«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет19/22
Дата04.11.2022
өлшемі79,16 Kb.
#156546
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
medicinalyk biologiya zhne genetika negizderi

2.15. Силлабус бойынша глоссарий:
Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.
Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.
Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.
Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.
Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..
Оқытудың кредиттік жүйесі-оқу үрдісін регламенттеу және кредит түрінде білім көлемін есепке алу аясында білім траекториясын таңдау, дараландыру негізінде білімді өздігінен білім алу, шығармашылық меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Пререквизиттер - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажетті пәндер, дағдылар мен білімдер жиынтығы.
Постреквизиттер – меңгерілген білімді пайдалана алатын пәндер тізімі.
Рейтингтік баға - әр тоқсан немесе жарты жылдықтың соңында, кредиттер санына қарай жылына 2-4 рет қойылатын білімгерлердің оқу жетістіктерін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет