27. Стационарға 2 курс студенті іштің ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға, дене температурасының жоғарылауына шағымданып түсті. Тамақ жегеннен кейін 6 сағаттан соң іш өтуі тоқтап,құсу сезімі басылмайды. Құсу 1 күнде 3 ретке дейін болғандығын айтады.
Тапсырма:Құсық кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз
28. 30 жастағы ер адам, хирургия бөлімінің қабылдау бөлімшесіне перитонит белгілерімен келіп түсті. 9 сағат бұрын биіктіктен жерге құлағаны анықталды, содан кейін қасаға үстінде ауру сезімі пайда болған, ауру сезімі горизонтальды қалыпта күшейген. Өз еркімен зәр шығара алмайды.