2. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу. Көлік қызметтер нарығы өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындарының коммерциялық қызметінің либерализациясымен анықталады. Бұл жағдай авиакомпаниялардың, автомобиль көлігінің, кеме порттарының іс-әрекетімен түсіндіріледі. Көлік қызметтер нарығындағы бәсеке әртүрлі көлік түрлері арасында ғана емес, сонымен қатар көлік фирмалары арасында да байқалады. Мұндай бәсекелі жағдайда маркетинг стратегиясы үшін тарифтердің икемді жүйесі маңызды роль атқарады. Көлік қызметтеріне тарифтерді белгілеудің ерекшеліктері:
Көлік қызметтеріне тарифтер класстық тарифтерді, бап бойынша тарифтерді, аралас тарифтерді қамтиды. Көлік қызметтеріне тарифтердің өзгеруіне ықпал ететін факторлар: