Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме?
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күніміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің ай аттарын білесіңдер ме?
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білемізбе?.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Жарайсыңдар, балалар.
Сендер апта аттарын білесіңдер ме?
Міне ,балалар біз есімізге біраз үйренген білімдерімізді түсірдік.
Тосын сый:
Ханшайым:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ханшайым:
- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.
Тәрбиеші:
- Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?
Тәрбиеші:
- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.
Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:
Тәрбиеші:
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады .
Тәрбиеші:
- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)
Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту
Сергету:
- Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық
Тәрбиеші:
- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.
|
Сәлеметсізбе?
Күз мезгілі
Иа
Гимн,Ту, Елтаңба
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасында тұрамыз
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Дүйенбі сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма,Сенбі,Жексенбі
Балалар амандасады.
Барамыз
Үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, Домалақ, Жұлдызша. Целиндир, Ромб.
Балалар назарын аударады.
Дидактикалық ойындар ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
|