Спорттық сайыс: «Көңілді мәре»
|
Сөйлеуді дамыту
«Көшбасшы»
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін бекіту. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Топ көшбасшысы»
Көркем әдебиет
«Адал дос» әңгімесі М.Төрежанов
Мақсаты: Адал дос туралы түсініктері кеңейеді. Достық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді, сөздік қорларын байытады, адалдық қасиеттерін дамытады. Дид-қ ойын: «Менің досым»
Орыс тілі
«Путешествие в страну повторения»
Цель: Обобщить и систематизировать знания детей по изученным темам, закрепить изученные материалы. Развивать коммуникативные навыки при работе, внимание, логическое мышление. Дид-я игра: «Веселый кубик»
|
Математика негіздері
«Ойнайық та, ойлайық»
(сайыс түрінде)
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.
Жаратылыстану
«Табиғат байлықтары»
(білім сайысын өткізу)
Мақсаты: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін
арттыру; есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой –өрісін кеңейту.
Дидак-қ ойын: «Мен жасай аламын»
|
Сурет салу
«Ғажайып сурет әлемінде»
(сайыс өткізу)
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты жетілдіру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Жапсыру
«Гүлденген дала»
Мақсаты: Сәндік композицияларды өз ойынша орындайды. Дала бейнесін матадан қиып жапсырады. Әсемдікті сезіне білуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Қиялдарын дамыту.
Дид-қ ойын: «Не қайда өседі?»
Музыка
«Мен жасай аламын»
Мақсаты: Балалардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпал ету. Музыканың сипатына сәйкес түрлі қимылдарды ауыстырып орындау.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Түрлі-түсті шарлармен би
Музыка тыңдау:
«Біз осылай өсеміз» И.Нүсіпбаев
Ән айту: «Мен ауылға барамын» Б.Бейсенова
Ойын ойнау:
«Көлеңке» Қимылды ойын
|