Балалар:

-Қазір жылдың жаз мезгілі.



Тәрбиеші:

-Жаз мезгілінің үш айы бар. Олар маусым, шілде, тамыз.

- Қазір маусым айы.

Бейнеролик. Табиғат құбылыстары туралы.

Сұрақ – жауап.

Тәрбиеші:

-Балалар бұл бейнероликтен не көрдік?



Балалар:

-Тау, тас, ағаш, су, гүлдер, жануарлар, өсімдіктер.

Тәрбиеші:

-Иә, балалар біздің айналамыздаосы бейнероликтен көргендеріңдей әдемі гүлдер өседі.Біздің балабақшамыздың алдындағы гүлдерді көріп жүрсіңдер ме?



Балалар:

-Иа, көріп жүрміз.



Тәрбиеші:

-Балалар, біз осы гүлдерді аялап күтуіміз керек. Оларды басуға болмайды.



Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалып.

Қанатымды бір қағам

Гүлдей болып жайқалып.

Сурет салу

Балалар алдарына берілген гүлдің суретін өз еріктері бойынша боя

ды.

Тәрбиеші:

-Тамаша, жарайсыңдар балалар! Сендер гүлдерді өте әдемі етіп боядыңдар.



Қорытындылау.

-Балалар бүгін біз сабағымыздан қандай жаңа ақпараттармен таныстық?

-Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.



Марапаттау.

Машықкер: Манарбекова Қ.М

Бекітемін:

Балабақша әдіскері:Жанбыршина С.Б

Еңбек әрекеті

Тақырыбы: «Гүлдерді баптау»

Мақсаты: Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой – қиялын дамыту.

Үлкендерге көмек көрсетуге үйрету.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз.

Әңгімелесу

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамға еңбек ету қажет пе?

-Сендер үйде әкелеріңе, аналарыңа көмектесесіңдерме?

-Балалар, сендердің ата аналарыңа көмектесіп, қол ұшын бергендеріңнің өзі еңбек болып саналады.



Зейін: Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – Еңбек.



Аружан: Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – Еңбек.



Айдина: Гүл отырғызсаң терлеп,

Мұның аты – Еңбек.



Нұркен: Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

-Балалар, сендер үйде ата – аналарына, аға – апаларына гүлдерді, бақшаны суаруға көмектесесіңдер ме?

-Ендеше, балалар біз бүгін балабақша алдындағы гүлдерді, ағаштарды суарамыз..



Жұмыс барысы:

-Балалар біз ең алдымен ыдысымызға су құйып алайық.

Балалардың бәрі кезкепен гүлдерге, ағаштарға су құяды.

Дәйек сөз: Бақыттың кілті – Еңбекте

Мақал – мәтелдер:

Еңбектің наны тәтті, Еңбек етсең ерінбей,

Жалқаудың жаны тәтті. Тояды қарның тіленбей.

Ойын: «Ормандағы аю»

Шарты: Балалар, орманға барып құлпынай тереді, ұйықтап жатқан аюды оятып алады, аю балаларды қуалайды. Балалар, өдерін бақытты сезініп қуанады.

Қорытындылау:

- Балалар, біздер бүгін не істедік?

-Сендерге еңбек еткен ұнадыма?

Еңбектенген адам мұратына жетеді.



Машықкер: Манарбекова Қ.М

Бекітемін:__Балабақша_әдіскері:_Жанбыршина_С.Б__Күннің_бірінші_жартысын_ұйымдастыру__Сәлеметсіздер_ме,_балалар!'>Бекітемін:

Балабақша әдіскері: Жанбыршина С.Б

Күннің бірінші жартысын ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балаларды жылы шыраймен біртіндеп қабылдап алу.



Дидактикалық тапсырмалар орындау.

Тексеру.Тәрбиешіге көмек көрсету.



Ертеңгілік жаттығулар орындау.

Мақсаты: Балаларға ертеңгілік көңіл күй, көтеріңкі сезім сыйлау.

Баланы ептілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Жүру, жүгірудің түрлерін меңгерту.Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету.

1.Жай жүріс

2.Қолымызды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру

3.Қолымыз өкшемен жүру.

4.Аюша қорбаңдап жүру

5.Жыланша ирелеңдеп жүру



Жаттығу түрлері:

І. Жаттығу түрі:«Жоғары төмен қарайық» Б.қ. Аяқтың арасы сәл ашық,

1-алға 2-жоғары 3-жанға 4-төмен



ІІ жаттығу түрі:Б.қ. Аяқтық арасы сәл ашық.

1. «Қайшылау».



ІІІ жаттығу түрі:

«Күнге созылу» Б.қ. Аяқтық арасы сәл ашық.

1.Жалауша артымызда2.Жоғары көтеріп, оңға, солға бұрылу.

ІҮ жаттығу «Жанға иілу»

1. Жалаушаны жанымзға созу 2. Алға иілу, оңға, солға иілу



Таңғы ас.

Гигиеналық шаралар орындау.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі.

«Табиғат аясында» серуен.

Қимылды ойын:«Паравоз»

Мақсаты: Балаларды бірлікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Мазмұны

: Қатар - қатар тұрайық,



Кәне, кәне, сұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы пойыздың

Кімнің, апай, бойы ұзын

Паравозы ол пойыздың?!

Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соныңартынан ұстап тұра бастайды.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да!

Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік

Жүрісті біз гулетіп

Жүрісті біз гулетіп

Гу - гу, гу - гу, гуілдеп

Қалып қойма біріңде

Бекітемін:

Балабақша әдіскері: Жанбыршина С.Б

Спорттық шара

Тақырыбы:«Спорт - сенің серігің!»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.



Барысы:

Тәрбиеші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Балдырған" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен Тәрбиеші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.



Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен секіру.

1."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. "Шебер"

Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3." Кім жылдам?"

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. "Шегірткелер".

Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. "Доппен секіру".

Үрмелі резеңке доппен секіру.



Қорытынды бөлім

Спорт – көркі өмірдің,



Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет