Оқушылардың іс-әрекеті: Топтағы оқушылар жаңа тақырыпты қарастырып, бірге отырып талқылап, түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, ізденеді. Топтар бір-бірін бағалау «Бас бармақ»арқылы жүргізіледі.
«Ой қозғау» Мақсаты: өмірмен байланысты алгоритм құрайды, мысал келтіреді. Шартты тексеру операторын бағдарлама құруда қолданады.
(Д)1 тапсырма:оқушылар егер, онда, әйтпесе көмекші сөздер арқылы өмірге байланысты алгоритм құрайды.
Дескриптор: Оқушылар берілген көмекші сөздерге байланысты алгоритмге мысал келтіреді.
Берілген сөздердің ішінен бір көмекші сөзге ғана мысал келтіреді.
Оқушы егер, онда, әйтпесе көмекші сөздер арқылы толық мысал келтіреді.
(Д)2 тапсырма:72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесін тауып, блок-схемасын сыз.
Басы
21-ді қос
75-ті алып таста
Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста
Нәтижені жарияла
Соңы
Дескриптор: Алгоритмнің нәтижесін дұрыс табады.
Блок-схемасын сызады.
Нәтижесін дұрыс тауып, блок-схемасын дұрыс сызады.