6-лабораториялық жұмыс. Импульстің сақталу заңын зерттеу
7-лабораториялық жұмыс. FRM-06 Обербек маятнигі арқылы қатты дененің айналмалы қозғалысының заңдарын зерттеу
7.1. Керекті құралдар мен жабдықтар: FRM-06 құралы, FRM-15 миллисекундомері.
7.2. Жұмыстың мақсаты: FRM-06 құралдың көмегімен айналмалы қозғалыста болатын дененің инерция моментін анықтау.
7.3. Құралдың жұмыс істеу принципі. Құралдың жұмыс істеу принципі қатты дененің айналмалы қозғалысының динамика заңдарын экспериментті түрде зерттеуге негізделген. Құралдың маятнигі крест тәріздес болып келетін инерциялық доңғалақ. Доңғалаққа бекітілген өзара перпендикуляр орналасқан төрт стержень бойымен жүктерді жылжытып отыруға болады.
Доңғалақтың горизонталь осіне екі сатылы диск орнатылған, оған жіп оралады. Жіптің бір ұшында жүк бар. Жүк төмен түскенде жіп тарқатылады, сол кезде крест бір қалыпты айналмалы қозғалысқа келеді. Маятниктің айналмалы қозғалысының бұрыштық үдеуі стержень бойындағы жүктермен айналым осіне дейінгі аралық өзгеріп тұрған жағдайда системаның инерция моментіне байланысты. Бұл жерде система деп отырғанымыз айналмалы қозғалыста болатын ұшында жүктері бар крест тәріздес маятникпен жоғарыдан төмен бір қалыпты үдемелі түзу сызықты қозғалыс жасайтын жіптің ұшындағы жүктер болады.
Неғұрлым системаның инерция моменті үлкен шама болса, соғұрлым маятниктің бұрыштық үдеуі аз болады. Бұл айтылғанға айналмалы қозғалыстың динамикасының негізгі заңы дәлел болады.
M=Іž (1)
мұнда M - системаға әсер ететін күштердің моменті;
І - маятниктің айналмалы осіне қатысты системаның инерция
моменті;
- айналмалы қозғалыста болатын дененің бұрыштық үдеуі.
(1) - теңдеуден
Достарыңызбен бөлісу: |