«Бекітемін» Экономика және басқару


Сыртқы сауда субъектілері



бет59/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Сыртқы сауда субъектілері:

  • Микродеңгейде: сыртқы экономикалық операцияларды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар

  • Макродеңгейде: әлем елдері, трансұлттық корпорациялар, көпұлттық корпорациялар, аймақтық интеграциялық бірлестіктер, әртүрлі елдердің аймақтары.

Сыртқы сауда объектілеріне тауарлар мен қызметтер жатады. Сыртқы саудада сатылатын және сатылмайтын тауарлар ажыратылады. Сатылатын тауарлар – бұл әртүрлі елдер араында қозғалатын тауарлар, олардың бағасы ішкі және әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып келеді. Сатылмайтын тауарлар - әртүрлі елдер арасында қозғалмайтын, яғни бір ғана елде өндіріліп, тұтынылатын тауарлар, олардың бағасы отандық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.
Сыртқы сауданың формалары:
1. Халықаралық тауарлар саудасы – елдердің өзара экономикалық байланысын көрсететін және халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдердің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы.
2. Халықаралық қызметтер саудасы - әртүрлі елдердің сатушылары мен сатып алушылары арасындағы қызметтерді айырбастау бойынша әлемдік шаруашылық байланыстарының ерекше формасы.
Сыртқы саудада тауар ағымдарының екі бағыты пайда болады:
1) экспорт
2) импорт.
Сыртқы сауданың құрылымы:

  1. Тауарлық құрылымы әлемдік экспорттағы тауар топтарының арақатынасын құрайды. Бүгінгі таңда әлемде 20 млн.нан астам өндірістік және тұтыну мақсатында өндірілетін тауар түрлері және 600 жуық қызмет көрсету түрлері бар.

  2. Географияық құрылымы бұл жеке елдер немесе ел топтарының арасындағы тауар ағымдарының бөлінуі.

Сыртқы саудаға мемлекеттің араласу масштабына байланысты протекционизм сауда саясатын және еркін сауда саясатын ажыратады.
Протекционизм – сауда саясатының тарифтік және тарифтік емес құралдарын пайдалану арқылы шетел бәсекесінен отандық нарықты қорғауға мақсатталған мемлекеттік саясат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет