1. Пульмонологиялық бөлімшеде оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы диагнозымен 35 жастағы С. есімді пациент жатыр. Дене қызуының күрт жоғарылауына, әлсіздікке, терең тыныс алу кезінде кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, жөтелге, ентігуге шағымданады. Үйде ыстықты түсіретін препараттар қабылдаған, бірақ жағдайы тез нашарлайды.