Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттік тұрғыда аталып өткен жыл?
Тақтадан берілген сұрақтарға жауап береді «Байланысқан сұрақтар »
1.Қазақтың халық болып қалыптасу үрдісін 150-200
жылға кешеуілдетті?
2. Моңғол шапқыншылығы қай ғасырда болды?
3. ХІІІ ғасырға дейін бостандық сүйгіш “ еркін адамдар”
деген мағынада қолданылып келген сөз?
4. Қазақ атауының орнына кейбір шежірелерде
қолданылған атау?
5. Алаш сөзін жиі кездестіретін аңыз қалай аталады?
6. Алаша хан аңызындағы Қотанбайдың үш ұлы Алашаны хан көтеріп, өздеріне алған енші ?
7. Үш жүзден құралған хандық қалай аталады?
Дескриптор:
Өткен тақырыптарды анықтайды
Сұрақтардың дұрыс жауаптарын шешеді
Қалыптастыру бағалау: «Қол шапалақтау»
«Байланысқан сұрақтар »әдісін алған себебім, бұл әдісте білімгерлер өткен тақырыпты қайтадан еске түсіре отырып,бүгінгі сабақ тақырыбын ашады. Бұл сабақтастықты дамытуға үлкен көмек деп түсінемін
Бастапқы білімді естеріңізге түсіріңіздер және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер Сұрақ қою арқылы тақтаға көрнекіліктерді ілу және топ аттарын белгілеу
Қазақ хандығының негізі болып табылатын мемлекет?
Қазақ хандығының қалыптасуы қай мемлекеттердегі тарихи оқиғаларға байланысты болды?
Жәнібек ханның баласы?
Қазақ хандығында ұзақ билікте отырған хан?
Хақназардың кегін қайтарған Шығай ханның баласы?
Бұқар хандығымен күрес жүргізген хан?
Тарихи диктант
Ақ Орда - ..................аумағында ........... кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы ................. өзенінің орта ағысы бойына орналасқан ............... қаласы болды. Ақ Орданың аумағы ................ ханның екі баласы ............. мен .............. хандардың жерін қамтыды. Ақ Орда ............... өзенінен .............. ойпатына дейінгі, Сырдарияның ...................... және ................... ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.
.......... ғасырдың екінші ширегінен бастап Ақ Орда ............... біржола бөліне бастайды.
............. жылдардың өзінде мемлекеттің астанасы ................. бір жылдың ішінде ............ хан ауысады. Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы ............. хан билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш-қуатын нығайтады.