«Бекітемін» Экономика және басқару


Тақырып 11. Жер нарығындағы баға белгілеу



бет46/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Тақырып 11. Жер нарығындағы баға белгілеу.
1. Жер нарығының ерекшеліктері
2. Жер нарығында баға белгілеу жағдайлары.


1. Жер нарығының ерекшеліктері
Жер нарығы дегеніміз жерді сату, сатып алу, жалдау бойынша мүдделі тараптар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі. Жерді өндіріс факторы ретінде талдау оның табиғатын, мәнін, ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік береді. Жердің өндіріс факторы ретінде ерекшеліктері:

1995 жылы 25-ші желтоқсанда қабылданған ҚР-ның «Жер туралы» заңында жерді иеленудің және қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 10 жылы ішінде жер ресурстары саласындағы қайта құру жаңа жер құрылысын қалыптастыруды, атап айтқанда:

  • жерге мемлекеттік монополия жойылып, колхоздар мен совхоздардың жері азаматтардын пайдасы үшін бөлінді;

  • жер пайдаланудың ақылы болуы;

  • жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу және мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды қалыптастыру.

1998 жылдан бастап Агенттік Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заң жобасының жаңа редакциясын дайындады. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүкілхалықтық талқылаудан кейін, 2001 жылдың 24 каңтарында «Жер туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша, жоспарланған шараларды орындауда республиканың жерге орналастыру қызметі мынадай жұмыстарды аяқтады:

  • жер үлесін нақты дербестендіру;

  • шаруа (фермерлік) қожалықтары жер учаскелерінің шекараларын техникалық жағынан ресімдеу;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2000-2003 жылдарда Қазақстан Республикасының жерін құқықтык қамту Бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру шаралары басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет