Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус


Қосымша №1 Сәтбаев университеті студенттерінің дене даярлығын бағалайтын күзгі семестрдің ағымдық бақылау сынақ мөлшерлері



бет8/8
Дата11.05.2022
өлшемі119,49 Kb.
#142409
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бекітемін «Дене шыны тыру» кафедрасыны ме герушісі Т. С. Иматал
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем) (1), Валеология Реферат, тест ішкі ауру тест, Айгүл патан 10, Б. Баймұратқызы
Қосымша №1


Сәтбаев университеті студенттерінің дене даярлығын бағалайтын күзгі семестрдің ағымдық бақылау сынақ мөлшерлері


Қыздар

Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер

5

4

3

2

1

Орындықтан итеріліп кеудені жерден көтеру (рет саны)

16 және одан көп

15-12

11-9

8-6

5 және одан кем

Секірмекпен екі аяқта секіру
(15 сек)

45-41

40-35

34-30

29-20

19 және одан кем



Жігіттер



Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер

5

4

3

2

1

Еденнен итеріліп кеудені жерден көтеру (рет саны)

40 және одан көп

39-35

34-29

28-21

20 және одан кем

Секірмекпен екі аяқта секіру
(15 сек)

45-41

40-35

34-30

29-20

19 және одан кем



Ескерту: ағзаның бұзылуына байланысты сабақтан босатылған студенттер бақылауды рефератты түрде тапсырады

Қосымша №2


Жоғарғы оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстарының студенттеріне арналған сынақтар мен нормативтердің түрлері (18-23 жастағылар)



Р/с


Бақылау жаттығуы

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

1.

Жүгіру 100 м

сек.

13,0

15,5

13,5

16,0

2.

Жүгіру 2000 м

мин. сек.

-

9.00,0

-

9.50,0

Жүгіру 3000 м

мин. сек.

12.00,0

-

12.30,0

-













3.

Тұрған орнынан ұзындыққа секіру

см.

260

200

245

190

4.

Тартылу

рет саны

17

-

14

-

Арқада жатып кеудесін көтеру

рет саны
мин.

-

50

-

45

5.

Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (әйелдер)
Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ерлер), немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру

мин.
м

24.00,01
1650

17.00,01
1350

25.00,01
1500

18.30,01
1200

6.

Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату

ұпай

42

40

36

33

7.

Жүзу 50 м

сек.

40,0

50,0

45,0

1:00,0

8.

Граната лақтыру:
700 гр (ерлер)
500 гр (әйелдер)

м

42




38










30




24


Қосымша №3


Сәтбаев университеті студенттерінің дене даярлығын бағалайтын күзгі семестрдің қорытынды бақылау сынақ мөлшерлері


Қыздар



Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер

10

8

6

4

2

100 м жүгіру

15.5

16.0

17.0

18.0

19.0

2000 м жүгіру

9.00.0

9.50.0

12.00.0

14.00.0

16.00.0

Тұрған орнынан ұзындыққа секіру, см

200

190

180

170

160

Арқада жатып кеудені көтеру, рет

50

45

40

35

30

Жігіттер



Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер

10

8

6

4

2

100 м жүгіру

13.0

13.5

14.5

15.0

15.5

3000 м жүгіру

12.00.0

12.30.0

14.00.0

15.00.0

16.00.0

Тұрған орнынан ұзындыққа секіру, см

260

245

235

220

210

Тартылу, рет саны

17

14

11

8

5



Ескерту: ағзаның бұзылуына байланысты сабақтан босатылған студенттер бақылауды рефератты түрде тапсырады

Қосымша №4
Сәтбаев университеті студенттерінің дене даярлығын бағалайтын
ағымдық бақылау сынақ мөлшерлері


Қыздар



Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер



5

4

3

2

1

Еденде отырып баскетбол добын бастын артынан лақтыру (3 талпыныс)

8 м

4 м

Секірмекпен екі аяқта секіру
(15 сек)

45-41

40-35

34-30

29-20

19 және одан кем



Жігіттер



Тесттік тапсырма түрлері



Баға (балл)/Нормативтер



5

4

3

2

1

Еденде отырып баскетбол добын бастын артынан лақтыру (3 талпыныс)

10-8 м

6 м

Секірмекпен екі аяқта секіру
(15 сек)

45-41

40-35

34-30

29-20

19 және одан кем

Ескерту: ағзаның бұзылуына байланысты сабақтан босатылған студенттер бақылауды рефератты түрде тапсырады

Қосымша №5


Сәтбаев университеті студенттерінің дене даярлығын бағалайтын көктемгі семестрдің қорытынды бақылау сынақ мөлшерлері


Қыздар



Тесттік тапсырма түрлері

Баға (балл)/Нормативтер

14*, 13

11

7

5

3

«Берпи», рет

20

19-15

14-10

9-6

5-1

«Планка»* (минут/секунд)



2 мин және одан көп



1.30

1.00

40 сек

30 сек және одан аз

«Қайталап жүгіру» 3х10м (сек)

8,00 және төмен

8,6

8,7-9,0

9,1-9,4

9,5-10,0



Жігіттер



Тесттік тапсырма түрлері

Баға (балл)/Нормативтер

14*, 13

11

7

5

3

«Берпи», рет

25

24-20

19-15

14-10

9-4

«Планка»* (минут/секунд)





3 мин және одан көп

2.30

2.00

1.30

1 мин және одан аз

«Қайталап жүгіру» 3х10м (сек)

6,6-6,9

7,0

7,1-7,4

7,5-7,7

7,8-8,0



*Ескерту: максималды 14 балл тек қана «Планка» тесттік тапсырмасы үшін беріледі, қалған тапсырма түрлері (Секірмекпен екі аяқта секіру және «Қайталап жүгіру» 3х10м) максималды 13 баллға бағаланады.
Ескерту: ағзаның бұзылуына байланысты сабақтан босатылған студенттер бақылауды рефератты түрде тапсырады

Қосымша №6
Баскетбол курсынан тапсырмалар
Спорттық ойындар (баскетбол ойынының) әдістерімен жалпы дене дайындығын дамыту, баскетболдан практикалық білім мен дағдылар жүйесін және техника-тактикалық дайындығын меңгеру.
Студент білуі тиіс:

  • әлемдегі баскетболдың шығу мен даму тарихын;

  • баскетбол ойынының ережелерін;

  • баскетболмен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын;

  • ойынның техникасы мен тактикасының классификация принциптерін.

Студент орындай алуы тиіс:
1. Доппен және допсыз қозғалу техникасын
2. Секіру, бұрылу, тоқтау техникаларын
3. Доппен және допсыз қозғалу әдістерін байланыстыру
4. Допты алып жүру техникасын. Допты қозғалыста және бір орында тұрып ұстай білу
5. Допты қозғалыста және бір орында тұрып беру
6. Допты қозғалыста және бір орында алып жүру техникасын
7. Допты екі қолмен лақтыруды, айыппұл добын лақтыру
8. Допты сақиналы торқалтаның астынан және орта қашықтықтан бір қолмен иықтан лақтыру техникасын
9. Допты ұстап алғаннан кейін бір орыннан, тоқтағаннан кейін, бұрылғаннан кейін, орыннан орта және алыс қашықтықтан лақтыру техникасын
10. Тоқтағаннан кейін қозғалыста секіріп, бір және екі аяқпен серпігеннен кейін допты лақтыру техникасын
11. Орын ауыстырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданып допты алып жүру техникасының әдістерін байланыстыруды
12. Екеулеп, үшеулеп әрекеттесіп әртүрлі тәсілдермен допты алып жүруді
13. Қорғаныста орын ауыстыру техникасын
14. Допты қолға түсіру техникасын (қағып алу)
15. Финттар техникасын, түрлі финттарды байланыстыру
16. Қарсыласу және қарсы әрекет ету жағдайында орындалатын түрлі техникаларды байланыстыру
17. Шабуылда доппен және допсыз орындалатын ойыншының жеке тактикалық қимылдары
18. Шабуылда доппен және допсыз орындалатын екі және одан көп ойыншының өзара әрекеттесулерә
19. Қарқынды шабуыл кезінде орындалатын негізгі жаттығулар кешенін.


Қосымша №7


Футбол курсынан тапсырмалар

Спорттық ойындар (мини-футбол ойынының) әдістерімен жалпы дене дайындығын дамыту, мини-футболдан практикалық білім мен дағдылар жүйесін және техника-тактикалық дайындығын меңгеру.




Студент білуі тиіс:

  • әлемдегі футболдың шығу мен даму тарихын;

  • футбол ойынының ережелерін;

  • футболмен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын;

  • ойынның техникасы мен тактикасының классификация принциптерін.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Мини-футболдан өткізілетін матчтарға төрешілік ету негіздерін

  2. Мини-футболдан сабақтарды өткізудің гигиеналық талаптар нормаларын және жаттықтыруға қауіпсіздік техникасына сәйкес дайындалуды

  3. Доппен және допсыз орын ауыстыру техникасын

  4. Допты соғу және тоқтату техникасын

  5. Қақпашының допты ұстау және ойынға қосу техникасын

  6. Ауттан допты лақтырып ойынға қосу техникасын

  7. Допты жамбаспен жонглерлеу

  8. Табанның ішкі жағымен 30 м алып жүру

  9. 6м қашықтықтан қақпаға допты дәлдеп тигізу

  10. Доппен еркін жонглерлеу (рет)


Қосымша №8


Волейбол курсынан тапсырмалар

Спорттық ойындар (волейбол ойынының) әдістерімен жалпы дене дайындығын дамыту, волейболдан практикалық білім мен дағдылар жүйесін және техника-тактикалық дайындығын меңгеру.




Студент білуі тиіс:

  • әлемдегі волейболдың шығу мен даму тарихын;

  • волейбол ойынының ережелерін;

  • волейболмен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын;

  • волейбол ойынының техникасы мен тактикасының классификация принциптерін.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Доппен және допсыз орын ауыстыру техникасын

  2. Жоғарыдан-төменнен допты қабылдау-қайтарып беру техникасын

  3. Орыннан және қозғалыста допты қабылдау-қайтарып беру техникасын

  4. Тор арқылы төменнен және жоғарыдан допты тіке беру техникасын

  5. Орын ауыстырғаннан кейін допты аймақтан аймаққа беру техникасын

  6. Шабуылдау соққы техникасын

  7. Блок жасау техникасы

  8. Аймақтан аймаққа орын ауыстырғаннан кейін жоғарыдан-төменнен допты қабылдау-қайтарып беру техникасын

  9. Шабыуылда алдыңғы сызықтағы ойыншылардың әрекеттесу техникасын

  10. Допты екінші қайтарып беру тактикасы

  11. Қорғаныстағы жеке және топтық әрекеттерді

  12. Шабуылдағы жеке және топтық әрекеттерді



Қосымша №9


Үстел теннисі курсынан тапсырмалар

Спорттық ойындар (үстел теннисі ойынының) әдістерімен жалпы дене дайындығын дамыту, үстел теннисінен практикалық білім мен дағдылар жүйесін және техника-тактикалық дайындығын меңгеру.




Студент білуі тиіс:

  • әлемдегі үстел теннисінің шығу мен даму тарихын;

  • үстел теннисі ойынының ережелерін;

  • үстел теннисімен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын;

  • үстел теннисі ойынының техникасы мен тактикасының классификация принциптерін.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Ракетканы ұстау түрлерінің техникасын және жонглерлеу

  2. Ойында тұру қалыбы техникасы

  3. Оң және сол жағынан тосқауыл қою техникасы

  4. Сол жақтан соққы жасау техникасы

  5. Оң жақтан соққы жасау

  6. Сол жақтан қиялау техникасы

  7. Оң жақтан қиялау

  8. Түрлі айналдырумен допты қосу техникасы

  9. Жақын аймақтан оң жақтан соққы жасау техникасы

  10. Орта аймақтан оң жақтан соққы жасау техникасы

  11. Шабуылдағы ойынның техникасы мен тактикасы

  12. Қорғаныстағы ойынның техникасы мен тактикасы



Қосымша №10


Мас-рестлинг курсынан тапсырмалар

Мас-рестлинг әдістерімен жалпы дене дайындығын дамыту, мас-ресталингтен практикалық білім мен дағдылар жүйесін және техника-тактикалық дайындығын меңгеру.




Студент білуі тиіс:

  • әлемдегі мас-рестлингтің шығу мен даму тарихын;

  • мас-рестлингтің ережелерін;

  • мас-рестлингтпен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын;

  • мас-рестлинг техникасы мен тактикасының классификация принциптерін.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Таяқты ұстаудың техникасы мен тактикасын.

  2. Күн тәртібі. Тамақтану. Жаттығу

  3. Аяқтарды тақтай бойымен сырғи қозғалту техникасы

  4. Жекпе-жекті жүргізу тактикасы

  5. Медболдармен бұлшықеттерді нығайту және күшті дамыту үшін орындалатын жаттығулар

  6. Ауырлатумен ЖДД орындау

  7. Дене және функционалдық дайындықкүштік дайындық, иілгіштікке арналған жаттығулар, бұлшықетке қысқа уақытқа күш түсіруді үйрету

  8. Құрылғыларда орындалатын жаттығулар кешені

  9. Иілгіштікті дамытатын АДД орындау

  10. Қимыл-қозғалыс координациясын дамытатын жаттығулар


Қосымша №11


Қимыл-қозғалыс ұлттық ойындар мен эстафеталар курсы бойынша тапсырмалар

Белсенді қозғалыс дағдыларын дамыту, ағзаны нығайту мен сауықтыру, қуанышты эмоциялы әсерленушілікке оңтайлы жағдай жасау, достық қарым-қатынастың орнауы мен коллективте өзара әрекет ету.




Студент білуі тиіс:

  • қимыл-қозғалыс ұлттық ойындардың шығу мен даму тарихын;

  • қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарының ережелерін;

  • қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарын ойнағанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Күрделі және нақты қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарының техникасын

  2. Ойын барысында және нақты жағдайларда творчестволық әрекетті орындау

  3. Иілгіштікті, шапшаңдықты, жылдамдықты және шыдамдылықты дамыту

  4. Моралдық-еріктік сапаларды дамыту

  5. Қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарын үйренген кезде алынған дағдыларды ойын барысында қолдану



Ойындар:
«Омпы» ойыны
Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы »дейді.Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса беруіне болады. Ара қашықтығы 10-20 адым (қалауларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысы көмбенің тең ортасында белгіленген сызық бойдағы көне екі асықтан тігіңдер.Ортасында бар асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңды көнге тігілген асықтарды түсірулерің омпыға тигізесіңдер, көнедегі барлық асықтарды аласыңдар. Көп асықты ұтып алғандарың жеңіске жетеді.
«Көтермек» ойыны
Ортаға екі ойыншы шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп қолдарын шынтақтастырады. Жүргізушінің белгісінен кейін қайсысы бұрын екіншісін көтеріп алса ұтқан болып есептеледі. Жеңіске жеткен ойыншы ортада қалып, келесі ойыншымен сайысқа түседі. Ойын толық жеңімпазды анықтағанша жалғасады.
«Оқтау тартыс» ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі ойыншы шығады. Алдымен жерге сызық сызылады және сол сызықтың екі жағынан екі ойыншы тұрады. Оқтаудың екі ұшын ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Күші басым болып тартып алған ойыншы жеңіске жетеді.
«Күміс алу» ойыны
Алаңның екі жағына мәре мен сөренің екі сызығын сызады. Алаң бойына көптеген майда тастар (теңгелер) шашылады. Ойыншылар мәре сызығының бойымен дайындалып тұрады. Жүргізушінің белгісінен кейін жігіттер шабады: сөреге қарай атта отырып шапқандай секіріп жүгіреді. Шапқан кезде тоқтамай жолында кездескен «теңгелерді» барынша көбірек іліп алуға тырысады. Көп «теңге» жинаған ойыншы ұтады.
Ойын ережесі: Шабуға тек жүргізушінің белгісімен ғана болады. Бір-біріне кедергі болуға, жолдарына тұрып алуға тыйым салынады. «Теңгені» тоқтамай іліп алуға ғана болады.
«Соқыр теке» ойыны
Орны: Алаң, спорт залы.
Құрал-жабдық: орамал.
Дайындық. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол.
Ойын сипаттамасы. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып жүреді. Ал, соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаған кісіні таныса, оның көзін байлап, соны соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда «Соқыр теке» ойыны әрі қарай жалғаса береді.
Шарттар:
1. Ойыншылар шеңберден шықпаулары тиіс.
2. «Соқыр текеге» аяқ қоюға немесе оны итеруге болмайды.
Педагогикалық мәні. Ойын зейінді және жылдамдықты арттырады. Оған қоса ол өз бетімен жұмыс істеуді, тез шешім қабылдауды және ойлау қабілетін ыдамытады. Ойын қозғалу мен бағдарды өзгертіп жүгіруді, жалтару, бағытты ұстаудағдыларын жетілдіреді.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойынды сабақтың соңында, балалардың зейінін жинақтап, біршама тыныштандыру мақсатымен өткізген дұрыс. Егер топта 40 адам болса, онда оларды 3-4 ойын тобына бөліп, әр топта ойынды өткізген дұрыс.
«Тырау, тырау тырналар» ойыны
Орны: Алаң, спорт залы.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысында ұлдар мен қыздар саны бірдей болу керек. Ойынға ұзындығы 50-60 м, ені 10-20 м алаң таңдалады. Алаңның екі жағынан екі («А» және «Ә») «қалашық» белгіленеді. «А» «қалашығынан» «Ә» «қалашығына» дейінгі аралықта әрбір 10 м арақашықтықта сызық сызылады. Сызықтардың саны ойыншылар санына сәйкес келуі керек. Әр сызықтың үстіне бір ойыншы тұрады.
Ойын сипаттамасы. Төрешінің ысқырығы бойынша «А» «қалашығынан» ойыншыларға қарай екі топ капитандары жүгіреді. Жақын сызықта тұрған ойыншы қолын созып, «тырау-тырау» деп айқайлайды, бірақ сызықтың үстінен кетпейді. Әр ойыншы өз тобының ойыншысына міндетті түрде қолын тигізіп, келесі ойыншыға дейінгі 10 м қашықтықты жүгіріп өтіп, эстафета кезегін қолын-қолға соғу арқылы беру керек.
Жеңімпаз болып ойын ережесін бұзбай, фиништік («Ә») «қалашығына» бірінші болып жеткен топ саналады.
Шарттар:
1. Ойын тек қана төрешінің ысқырығы (белгісі) бойынша басталады.
2. Қателік жіберген топқа айып ұпайлары беріледі.
3. Жеңімпаз болып фиништік «қалашыққа» бірінші болып жеткен, айып тартпаған, немесе айып пұлдары аз топ саналады.
Педагогикалық мәні. Бұл ойында балалар ұйымшылдыққа, бір коллективте бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, себебі ойын жеңіске жету үшін ойыншылардан ұйымшылдықты талап етеді. Ойын эстафеталық жүгіріске дайындауда да үлкен әсерін тигізеді. Ойыншыларда жылдамдық пен шапшаңдықты жетілдіреді. Ойын барысында балалар өз әрекеттерін топ мүшелерімен талқылап, келісімге келуді үйренеді.
Ойындағы келісілген қимыл-әрекеттер балаларда достық сезімінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Ойындағы негізгі қимыл түрі – эстафеталық жүгіріс.
Әдістемелік нұсқаулар. «Тырау, тырау тырналар» ойыны құрылымы жағынан күрделі, сондықтан ойынның сипаттамасын балаларға ауызша ғана түсіндіріп қоймай, оларды сапқа тұрғызып, кейбір қимылдарын көрсетіп түсіндірген дұрыс. Бұл ойында міндетті түрде төреші тағайындалу керек. Ол ойыншылардың қателіктерін бақылап, оларға кеңес беріп, көмектеседі. Ойын барысында ойыншылардың жіберген қателіктері үнемі түзетіліп отыруы міндетті. Ойындағы күрделі қимыл элементінің орын алуына байланысты, ойынды 6-8 сыныптардан бастап өткізуге болады. Ойын тобында ойыншылар саны көп болса, топты екіге бөліп, әр топта ойынды өткізген дұрыс.
«Ала күшiк» ойыны
Орны: Алаң, зал.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Жеребе бойынша ойыншылардың біреуі «ала күшік» болып тағайындалады.
Ойын сипаттамасы. Жүргізушінің белгісі бойынша «күшік» ойыншыларды қуып ұстай бастайды. Кімді «күшік» ұстаса, сол «ала күшік» болады да ойынды жалғастырады. Ойын белгіленген уақытқа дейін өткізіледі.
Шарттар:
1. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша басталады және аяқталады.
2. Ойыншыларды ұстағанда тек қана қолдың ұшын тигізіп қою керек.
Педагогикалық мәні. Ойын жүгіру жылдамдығын, тез ойлап шешімге келуді және бақылағыштықты жақсартады.
Ойындағы қимылдың негізгі түрі – жалтарумен жүгіру.
Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойын әр түрлі жастағы балалармен, түрлі сынып оқушыларымен өткізіледі. Егер ойын тобында ойыншылар саны көп болса, онда оларды 2-3 топшаға бөліп, әрқайсысында ойын жүргізген дұрыс болып саналады.
«Орамал тастау» ойыны
Орны: Алаңқай, спорт залы, кең бөлме, аула.
Құрал-жабдық: орамал немесе сүлгі.
Дайындық. Ойынға қатысушыларға тұрақты шек қойылмайды. 10-нен 20-ға дейін кісі қатыса береді. Ойыншылар екі топқа бөлініп, ара қашықтығы 23-30 м жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады.
Ойын сипаттамасы. Ойынның әділ қазысы кез келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады. Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды (сүлгіні) елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сөйтеді де, өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған ойыншы сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен (сүлгімен) ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады, үлгере алмаса, өзі сол жақта қалып қояды.
Шарттар:
1. Саптың басынын аяғына дейін үш реттен артық жүруге тыйым салынады.
2. Орамалды шетке лақтыруға болмайды, оны тек ойыншының аяғының жанына лақтырады.
3. Қателерге айып-пұл ұпайлар саналады.
4. 10-13 минутта тұтқындалған ойыншылар саны басым және қателері аз немесе мүлде жоқ команда жеңімпаз болып саналады.
Педагогикалық мәні. Ойын жүгіруді тәрбиелеуде маңызы үлкен, ойыншылардан түрлі әрекеттерге назар бөлулерін талап етеді, қимыл координацияларын және ептіліктерін жақсартады. Ойындағы қозғалыстың басым түрі – қысқа қашықтыққа шұғыл жүгіру болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулар. Жүргізуші топтардағы ұлдар мен қызддар топтарын теңдей етіп бөлуі керек.
Әділқазы ойын барысында «қамауға» алынған ойыншылар саны мен топтардың айып ұпайларын ойын соңында жеңімпазды анықтау үшін жазып отыруы керек.
«Тау менiкi» ойыны
Орны: Алаңша, зал.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Ойыншылар екі бірдей топқа бөлінеді. Алаңшаның немесе залдың ортасында диаметрі 5-7 метрдей шеңбер сызылады. Жеребе бойынша бір топ «жаулаушылар», екіншісі – «қорғанушылар» болып екіге бөлінеді. Шеңбер – қамал.
Ойын сипаттамасы. Жүргізушінің белгісі бойынша «жаулаушылар» тобы күштеп вшеңбердің ішіне кірмекші болады, ал «қорғанушылар» тобы оларды кіргізбеуге тырысады.
Шарттар:
1. Тек қана келесі күштілік тәсіл қолдануға болады: «қарсыласты» көтеріп, шеңберге кіру.
2. Басқа тәсілдерді қолданып, «қарсыласты» лақтыруға болмайды.
Педагогикалық мәні. Ойын күшті, шапшаңдықты және төзімділіктің дамып, жетілуіне ықпалын тигізеді. Ойындағы қимылдың негізгі түрі – күрес.
Әдістемелік нұсқаулар. Белгіленген уақыттан кейін топтардың рөлдерін ауыстыру керек. Жеңімпаз болып шеңберінде ойыншылар саны басым топ аталады.
«Секіріп ойнау» ойыны
Орны: Алаң, спорттық зал.
Құрал-жабдық: рулетка, бор.
Дайындық: жерде мәре сызығы сызылады. Ойынға қатысатындар екі командаға бөлініп мәре сызығынан екі колоннаға тұрады. Команда капитандары тағайындалады.
Ойын сипаттамасы. Команда капитандары мәре сызығына бір ойыншыдан жібереді. Ойыншылар сызыққа тұрып екі аяқпен бір орыннан секіреді.
Секірушінің табаны түскен жерді сызып алады. Секірген ойыншылар орындарына тұрады. Басқа ойыншылар шығып, алдыңғы ойыншылардың табандарымен өлшенген сызықтан бастап секіреді т.с.с. Алыс секіріп, сөреге бірінші жеткен команда жеңімпаз атанады.
Ережелер.
1. Бір орыннан секіргенде сызықтан асуға болмайды, егер асып кетсе, қайта секіреді.
2. Егер секіріп құласа, мәре сызығына жақын табанының ізі бойынша сызылады.
3. Секіруге команданың әр мүшесі міндетті түрде қатысуы керек.
4. Ойыншылар мәре сызығына кезек бойынша немесе капитанның қалауы бойынша шыға алады, бірақ, әрқайсысы тек бір рет қана секіре алады.
«Картоп»
Орны: алаң, спортзал.
Құрал-жабдық: волейбол добы
Дайындық: Ойыншылар дөңгелене тұрады.
Ойын сипаттамасы: Ойыншылар допты бір-біріне лақтырады, бірақ қолдарына ұстап алмай оны екі қолмен қағып басқа ойыншыға береді. Міндет: допты әуеде барынша ұзақ ұшыру. Допты жерге түсіріп алған ойыншы ортаға жүресінен отырады («бақшада»), сонымен ол «картоп» атанады, қалған ойыншылар допты қайта ойынға қосады.
Біраз уақыттан кейін «бақша» толады. Алайда, «картоп» басынан ұшып келе жатқан допқа қолын тигізе алса, қайта тұрған ойыншыларға қосыла алады. Бірақ, толық бойымен ортада «картоп» тұра алмайды, тек қана оңтайлы уақытты күтіп отырады.
Егер бір «картоп» допты ұстай алса, «бақшада» отырған «картоптардың» барлығы тұрып допты лақтыруға қосылады, ал допты жіберіп алған ойыншы олардың орнына «бақшаға» отырады.
Егер де ойыншылар «бақшада» отырған «картоптардың» бірін орталарына қайтарып алғылары келсе, сол ойыншының арқасынан доппен ұрады. Қатты тигізуге болмайды. Доп арқасына тисе, орталарына қайтып келеді. Егер де доп тимей жерге түсіп қалса ұрған ойыншы да «бақшадан» өз орнын табады. «Картопқа» жерден допты көтеріп алуға болмайды. Ойыншылардың саны 8-ден асса ойын қызық өтеді.

Құралмен және құралсыз эстафеталар сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өткізіледі.



Қосымша №12


Фитнес курсы бойынша тапсырмалар

Ағзаның жүрек-қан тамыр жүйесінің дайындығын, иілгіштікті, бұлшықет шыдамдылығын, күшті, қимылдың координациясын, реакцияны, жылдамдықты дамыту.




Студент білуі тиіс:

  • фитнеспен шұғылданғанда гигиеналық талаптарын және қауіпсіздік техникасын.



Студент орындай алуы тиіс:

  1. Степ-аэробика – арнайы степ-платформаны қолданумен орындалатын аэробиканың бір түрі. Сол платформаға немесе платформаның үстінен әртүрлі бағытта қадам жасау мен секіруді байланыстырып орындайтын базалық қимылдардан құралады.

  2. Калланетика – бұлшықетті созумен кезектестіретін йоганың асандарынан және статикалық жүктемелерден құралған жаттығулардан тұрады

  3. Кроссфит




Силлабус
Сәтбаев Университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет