2 - оқушы: Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Жүргізуші:Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
4 - оқушы: Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.
5 - оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.