«Бекітемін» Экономика және басқару


Агроөнеркәсіп кещені және оның салалары



бет57/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
2. Агроөнеркәсіп кещені және оның салалары.
Агроөнеркәсіп кешені – бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сақтау,өңдеу, тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешені уш салны қамтиды:

  1. Ауыл шаруашылығына өндіріс құрал-жабдығының өндірісі

  2. Ауыл шаруашылығы

  3. Дайын өнімді өңдеу мен өткізу

Агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасу негізін агроөнеркәсіптік интеграция құрайды.
Агроөнеркәсіптік интеграция – ауыл шаруашылығында қызмет жасайтын және оның өнімін тұтынушыға жеткізетін, ауыл шаруашылығы процесінің аралас салаларын қосу.
Агроөнеркәсіптік интеграция өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, маманданудың нәтижесі болып табылады. Интеграциялық процестің сипатына жеке салалар ерекшелігі барынша әсер етеді – ауыл шарушылығы кәсіпорынының мамандануы, осы территория шеңберінде ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың жиынтығы. Барлық ел масштабында және ірі аймақтарда агроөнеркәсіптік интеграция ауыл шаруашылығы сала аралық байланыстарды нығайтуға, агроөнеркәсіп кешенінің салалық пен аймақтық қалыптасуыда жүзеге асады. Қ.Р-да мынадай кешендер қалыптасты:

  • Батыс Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы және егін шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуге негізделген

  • Оңтүстік Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, жүзім шарушылығы өндірісіне негізделген

  • Солтүстік Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол аса дамымаған өнеркәсіп жеңіл және тамақ өңдеуне негізделген

  • Шығыс Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуге негізделген

Қазақстан Республикасының аграрлы-өнеркәсіп кешенінің дамуына 1991 жылы ақпанда қабылданған «Ауыл, село және аграрлы-өнеркәсіп кешенінің басымдықтары» туралы Заңының мәні зор. Ауыл шаруашылығы капиталды ең көп жұмсайтын салалардың қатарына жатады. Жаңа техниканы сатып алуға байланысты шығындар дамыған елдердегі жер бағасының жоғары болуы жұмысты жаңадан бастаған фермерге тосқауылдар қояды. Қ.Р.-да жаңадан бастаған фермер алдында да қиындықтар аз емес. Мысалы, Қ.Р. шаруашылық қожалықтарында жүргізілген зерттеулердің көрсетуінше, өз тракторы, комбайны және жерге дән себу-егу техникасымен фермерлердің 41% ғана қамтамасыз етілген. Мемлкет фермерлердің ақшалай табысын кепілденген баға жүйесі арқылы қолдайды және ол негізінен ұзақ мерзімге сақталған тауарларға кең тарайды. Сондай-ақ мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттауды субсидиялайды. Жыл сайын бюджеттің шығындары тек қана ауыл шаруашылығы министірлігі бойынша 25-тен 35 миллиард доллар арасында болып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет