«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет33/33
Дата06.02.2022
өлшемі112,12 Kb.
#74274
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
«Бекітемін» Ыр ыз №2 орта мектебіні директоры Е. Т. Б лкембае

іс-шаралар жоспары ІІ маусым



Күндері

Уақыты

Іс-шара жоспары

Жұмыс түрлері

Жауапты

Бейсенбі 18.06
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Балаларды лагерьге қабылдау. ІІ ауысымның ашылуы.
4. Оқушыларды лагерьге топтың атымен, әнімен, ұранымен, таныстыру.
5. Күн тәртібі. Әңгіме

Салтанатты жиын
Топтың атын таныстыру.
Әңгімелеу

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж

Жұма 19.06
«Айналайын.абайла!»

08.30-12.00

1.Қабылдау
2 Психологиялық жаттығулар.
3. «Айналайын, абайла
4.Таза ауада ойындар өткізу.

Тренингтер
Жол және оның элементтері, жодда жүру тәртіптері, ескерту белгілері.

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Сенбі 20.06
Тазалықты сүйеміз

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.  «Тазалықты сүйеміз» 4. Бейнетаспадан мультфильмдер көру.
5. Ертегілер оқу.

Жаттығулар
Әңгімелеу
Интербелсенді тақта тамашалау
Мәнерлеп оқу

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж
Ортымова Ж

Дүйсенбі 22.06
Қазақ хандығының ұлы адамдары

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Тренинг «Жұмыр қылыш»
4. Интеллектуалдық ойын

Жаттығулар
Тренинг
Интеллектуалдық ойындар

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Сейсенбі 23.06
Ақ күмбезді Астанам

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.«Ақ күмбезді Астанам» суретшілер сайысы
4.  Медбикемен кездесу. «Жұқпалы аурулар» әңгіме
5.Ұлттық ойындар (жарыс)

Жаттығулар
Суреттеу
Әңгімелеу
Жарыстар

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж
Ортымова Ж

Сәрсенбі 24.06
Құстар –біздің досымыз

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.«Құстар–біздің досымыз» тақырыбында сурет салу.
4. «Жайлау қандай тамаша» атты тақырыпта өлеңдер сайысы.
5.Наубайханаға саяхат.
6.Еңбекшілер дисанты

сурет салу.
Өлеңдер сайысы
саяхат

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Бейсенбі 25.06
Сенің –туып өскен жерің

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.«Сенің туып өскен жерің»
4.Мектеп ауласындағы гүлдерге күтім жасау.

өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
топсеруен



Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Жұма 26.06
Қожанасыр қоржыны

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Топтарда Қоханасыр әңгімелерін оқу.
4.«Күлдір-бүлдір »суреттерін бейнелеу.

Жаттығулар
Әңгімелер оқу
Суреттер бейнелеу

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Сенбі 27.06
Табиғат бұрышындағы тіршілік

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Табиғат бұрышындағы тіршілік
4.Сөзжұмбақ, ребус,
5.«Ән шырқайық бәріміз».

Жаттығулар
Ермексаздан кірпі жасау.
логикалық жаттығуларды шешу.
Көңілді әндер сайысы.

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Дүйсенбі 29.06
Сұрақтар мен жауаптар

08.30-12.00

1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.Тест.
4. Логикалық ойындар.
5. Қмиылды ойындар

Гимнастика.
Сұрақтарға ауызша жауап беру
Есептер шығару.
Секіртпемен тебу.

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Сейсенбі 30.06
Ертегілер еліне саяхат

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Ертегілер еліне саяхат
4 «Тұмауды алдын-алу»
5. Көңілді ойындар ойнату.

Жаттығулар
Көріністер көрсету
Әңгімелеу
ойындар

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж
Ортымова Ж

Сәрсенбі 01.07.
Кітаптар қонаққа шақырады.

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулары
3 Кітапханашымен кездесу. «Кітап -адамның досы» ертеңгілігі.
4 Достық туралы. «Екі дос» әңгіме
5 Спорттық ойындар.

Жаттығулар
Кітапханаға саяхат
Әңгімелеу
Спорттық ойындар

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Бейсенбі 02.07
Мен-чемпион көңілді жарыс

08.30-12.00

1.Қабылдау
2.Бой жазу жаттығулар
3.Спорттық жарыстар

Жаттығулар
Ойындар

Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Жұма 03.07
«Лаула,достық оты» жабылу салтанаты.

08.30-12.00

1.Қабылдау
2. «Әрқашан күн сөнбесін!» тілек бұрышын жасақтау.
3. «Лаула,достық оты»атты мерекелік іс-шарасы.

Жаттығулар
Салтанатты жиын
Марапаттау



Қонақбаева А.К
Канапина Б.Б
Тулебаева М.Ж



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.А.Айтмағанбетова
Аға тәлімгер: Ә.Н.Картанов
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің басшысы: А.К.Қонақбаева




«Күншуақ» лагерінің ІІ ауысымының ашылу салтанаты

Мақсаты: 1.Оқушылардың бос уақытын қызықты әсерлі ұыймдастыру.
2. өнегелі дарынды, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу
3. тапқырлықтарын, белсенділіктерін дамыту
Көрнектілігі: шарлар, жалаушылар, гулдер.
Қазақстан Республикасының рәміздері
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Топ сап түзеп, тік тұр
2.Топ басшылары рапорт беруге дайындалсын
3.ҚР Мемлекеттік Туы жиынға енгізілген 
4.ҚР Мемлекеттік әнұран орындалады

Жүргізуші:
Уа, халайық бүгін Ырғыз орыс орта мектепте «Күншуақ » лагерінің салтанатты ашылуы өтеді. Жыл бойы біліммен тәрбиені меңгерген, озық ойлы өрендеріміз енді жаз бойы демалып, шынығып, қызықты да мерекелі күндерін осы лагерде жалғастырмақшы .
Жүргізуші:Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ұстаздар және оқушылар !
Бүгінгі мектеп жанынан ашылып отырған «Күншуақ » жазғы демалыс лагеріне қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бәлкембаев Ерік Тарғынұлына беріледі.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар
Хор: «Күншуақ» ұраны
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді 
------------------------------------------------------------------------------------------------- әні. 
Қабыл алыңыздар!
Би билейік қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
«Орыс биі». 
Әдеби-монтаж
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген
«Өзбек» биі. Орындайтын: ------------------------------------------------------------
Жүргізуші:Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
« Атамекен » әні. Орындайтын: -------------------------------------------------------------------
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Ән: «-----------------------------------». Орындайтын:-----------------------------------------------
Ертегіден қойылым. -----------------------------------------------------------------------------------
Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
Хор: «---------------------------------------------»
Жүргізуші

Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Қара жорға» биі.
Өнерлі жастарды қошеметпен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.
«Ақ мамам»әні. Орындайтын: ---------------------------------------------
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқы, тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Би «------------------------------------------------------------------»
Жүргізуші: Орман , тау қызығын
Бірге жырласын
Сәбидің арманың
Әлем тындасын
Лагерь біздің көңілді
Жырлаймыз шаттық өмірді
Ән: Лагерь жыры
Ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айтмағанбетова Кенжегүл Амангелдинаға беріледі.
ҚР Мемлекеттік Туы жиыннан шығаарылсын.
ҚР Мемелекеттік Әнұраны орындалады.
Осымен бүгінгі жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
(Балаларға тәттілер тарату.)
Күні: 19.06.
Тақырыбы:Айналайын, абайла!
Мақсаты: оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету, жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Көрнекілігі: көше ретінде (бағдаршам, жол жолағы) безендірілген орын, жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Кіріспе: Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. - Енді жолда жүру ережелеріне байланысты не білеміз есімізге түсірейік.(Тақтамен жұмыс жүргізіледі)
ІІ. Жол белгілермсен таныстыру.
(Оқушылар тақпақтарын айтады)
ІІІ. Суреттермен жұмыс
Қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?

  • Бағдаршам

  • Дұрыс

  • Көше тәртібін реттеуші кім?

  • Сақшы

  • Жарайсыңдар!

1 - оқушы. Жолдан тек жаяу адамдарға арналған "ақ жолақ" арқылы өту керек.
2 - оқушы. Транспорттың артына жабысу қауіпті
3 - оқушы. бағдаршамның жасыл көзі жанған кезде өту керек.
Жұмбақ шешу:
1. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
(жол)
2. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайғын үш көзі бар бірақ та.
(бағдаршам)
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ,
Май жейді,
Су ішеді.
(машина)
Ән: "Әрқашан күн сөнбесін".
Мұғалім: Міне, біз мектебімізге келдік. Не білдік, балалар?
Оқушылар: Жол жүру ережесін, көше тәртібін, белгілерді үйрендік.
Қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы сабақты бекіту.
Күні:20.06.
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.
Мақсаты: оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,тазалықтың пайдасын ұқтыру. Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,суреттер,
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме,балалар. Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр,біз өз ойымызды,өнерімізді ортаға салайық.
1.Психологиялық кезең:
Білмегенді білейік,
Бірге ойнап жүрейік.
Әрқашан да амандық,
Баршаңызға тілейік.
2.Сөзжұмбақты шешу.
-Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады.Сөзжұмбақты шеше отырып, «Тазалықты сүйеміз» атты тақырыбымызды бастаймыз.
3. -Тазалық туралы айтқанда,ойымызға не келеді?
«Тазалық» сөзін топтастыру. Ауызша талдау.
4. –Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз. /осы кезде есік қағып,бір оқушы сынып оқушыларына хат әкеледі/.
-Балалар, Кірқоймас бізге не жазыпты,танысайық... /хатпен танысу/
Есік қағылып,Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.
5. Кірқоймас: Тазаланып тұру керек,
Ерте мен кеш жас бала.
Кір-кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят,масқара!
Мыналар менің көмекшілерім. Аттарын атаңдаршы /сабын, тарақ, орамал/. Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесіңдер ме?
6. Жұмбақ шешу.
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. /Сабын/
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. /Су/
Жуынып болғанында,
Жүреді қолдарында. /Орамал/
Қалтамда жатыр,тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар. /Тарақ/
7. Осы кезде үсті басы кір,ұқыпсыз,салақ бала кіреді.
-Ха,ха-ха! Мынау келген кімдер?Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар? Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге, партаны сызуға,құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар? Оқушылар жауабы.
-Жарайды, менімен дос болғыларың келмесе, күштеріңді сынап көрейін, кім менімен күш сынасады? Менің күшім сендерден көп?
-Ой-ой,қолымды ауырттың ғой.
8. Ойындар ойнау. «Күш сынасу», «Арқан тарту», «Аджимания» жасауды көрсету.
9. Кірқоймас: Ой,оңбаған, кір-кір неме,
Көрінбе,әрі,көзіме.
Тап қазанның түп күйесі,
Қарашы өзің-өзіңе.
Мойның мынау,толған батпақ,
Бұл не деген масқара!
Мұрның асты сатпақ-сатпақ,
Қолың көсеу,қап-қара!
10.Мұғалім: -Бұл бала туралы не айтамыз?
-Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?
1.Анау бала, бетін қара,
Кір-қожалақ, қап-қара.
2.Тырнағы өскен,
Шашы көптен,
Алынбаған масқара!
3.Оның аты-Сабалақ,
Әдеті бар жаман-ақ.
Киімі кір қожалақ,
Көрген емес тазалап.
11.Мұғалім: Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі тамашалайық.
12.Оқушы: Оқулықтар,неге осыншама түрлерің жаман,өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?
Оқулық: Иә,ауырып тұрмыз,жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.
Оқушы: Иә,жағдайларың белгілі болып тұр. Сендер салақ,ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар –ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.
Оқулық:Иә,сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.
Оқушы:Жүріңдер,мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын. Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім.Екеуі де қатты ауырып тұр.
Дәрігер: Кел, Қазақ тілі тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың:су тиген,содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозың:кір қолмен ұстаған,кір майдың іздері түскен,беттеріңді бүктеген.
«Математика» оқулығы, кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозың:сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп,беттері шашылып қалған. Екінші диагнозың:беттерді шимайлаған. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін,емханада жатып емделесіңдер.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
13.Мұғалім: Бұл оқулықтарды қандай оқушы ұстаған?
14.Салақ бала: /ұялып,төмен қарап/
-Жусам бәрін түк қалдырмай,
Салтақтарын бетімнің.
Ұқыпты әрі таза болып,
Шықсам деймін Кірқоймастың, балалардың көңілінен. /кетеді/
15.Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?
-Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?
1оқушы: Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Тоңбайды аяз, боранда,
Салқын суға үйренген.
2 оқушы:Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап,су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
3 оқушы: Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке- тамыр жүйесі.
4 оқушы: Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,
Тазарсын аула ауасы.
Таза ауа мен таза аула,
Тазалықтың дауасы.
5оқушы: Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырап.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
6 оқушы:Қол жиі ластанар,
Сондықтан істің әрі.
Соңында қолды жу,
Жояды кірді су.
7 оқушы: Сынып іші айнадай,
Шаң мен тозаң ұшпайды.
Үзілісте жинаймыз,
Кіршіксіз қып ұстаймыз.
8 оқушы: «Басты байлық-денсаулық»
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан,балақай!
16.Ән. «Болайықшы осындай»
17.Есік қағып бір бала кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар,денсаулықтарың мықты болып өсесіңдер. Қане,бәріміз жаттығу жасайықшы.
18.Салақ бала кіреді.
–Балалар,Кірқоймас қараңдаршы. Мен жуындым,тарандым,үстімді тазаладым. Менде сендермен бірге жаттығу жасайыншы. Сергіту сәті.
Би билеу: «Қара жорға» бәрі.
18. Кірқоймас: Міне,балалар,біз сендермен таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар. Барлықтарың таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сендерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп,тазалықтарыңды бақылап жүремін. Егер араларыңнан кір,салақ жүретін оқушы шыға қалса, маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйлесемін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық мүшелігінен шығарамыз. Осыған келісеміз бе,балалар? Ал,сау болыңдар!
19.Мұғалім:Балалар, Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қоғамына мүшелікке алды. Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім-кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді. Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа денсаулықпен бірге барайық.
20.Би. Қазақша. Қыздар билейді.
21.Ән. «Дос болайық бәріміз» хормен.
22.Бәрі: Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
23. Қорытындылау.
Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдарың қалай? Оқуларың жақсы ма? Балалар, денсаулықтарың жақсы болу үшін үнемі таза болып жүрулерің керек. Шаштарыңды тарап, тырнақтарыңды алып отыру керек, киімдеріңді де ұқыпты ұстау керек. Сонда денсаулықтарың жақсы болып,сабаққа деген күш-қуаттарың көп болады. Мен сендерді ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушылар болады деген сенімдемін.
Сау болыңдар.
«Күншуақ» лагеріндегі демалушы оқушыларға Кірқоймастан.


Күні: 22.06.
Тақырыбы:Қазақ хандығының ұлы адамдары

Күні:23.06.
Тақырыбы: Ақ күмбезді -Астана. 
Мақсаты: 
1. Республиканың бас қаласы – Астана жайында ұғым беріп, қаланың көрікті жерлерімен таныстыру. 
2. Өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. 
3. Қаланың күн сайын көркеюі жайындағы ұғымдарын, ой-өрісін, тілін, танымдық қабілеттерін дамыту. 
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар. 
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру, топтастыру, мадақтау, 
сұрақ-жауап, «ББҮ» стратегиясы. 
Сабақтың түрі: саяхат. 
Сабақтың барысы: 
1. Психологиялық ахуал. 
Күннен алып шуақты. 
Жерден алып қуатты. 
Алақандар ашылып. 
Жылуларын таратып, 
Жылулары жүрекке 
Моншақтай болып асылды. 
Сол моншақтар әлемге, 
Шаттық болып шашылды. 
Сәлеметсің бе, аспан ата! 
Сәлеметсің бе, жер ана! 
Сәлеметсің бе, барша табиғат! 
Сәлеметсің бе достарым! 
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 
Ендеше, бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін. 
2. Ауа райын сұрау, белгілеу. 
- Жылдың қай мезгілі? 
- Жаз айларын ата. 
- Жаз айларында қандай мерекелер бар? 
Бәйшешек гүлін теру. Ойыны 
Өткенді пысықтауға арналған тапсырмалар: 
- Біздің Отанымыз қалай аталады? 
- Біздің Республикамыздың Президенті кім? 
- Еліміздің Рәміздерін кім біледі? 
- Еліміздің астанасы қай қала? 
- Отан туралы мақал-мәтел, таппақтар. 
Жұмбақтар шешу. 
-Балалар, бүгін біз сендермен бір үлкен қалаға саяхатқа шығамыз. Қай қалаға баратыңымызды білу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешімін табыңдар. 
Сергіту сәті: 
Топпен жұмыс (Топтастырып, сызба арқылы көрсету). 
I - топ «Бәйтерек» Астана қандай қала? 
Бәйтерекке сәйкестіріп сызып көрсету. 
II – топ «Ханшатыр» Астана қаласын таза ұстау үшін не істейсіңдер? 
Күнге сәйкестіріп сызып көрсету. 
III – топ «Пирамида» Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керексендер қандай өз үлестеріңді қосар едіңдер? 
Гүлге сәйкестіріп сызып көрсету. 
(фишкаларды санау) 
Ал енді үйге қайту үшін ән айтайық 
Хор: «Астана» 
Балалар сендерге саяхат ұнады ма? 
Жақсы, ендеше көңіл-күйімізді алдарыңдағы дөңгелекшеге салайық. 
Қорытындылау: Біз сендермен еліміздің бас қаласы Астананы көріп тамашаладық. Сау болыңыздар.


Күні: 24.06
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты
:А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Жүрісі:
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім Ертегілер елінде
4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар.. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
2 - жүргізуші
Сіздерді «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
1 - оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 - оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4 - оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
5 - оқушы.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6 - оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан


Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
3 - бөлім «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)
4 - бөлім «Халық болжамдары»
1 - жүргізуші
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6 - бөлім Қорытынды
 



Күні: 25.06
Тақырыбы: Сенің –туып өскен жерің.
Мақсаты:
Оқушылар өздігінен жұмыс істеуге, туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Логикалық ойлау қабілетін және өзін-өзі бақылауды үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын өзіме аударып, сыныпты үшке бөліп отырғызамын.

  1. “Қабілет” тобы

  2. “Дарын” тобы

  3. “Білім” тобы

(Әр топтың білімділігін, іскерлігін, қабілетін, тапқырлығын алған жалаушалар саны арқылы анықтап отыру)

  1. Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.

1-топ: т, о, н, а Отан - Родина
е, т, к, е, м, п мектеп - школа
2-топ: й, б, д, и, а бидай - пшено
е, ж, р жер - земля
3-топ: с, а, н, а, т, а Астана - Астана
к, н, ү күн - солнце


Ғажайып үштік.
Үш топ өздерінің қалаған сандарын таңдап алып, берілген сұрақтарға жауап береді.
1-топ:
1. Қазақтың тұңғыш президенті кім?
2. “Дегелеңдегі жарылыс” әңгімесін кім жазған?
Басты кейіпкері кім?
3. “Отан” өлеңін жатқа айт.
2-топ:
1. Оңтүстік Қазақтан облысында өсетін жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.
2. “Бақшада” әңгімесінің авторы кім? Осы әңгімеде қандай көкөністер туралы айтылады.
3. “Туған жер” өлеңін жатқа айт.



  1. Кім жылдам ойыны.

1-топ. 2-топ 3-топ
1. Кітап 1. Мектеп 1. Жылқы
2. Сырдария 2. Сызғыш 2. Қазыбек
3. А. Құнанбаев 3. Аққу 3. Қаңтар
4. Күз 4. Шымкент 4. Ә. Молдағалиев
5. Күшіңе сенбе, 5. Ақ тай ақ па, 5. Үй үстінде алтын тас,
Біліміңе сен. Қара тай ақ па. Алайын десен табылмас.
6. Орындық 6. Текемет 6. Қаламсап
7. Қой 7. Жаңбыр 7. Жел



  1. Оймен жұмыс істеу.

1-топ:
Шымкент қаласы туралы шағын әңгіме жаз.
2-топ:
“Қыс” мезгіліне байланысты сурет салу.
3-топ:
“Туған жер” туралы өлең жаз.
(бір шумақ)
Қорытындылау:Оқушылардың жұмыстарын мадақтау.

Күні:26.06
Тақырыбы: Қожанасыр қоржыны
Мақсаты : Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты күтіп ұстауға баулу,
балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі : Кітаптар көрмесі, «Қазақ тілі», «Математика», «Орыс тілі» оқулықтарының нұсқалары, кітап туралы жазылған плакаттар, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат, тәтті нан, « Қожанасыр» қоржыны.
Барысы:
а/ ұйымдастыру ;
« Қожанасырдың » қоржынын келтіру :
/ сырттан қолында қоржыны бар бір оқушы сыныпқа кіреді /
1-ші бала : - Апай! Қожанасыр атай менен қоржынын беріп жіберді,ішінде тапсырмалары бар.Қазір өзі де келеді. «Мені күтпей, қоржындағы тапсырмаларды орындай берсін» деді.
Қоржында ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкалар бо-лады. Бастаушы дауыстап оқиды. / демалушылар қайталап, жатқа оқиды /
2-ші бала : - Білім-- біздің шамшырағымыз, кітап-ұстазымыз.
3-шы бала : - Кітап – ақылыңды қуаттандыратын құрал.
4-ші бала : - Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап.
5-ші бала : - Кітапсыз үй – жансыз дене.
6-шы бала : - Кітап - асып-таспайтын адал досымыз.
7-шы бала : - Кітап – ғажап дос.Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.
8-ші бала : - Кітап – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді
сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.
Көрініс:Қожанасыр әңгімелер
Қорытындылау:
Бастаушы – мұғалім:
Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты! Көп оқысаң, көп білесің...
Өзім пісірген тәтті нанымды үлестіріп, тәтті нанның дәмі сендердің кітапқа деген құштарлықтарыңды арттырсын деген ниетімді білдіремін.
. Балалар оқулық, оқу құралдары туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтады, жұмбақтар шешеді. Жаңа оқу жылында кітаптарын күтіп ұстауға уәде береді.
Қожанасырдың өлеңі хормен орындалады.



Күні: 27.06
Тақырыбы. Табиғат бұрышындағы тіршілік
Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Барысы: сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы
Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
Топтарға сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін талдау
Қорытынды:Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру – парыз .Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!
«Атамекен» әні орындалады
Күні:29.06
Тақырыбы: Сұрақтар мен жауаптар
Мақсаты: Оқушылардың Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: интербелсенді тақта
Әдісі: сайыс
Ұйымдастыру:
Оқушыларды екі топқа бөлу
Жас ұландар
Жас қырандар
Сайысымыздың шарттары:
ІОймаржан
ІІ Гүл теру
ІІІ Сырлы жұмбақ
ІУ Капитандар сайысы
Тапсырмалар
Сағат, Жарас, Қала сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Ертіс.
Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған. Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
Сырлы жұмбақ сайысы.
1. Құстар ұшады қайда? (Аспан)
2. Адамды тамақтандырады? (Қасық)
3. Ұшады? (Құс)
4. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
5. Қанаты бар, алысқа ұшпайды? (Тауық)
6. Машина тұрады қайда? (А
7. Бұлттан бөлініп жерге түседі? (Жаңбыр)
8. Адамды жылатады? (Пияз)
9. Машина жүреді? (Бензин)
10. Ұйықтап жатып көресің? (Түс)
11. Жерде жорғалайды? (Жылан)
12. Ақ қауырсынды не? (Аққу)
Капитандар сайысы
1. Ш. Уәлиханов кім? (Ғалым, саяхатшы)
2. Дәріхана сөзінің түбірі? (Дәрі)
3. Бақ, құбыр, бидай, көбелек сөздеріндегі ортақ дыбыс? (Б)
4. Қандай әріптер сөз басында айтылмайды? (ң, ъ, ь)
5. Жылда сәуір нешінші ай? (4)
6. Нөлге аяқталатын сан нешеу? (9)
7. Үнді дауыссыздарды ата? (л, м, н, ң, р, й, у)
8. 590 санының алдындағы сан? (589)
9. Адам тыныс алу үшін қажетті газ? (Оттегі)
10. Әдемі сөзінің ортасында не бар? (е әрпі)
1. Жердің табиғи серігі? (Ай)
2. Күн мен түн сөзі қандай әріппен аяқталады? (н әрпіне)
3. 7 жүздіктен және 7 бірліктен тұратын сан? (707)
4. Көлемді, күрделі шығарма? (Роман)
5. Үш орындықтың аяғы нешеу? (12)
6. Астық өнімін оратын машина? (Комбайн)
7. Алтын айы бар қыздың аты? (Алтынай)
8. Ұяң дауыссыздар? (Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З)
9. Ең қысқа есімдік? (Ол)
10. Қазақтың ұлы ақыны? (А. Құнанбаев)
Қорытындылау: Марапаттау.


Күні:30.06
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Ертегілердегі кейіпкерлер бейнесі арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніп, оны өмірде пайдалана білуге ұмтылдыру. Оқушы бойына ерлік, батылдық,адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар.
Барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған «Ертегілер әлеміне » қош келдіңіздер!
Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. Бір кездерде біздің ата-бабаларымыз қиялдап, «Ұшқыш кілемді» ,«Көлтауысар», «Саққұлақ», «Желаяқ», бір-ақ сәтте алыстан хабар алғызатын діллә тас, тез арада тамақ пісіретін сиқырлы ағаш т.с.с көптеген армандарынан оқиға қарап, ертегі деп айтқан. Ал енді қараңдаршы, балалар,, бір кездегі қол жетпес қиял бүгінде шындыққа айналған жоқ па? Қиялдың жүзеге асқан түрі:
Ұшық, суарғыш, талафон, радио, интернет т.б
Енді сайыскерлерді ортаға шақырайық
I.топ: «Сұңқар» тобы
II.топ «Қыран» тобы
Шындық көзге шұқиды қашанда,
Шыбын жанның шындықтан қаша алған ба?
Ар-ақиқат үкілі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асауларда-деп
Әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:
Ең жоғарғы балл «5» деген ұпаймен бағаланады.
Енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
I. Таныстыру
II. Халық ертегісі
III. Ертегі жаңаша сыр шертеді
IV. Әлем ертегісі
V. Аңыз ертегісі
VI. Сұрақ-жауап. Ертегі туралы ой қозғайық
VII. Әдеби ертегілер
Сайыстың бірінші кезеңі бойынша екі топ таныстыруды бастайды.
Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Ертегілердің тілікөркем, шешен сөйлеуге, өз ойыңды әдемі баяндауға үйретеді. Халық ертегілерінсүйе біл, сүйсіне оқы. Одан тіл үйрен, мәнін мазмұнын аңғар: Тағылымын, жақсы қасиеттерін бойларыңа сіңдірер оқушылар деп. Ортаға «Сұңқар» тобының қойылымын тамашалайық.
Сайыстың үшінші кезеңі «Ертегі жаңаша сыр шертеді». Мұнда көне замандағы ертегілерді қазіргі өз заманға лайықты етіп құрастыр (өз ертегіңді шығарып көр). Балалардың қиялын, арманын байқайық.
Сайыстың төртінші кезеңі «Әлем ертегілері».
Сайыстың төртінші кезеңі бойынша «Аңыз ертегілереі». Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыздарда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып отырады.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Әдеби ертегілер»
Ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі блғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
Екі топтың әдеби ертегілерден үзіндіні жатқа айту керек
Асқарқызы Асылайдың орындауында «Ертегілер» әнін тамашалайық!


Күні:01.07
Тақырыбы: Кітаптар қонаққа шақырады
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.
Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Әнұран
1-жүргізуші: Армысыздар,оқушылар!
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
2- жүргізуші: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.
Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.
Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.
Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.
1-оқушы.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2-оқушы
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
3-оқушы
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4-оқушы
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
1-жүргізуші
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.
Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.
Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.
2-жүргізуші
Ойланайық, балалар,
Кітап-асыл досымыз.
1-жүргізуші
Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді.
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді.
Ән әуен теріңдер
Бәрің бермен келіңдер
Мың бұралған бишілерді
Тамашалап көріңдер.
«Қазақ» биі орындалады 

Күні:02.07
Тақырыбы: Мен-чемпион
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан. 
Барысы: 
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде) 
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. 
Тулебаева М- Бастауыш сынып мұғалім 
Канапина Б-даярлық топ жетекшісі 
Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер» 
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады: 
1 бөлім – «Таныстыру» 
2 бөлім – «Жарыс түрлері» 
3 бөлім – «Қимылды ойын» 
«Мергендер» 
Мерген, мерген, мергенбіз, 
Бәрін көздеп жеңгенбіз. 
«Жүйріктер» 
Топты бастап жүретін, 
Жүйріктерміз біз алды. 
Жеңісті қолдан бермейтін 
Жүйріктерміз біз мықты. 
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз» 
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді. 
2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру» 
3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы» 
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады. 
4 ойын: «Орамал тастамақ» 
5.«Жүйрік ат» 
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. 6.«Сиқырлы доптар» 
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Құттықтап,оқушыларды «Алғыс хатпен» марапаттау. 
Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз 
Барлығымыз көңілді қайтамыз 
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған 
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!


Күні:03.07
Тақырыбы: Лаула,достық оты
Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру.
Кіріспе сөз:
Оқушылар міне бүгін мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің бірінші ауысымына аяқталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Осы бірінші ауысымда 5- 9 сынып оқушылары әр өткен іс-шараларға белсене қатысып, биіктерден көріне білді.
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен-деп келесі сөз кезегін оқушыларымызға береміз.
1 оқушы:Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт-
Болса Отаны аман-сау.
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса биік Алатау.
Орыс биі
2 оқушы:Күлкіні іздеме,ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде.
Ән: Туған жер
3 оқушы:Айтшы, білсең егерде,
Апа, бақыт деген не?
Бақыт- деген шырағым,
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны,
Бақыт-дәні даланың,
Алақаны ананың.
Ботам деуі әженің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?
Бақыт деген, сөзім шын-
Айналайын, өзіңсің!
Жастар биі: орындайтындар 5-6 сынып оқушылары
Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулық құнықтырған!
Ән: Дос болайық бәріміз
Марапаттау:Келесі сөз кезегін лагерь басшысы: Қонақбаева Артықгүл Көбекқызына беріледі.
Қорытындылау: «Әрқашан күн сөнбесін» бұрышқа тілек жазу
Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет