2.2 Пән/модульдің саясаты .. Оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген.
Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың
жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.
Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.
2.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Ағзадағы негізгі молекулалық - генетикалық және клеткалық механизмдерді меңгерту, сол білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдануы
2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
ДНҚ-технологиялар бойынша кәсіптік тәжірибе алу, жоғары технологиялық молекулалық генетикалық лабораторияларда жұмыс істеуді үйрену;
трансгенді ағзаларды алу әдістері туралы білім алу, биотехнологияны медицинада қолдану;
кең таралған ауруларды тиімді анықтау (диагностика), алдын алу және емдеу мақсатында адам ағзасының қалыпты тіршілігінің және патологияларының дамуының молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролін ұғынуды қалыптастыру;
кейбір жиі кездесетін тұқым қуалаушылық ауруларды дер кезінде анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету;
ғылыми әдебиетпен және электронды базамен жұмыс істей білуді үйрету;