Жүргізуші: Рахмет, балалар, жарайсыңдар. Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатқан сяқты.
(Балалар отырады, есіктің қоңырауы соғылады.).
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонаққа біреу келген сияқты...
(Дональд кіреді)
Дональд: О, Балалар, сәлеметсіңдер ме?! Микки маус, қалың қалай?
Балалар: Сәлеметсіз бе, Дональд?!
Микки маус: О, сәлем, Дональд! Сені келмейтін шығар деп ойласам.
Дональд: Сенін хатыңды алып қуанып қалдым. Микки, бүгін аналар мерекесі ғой қалай келмеймін?! Бірақ достарыма сыйлайтын сыйлығым жоқ. Алуға үлгермедім.
Жүргізуші: Уайымдама, мен бәрін жоспарлап қойдым. Егер балалармен қосылып, ән шырқап, би билеп, ойын ойнасаң, бәрі де болады.
Дональд: Алақай, балалар, Микки билеп, ойнайықшы.
Дональд: Балалар, кәне бәріміз ортаға шығып, Микки маус досыммен бірге биін билейік.
Сендер білесіңдер ғой ол биді. Солай ма?
Балалар: Иә. Білеміз. Билейміз.
Би: «Микки маус»
Жүргізуші: Дональд, біздің балалар қандай өнерлі екенін көрдің бе? Енді аналарына арнаған тақпақтарын дайындап қойған еді. Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен кнім деп.
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп. Айзере
Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді,
Мен үшін анама,
Ешкімде жетпейді. Бейбітхан
Дональд: Енді ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?
Микки, Балалар: Иә, ойнаймыз.
Ойын: «Гүл жинау» ( 2 түрлі гүлді жинау)
Дональд: Рақмет, достарым, сендер қандай ақылды едіңдер, сендерге ризамын!
Дональд: Балалар, осы жинаған гүлдеріңнен мен сендерге сыйлық шығарып берейін. Бәріміз көзімізді жұмып 1,2 деп қолымызды соғайық.
Алақанымыздың сиқырлы дыбысы қандай әдемі сыйлыққа айналдырғанын көресіңдер.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі сыйлықтар пайда болды?
Енді осы сыйлықтарды ұл балаларымыз біздің әсем қыздарымызға табыс етеді. ( ұл балалар сыйлықтарын таратады.)
Достарыңызбен бөлісу: |