«Бекітемін» Жаратылыстану және математика факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М 2009 ж. Жаратылыстану және математика факультеті Физика, математика және информатика кафедрасы «050111 – ақпараттық жүйелер»


Тақырып: Оқшауланған жүйедегі энергияның сақталу заңын тексеру. Мақсаты



бет8/38
Дата04.05.2017
өлшемі4,71 Mb.
#15624
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

Тақырып: Оқшауланған жүйедегі энергияның сақталу заңын тексеру.

Мақсаты: Денелердің қозғалысы кезінде энергияның сақталу заңының орындалуын тексеру

Қысқаша теория

Қозғалыстың бір формуласынан екіншісіне өтудің дұрыс түсінігін 1748 жылы М.В. Ломоносов белгіледі.Ол химиялық өзгерістердегі заттың массасының сақталу заңын және қозғалыспен материяның сақталу заңын тұжырымдаған.100 жыл өткен соң Ломоносовтан кейін Р.Майер мен Г.Гельмголц энергияның сақталу және айналу заңының сандық түрін береді: «Тұйық жүйеде энергия бір түрден басқа түрлерге өтеді және бір денеден басқасына беріледі, бірақ оның жалпы саны өзгеріссіз қалады».



Энергияның сақталу және айналу заңының терең философиялық мағынасы бар. Ол диалектикалық материализмнің: қозғалыс – материяның негізгі қасиеті, оны ойлап шығару не жою мүмкін емес, ол тек бір түрден екінші түрге өтеді – деген негізгі қағидаларының бірін дәлелдейді.

Егер тұйықталған жүйеде консервативті күштен басқа консервативтік емес күштер де әсер етсе, мысалы: үйкеліс күші, онда жүйенің энергиясы сақталынбайды. Сыртқы консервативтік емес күштерді қарастыра отырып жазуға болады.

мұнда Ак – консервативтік емес күштердің жұмысы.



1 – жаттығу. Дененің кинетикалық энергиясының өзгерісін серпімділік күшінің жұмысымен салыстыру.

Механикадан белгілі – істелінетін жұмыс дененің механикалық энергиясының өзгерісіне тең:



Егер тек потенциалдық энергия өзгерсе, онда Ап= -Δ E



Егер тек кинетикалық энергия өзгерсе, онда Ак = Δ E

1–жаттығудың мақсаты: Пружинаның серпімді деформациясының жұмысы –дененің кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең екенін тексеру.

Қажетті құралдар: Екі штатив, динамометр, металл шар, ұзындығы 60–80 см жіп.

Жұмыстың сипаттамасы

Штативке динамометрді горизонталь бағытта бекітеді де, оның ілгішіне жіппен шарды байлайды. Басқа штативке сондай биіктікте лапка бекітеді. Шарды екінші штативтің лапкасына қойып, содан кейін шарды жібереді. Серпімділік күшінің әсерінен ол жылдамдық алады, оның кинетикалық энергиясын 0 – ден - ге дейін өзгереді. Серпімділік күшінің әсерінен алынған, шардың жылдамдығын анықтау үшін, Н биіктікпен еркін құлаған шардың түсу қашықтығын өлшеу қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет