Бекітемін: Еңбекші ауылдық клубының басшысы Б. Габдулов 2022 жыл Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – үлгі, өнегем, ұлағатым»



бет1/4
Дата10.10.2024
өлшемі32,34 Kb.
#206066
түріСценарий
  1   2   3   4
Байланысты:
Ұстаздар күні сценарий


Бекітемін:
Еңбекші ауылдық клубының басшысы ___________________ Б.Габдулов
« »______________ 2022 жыл


Ұстаздар күніне арналған
«Ұстаз – үлгі, өнегем, ұлағатым» атты мерекелік шараның сценарийі

Өтетін орны: Еңбекші ауылдық клубы.


Өтетін күні: 4 қазан 2022 жыл.
Өтетін уақыты: сағат 17:00-де.
Жүргізуші: Ернар Қабиев, Самал Зинурова
(1)
(Композиция, оқушылардың барлығы сахнаға шығып дайын тұру керек)
ФАНФАР
Жүргізуші ЖІГІТ: (выход 1)
Армысыздар, Еңбекші жалпы орта мектебінің ардақты ардагер ұстаздары, мәртебелі меймандар, білікті де білімді шәкірттерді тәрбиелейтін асыл ұстаздар, жәнеде кеш қонақтары!
Жүргізуші ҚЫЗ:
Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Жүргізуші ЖІГІТ:
Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Осынау айтулы мерекеге арналған «Ұстаз – үлгі, өнегем, ұлағатым» атты мерекелік шарамызға
БІРГЕ
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Жүргізуші ЖІГІТ:
Ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.


Жүргізуші ҚЫЗ:
Шынымен де, мен де осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
(Трибуна әкелу керек)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет