«бекітемін» Әдістемелік бөлім меңгерушісі Молдраймова С. Т


Құзыреттіліктер бойынша пәннің оқыту нәтижелері



бет3/63
Дата25.12.2021
өлшемі297,13 Kb.
#104953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
amanova dinara orazalievna (1)

Құзыреттіліктер бойынша пәннің оқыту нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студент келесі құзыреттіліктерге ие болады

Жоспарланған оқу нәтижелері

Кәсіби құзыреттіліктер:

1-КҚ


Клиникалық мейіргерлік іс: емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.

1.1-КҚ


Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздік деңгейінің түрлі технологияларын қолданады, оларды сын тұрғысынан бағалайды және күтпеген және тез өзгеретін жағдайларға, сондай-ақ дағдарыс және дау жағдайларына бейімдейді.

1.2-КҚ


Клиникалық дағдылар мен білімдер: операциялық процедуралардың және дәлелді мейіргерлік басшылықтардың (стандарттардың) стандарттарына сәйкес қауіпсіз және емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең ауқымын меңгерген. денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және жеке адамдарға, отбасыларға және топтарға медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асырады.

1.3-КҚ


Емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтім: заманауи теориялық және клиникалық білімдерді қолданып, мейіргерлік күтімдегі қажеттіліктерді дербес анықтайды, сондай-ақ емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтім жоспарын әзірлейді; емделушімен бірге оның отбасының пікірін ескеріп, шешім қабылдайды; жеке тұлғаға бағытталған емделушіге орталықтандырылған кіріктірілген мейіргерлік күтімді көрсетіп, емдеудің нәтижесіне негіз жасай отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, келесі күтім бойынша кеңестер ұсынады.

1.4-КҚ


Мейіргерлік істі құжаттандыру: қажетті компьютерлік технологияны қолданып, мейіргерлер жіктемесінің жүйесі және электрондық медициналық жазбалар жүйелемесі негізінде мейіргерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттамаға мониторинг және талдама жасайды.

4-КҚ.


Денсаулықты нығайту: салауатты өмір салтына ықпал етудің әдістері мен стратегияларының және жеке/ отбасылық/ көпшілік деңгейлерде дербес күтім жасаудың кең ауқымын меңгерген.

4.1-КҚ


Салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтудың тәртіптік стратегиялары: денсаулықты жақсарту үшін өмір салтына ықпал ету және жеке тұлғалардың және олардың отбасыларының дербес күтім жасауын ынталандыру арқылы жеке / отбасылық/ қоғамдық деңгейлерде тиімді тәртіптік стратегияларды қолданады.

4.2-КҚ


Әлеуметтік маңызды ауруларды басқару: қауіп және қорғаныс факторларын айқындайды, жеке /отбасылық/ көпшілік деңгейлерде алдын алу әрекеттерін жоспарлайды, осындай әрекеттердің тиімділігін бағалайды.

4.3-КҚ


Денсаулықты нығайту саласындағы саясат: қоғам деңгейінде денсаулықты нығайту саласында түрлі стратегиялар мен саясатты жүргізуді жылжытуға қатысады.

5-КҚ.


Оқыту және басшылық: мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.

5.1-КҚ


Клиникалық контекстте емделушіні /клиентті/ отбасын оқыту: денсаулықты сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін индивидумның / топтың/ отбасының жеке ресурстарын және олардың қажеттіліктерін анықтайды. оқытудың жоспарын әзірлейді, жоспарға сай емделушіні олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін дербес мейіргерлік күтімді орындауға оқытады, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.

5.2-КҚ


Үйретуші әдістер мен материалдар: емделушілердің қажеттіліктеріне сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жеке даралығына ықпал етіп, оқытудың және басшылықтың әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; үйретуші шаралардың тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде емделушіге /клиентке/ отбасына арналған оқу-ақпараттық материалдар әзірлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет