«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев


Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. 6 - оқушы



бет28/33
Дата06.02.2022
өлшемі112,12 Kb.
#74274
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
«Бекітемін» Ыр ыз №2 орта мектебіні директоры Е. Т. Б лкембае
жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.
6 - оқушы:
Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.
7 - оқушы:
Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.
Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.
8 - оқушы:
«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
9 - оқушы:
Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.
Жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
10 - оқушы:
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
11 - оқушы:
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет