2-лабораториялық жұмыс. Тікелей өлшеулердің дәлдігін бағалау
2.1. Керекті құралдар мен жабдықтар: сызғыш, штангенциркуль, микрометр, әртүрлі диаметрлі сымдар.
2.2. Жұмыстың мақсаты: микрометр мен штангенциркульдің көмегімен сымдардың диаметрін өлшеу және өлшеулердің дәлдігін бағалау.
2.4. Жұмыстың қысқаша теориясы
2.4.1. Кез келген физикалық шаманы өлшеу дегеніміз оны өлшеу бірлігі ретінде қабылданған, өзімен бір текті басқа бір шамамен салыстыру (эталонмен).
Мысалы: ұзындық бірлігіне метр алынды делік, сонда кез келген дененің ұзындығын өлшеу үшін, біз сол дененің бойына метр неше рет орналасатынын анықтауымыз керек. Таңдап алынған эталонмен салыстыру арқылы жүргізілген өлшеуді тікелей өлшеу дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |