Байланысты: 12 n rma ambet n. мухамбеткадырова 3,6 5 анатомия, физиология және патология
Патологиялық анатомия және физиология пәні аурудың пайда болуы,
өтуі және аяқталуының заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік жағдайларын қамтып көрсететін біртұтас ғылым. Патологияның негізделетін басты пәндері патологиялық физилология және патологиялық анатомия.
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым.
Медициналық оқу бағдарламасы мынадай үлгімен құрастырылған, бастапқыда қалыпты ағзаның қызметі мен құрылысын қарастыратын пәндер оқытылады (қалыпты анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология), сосын ауру ағзаның қызметі мен құрылысы туралы мағлұматтарды студентке беру үшін құралатын талаптары бар пәндер оқытылады. Осымен оны тікелей клиникаға әкеледі. Бұндай талапты патологиялық анатомия мен патологиялық физиология орындайды.
Патологиялық физиология аурудың шығу тегінің, дамуының, ақыр соңының негізгі заңдылықтарын оқытады. Қазіргі уақытта сырқаттың мыңдаған түрлі нозологиялық формалары қарастырылған. Практикалық дәрігер бір сырқатты басқа сырқаттан ажыратуға, дұрыс диагноз қоюға және рационалды ем тағайындауға тырысады. Патофизиология жекеден тыс жүреді, көптеген аурулар тобын сипаттайтын жалпыны табуға тырысады. Патологиялық физиологияның соңғы мақсатыауру дамитын заңдарды ашу болып табылады. Осымен байланысты патологиялық физиология философиямен тығыз байланысқа кіреді, өйткені, ауру заңдарын ашу материалистік диалектика заңдарының негізінде қаланады.
Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Олардын айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиологиялық патологиялық анатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады. Бірақ патанатомия зерттеу үшін өліктен алынған материалдарды пайдаланады. Қазіргі жағдайда ауруды тексеру үшін патанатомия биопсия (bios —өмір, тіршілік, opsis— ќарау) жиірек қолданылады. Осы әдістерді қолдана отырып, патанатомия ағзаның немесе тіннің құбылыс өзгерістерін, кеселдің белгілі бір даму сатысында ғана зерттей алады. Бұл әдістермен патанатомдар аурудыњ өзгерістерін даму сатыларында тексере алмайды. Ал, патофизиология болса, ол бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмніњ қызметтердің дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады және зертеу әдістерінде патоморфологиялық тәсілдердіњ кеселдің кез-келген сатысында қолдана алады.
Егер патологиялық анатомия науқастыњ ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыњғайлы мүмкіншілік.
Патологиялық физиология - адам және жануардың ауру ағзасының тіршілік әрекеті, яғни ауру ағзаның физиологиясы туралы ғылым. Патологиялық физиология ауыруға, ауруалды, ауруға және сауығуға тұрақтылықтың механизмі мен табиғатын көрсететін ғылым.
Патологиялық физиологияның зерттейтін заты ауру кезінде клеткалардың, мүшелердің және толық ағзалардың функциялар бұзылыстарының жалпы заңдылықтарын оқыту болып табылады.