Қосымша ескертулер - Сабақтарға қатысу, белсенділік таныту
- Ұсынылған әдебиеттерді оқу
- Үйге берілген тапсырмаларды орындау
- Жеке тапсырмаларды орындау
Назар аударыңыз! Пән бойынша емтиханға жіберу автоматты түрде жүргізіледі:
рұқсат рейтингісінің бағасы, үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау нәтижелері бойынша (екі аттестация бойынша қажетті семестрлік баллдың жалпы саны 25-тен кем болмауы тиіс);
оқу ақысы бойынша қарызы болмаса;
пән бойынша сабақтан қалу 20% аспауы тиіс;
академиялық демалыста немесе академиялық үзілісте болмаса;
медициналық тексеруден мерзумду өтсе.
Емтихан қабылдаушы емтиханға академиялық семестр бойына сабаққа белсенді қатысып, аттестациясы қанағаттанарлық, сабақтан себепсіз қалуы 20% асып, 30% жетпеген студентті жібере алады. Ол үшін кафедрамен және сәйкес институтпен келісілген ескерту хаты белгіленген тәртіпте ТО жіберіледі.
Қорытынды бағалауға (финалдық емтиханға) ағымдық және аралық бақылау нәтижесінде 30 және одан көп балл жинаған студенттер ғана жіберіледі. 30 балдан кем болса финалдық емтиханға жіберілмейді және ондай студенттерге «NP» бағасы қойылады.