Жүргізуші: Балақайларымыздың орындауында ән тыңдаңйыздар.
Ән: «Апатайым»
Әні, сөзі: Б. Жұмабекова
Жүргізуші: Микки, Дональд, сендердің келгендерің қандай жақсы. Балаларға өте қызықты болды, көп рақмет!
Микки: Біздің сендермен қоштасатын уақыт келді. Дональд, екеуіміз қайтайық. Бізді басқа балабақшада күтіп отыр балалар.
Дональд: Жақсы, Микки. Сау болыңдар, балалар!
Балалар : Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, Микки мен Дональд қайтты, біздің мерекеміз де аяқталды. Енді, балалар аналарымызға арнаған сыйлықтарымызды сыйлайық.
Құрметті қонақтар! Әлемдегі өзгермейтін үш нәрсе бар, ол – Ананың ақ сүті, Күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ендеше балапандарыныздың бүгінгі сіздерге арнаған жыр-әндері мәресіне келіп жетті. 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей жайнай берініздер!
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |