1. Сабаққа қатысу
Магистрант сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Магистрант сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Магистранттардың білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Магистранттардың білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |