«бекітемін» Жедел медициналық жәрдем кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., доцент м а. К. С. Бабаева



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі89,99 Kb.
#87306
  1   2

Ф-МК-003/048

«БЕКІТЕМІН»
Жедел медициналық жәрдем
кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.к., доцент м.а.
______________К.С.Бабаева
«____»___________ 20 ж.
Хаттама № ____

«Жедел және шұғыл медициналық» пәнінен
«5В130100-ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» мамандығы бойынша 5-курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтарының тізімі.




Нейротоксикоз, жіктелуін, клиникасын, диагностикалық критерийлерін жазыңыз.


Нейротоксикозда алғашқы дәрігерлік көмекті, госпитализацияға көрсеткішті жазыңыз.


Нейроинфекцияның жіктелуін, клиникалық синдромдарын, нейроинфекцияда алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін, госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз.


Тырысулардың жіктелуін, клникасын, диагностикасын жазыңыз.


Тырысулардың ауруханаға дейінгі этапта алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін, госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз.


Ми қан айналымының жіті бұрылысының жіктелуін, клиникалық синдромдарын, асқынуларын, диагностикасын жазыңыз.


Ми қан айналымы жіті бұзылысында ауруханаға дейінгі этапта алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Комалардың жіктелуін, глазго шкаласы бойынша науқас санасының дәрежесін анықтауын сипаттап жазыңыз.


Комалар кезінде ауруханаға дейінгі этапта алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмдерін жазыңыз.


Жіті жүрек шамасыздығы, жүрек астмасының диагностикалық критерийлерін сипаттап жазыңыз.


Жіті жүрек шамасыздығында алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін сипаттап жазыңыз.


Жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылыстарының өмірге қауіп тудыратын түрлерін, пароксизмальді қарынша үстілік және қарыншалық тахикардияның ЭКГ белгілерін сипаттап жазыңыз.


Пароксизмальді тахикардия ұстамасында, қарыншалар фибрилляциясында алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін, өкпе-жүрек реанимациясын және госпитализацияға көрсеткіштерін сипаттап жазыңыз.


Өмірге қауіп тудыратын брадиаритмиялардағы синдромдардың ЭКГ көріністерін сипаттап жазыңыз.


Асистолия кезінде алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмі сипаттап жазыңыз.


Жіті коранарлық синдромның клиникалық ЭКГ түрлеріне және ангинозды синдром ЭКГ көріністерімен тропониндық тестке сипаттама жазыңыз.


Диабетикалық команың клиникасын, диагностикасын сипаттап жазыңыз.


Диабетикалық комада шұғыл жәрдем алгоритімін сипаттап жазыңыз.


Гипогликемиялық команың клиникасы және диагностикасына сипаттама жазыңыз.


Гипогликемиялық кома кезінде шұғыл жәрдем алгоритиміне сипаттама жазыңыз.


Бауыр комасы, клиникасы, диагностикасына сипаттама жазыңыз.


Бауыр комасы, кезінде шұғыл жәрдем алгоритмдерін жазыңыз.


Уремиялық кома клиникасын, диагностикасын жазыңыз.


­­­­­­­­­Уремиялық комада шұғыл жардем алгоритмін жазыңыз.


Травматикалық шок кезінде шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Жедел кезінде ауруханаға дейінгі алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Тромболизисті терапия және оны жүргізуге көрсеткіштерін жазыңыз.


Гипертониялық криздер, жіктелуі. Диагностикалық критерийлері. Асқынуларын жазыңыз.


Гипертониялық криздер ауруханаға дейінгі этапта шұғыл дәрігерлік көмек алгоритмі. Госпитализацияға көрсеткіштерің жазыңыз.


Жіті тыныс жеткіліксіздігі, клиникасы, диагностикалық критерийлерін жазыңыз.


Жіті тыныс жеткіліксіздігінде ауруханаға дейінгі этапта шұғыл жедел алгоритмін жазыңыз.


Ларингоспазм, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Жоғары тыныс жолдарындағы бөгде зат кезіндегі жіті тыныс жеткіліксіздігі кезінде Геймлих әдісін қолдануын жазыңыз.


Бронхоспазм синдромы. Клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Бронхоспазм синдромында шұғыл көмек алгоритмі. Госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз


Өкпеден қан кету, клиникасы, диагностикалық критерийлерін жазыңыз.


Өкпеден қан кетуде шұғыл жәрдем алгоритмі. Госпитализацияға көрсеткішін жазыңыз.


Жоғары тыныс жолдарының обструкциясы құру синдромы, диагностикасын жазыңыз.


ЖРВИ, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, асқынуларын жазыңыз.


ЖРВИ алғашқы дәрігерлік көмек алгоритмі. Госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз.


Асматикалық статус, диагностиакасы, диагностикалық критерийлерін жазыңыз.


Аcматикалық статус шұғыл жәрдем алгоритмі. Госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз.


Пневмония, жіктелуі, ауырлық дәрежесі. Өмірге қауіп тудыратын асқынулары. Госпитализацияға көрсеткіштерін жазыңыз.


Пневмоторакс, жіктелуі, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Пневмоторакста шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Ер адам бетіне қатты соққы алғаннан кейін, онда жұмсақ тіндердің ісінуінен беттің асимметриясы, төменгі жақ гематомасы, шайнау бұзылысы, төменгі жақ шетінде «қадамда» симптомы, сынықтардың крепитациясы анықталады.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.




Науқас құлау барысында басына ауыр соққы алды. Шағымдары: бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналу. Қарағанда: санасы бұлыңғыр, тері түсі бозарған, тамыр соғысы 62-64 мин. Сол жақ самайында құлақ маңында жұмсақ тіндердің ісінуі бар. Науқас жарыққа қарай алмайды, сол жақ көз қарашығы оң жағына қарағанда сәл кеңейген.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз


Науқас төбелесу барысында басынан доғал затпен соққы алды. Жарақат алған сәті есінде жоқ. Қарағанда: ұйқышыл, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді, сәл бозғылт, тамыр соғысы 62 мин. Бастың төбе бөлімінде 8х15 см көлемінде жара анықталады. Жара аймағында қан кету бар. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тіл сәл солға солға қисайған, оң жақ көз қарашығы сол жағына қарағанда сәл кеңейген.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.


Жас жігіт оң ұртында пайда болған күрт ауырсынуға шағымданды. Айтуы бойынша бир апта бұрын ұртында қызару, кейін ісіну пайда болған. Ісініп тұрған жараны түйрегішпен тескен, онда аз мөлшерде ірің шыққан. Қарағанда: дене қызуы 39,6 ° С, оң ұртында ортасында іріңді сарғыш өзегі бар 2x2 көлеміндегі инфильтрат анықталады, пальпацияда ауырсыну бар.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз


Әйелде төменгі азу тістерін жұлғаннан кейін бет аймағында ауырсыну пайда болған. Аузы жартылай ашық, иек алға шығыңқы. Бет доғасы астында жақ буындары біріккен аймақты шығыңқы түйін анықталады.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.


Науқас төбелесте мұрын сүйегінен ауыр соққы алған. Көп мөлшерде қан кеткен. Науқас тынымсыз, қан түкіріп, жартылай қан жұтады.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.


Науқас тісін жұлдырған, 2 сағаттан кейін аузында ал қызыл қан пайда болған. Жалпы жағдайы жақсы, тері қабаты қызғылт. Тамыр соғысы 80 рет/ мин. толымдылығы және кернеулігі жақсы.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.


Жас жігіт кеудесінің оң жағында ауырсынуға шағымданды, қозғалыс кезінде тыныс, жөтел күрт артады. Баяу қозғалады, ауру орынын қолымен ұстап жүреді. Бир сағат бұрын тайып құлап, көкірек тұсына тротуардың шетінен соққы алған.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, зақымдалған көкірек аймағы тынысқа толық қатыспайды, тынысы беткей, минутына 22 жиілігі, тамыр соғысы 80 рет/мин. Пальпацияда - III-IV-ші қабырға тұсында, артқы қолтық асты сызық бойымен өткір жергілікті ауырсыну және крепитация, сол жерде ісіну, көгерулер анықталады.
1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.
2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.


Науқас Д., 30 ж. : апат кезінде болған автокөлікте жүргізушінің жанында отырған, оң аяғына соққы алған. Түскен кездегі шағымдары оң жақ жамбас-ортан жілік буынында ауырсыну, оң аяғын жылжыта алмауы. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, суық жабысқақ тер. АҚ - 100/70, пульс - 112/мин, ТАЖ - 16/мин. Санасы айқын, контактен, біршама тежелген, санасын жоғалтпаған. Ошақты неврологиялық симптоматика жоқ. Жергілікті статус: оң аяғы сәл бұрылған, " жамбас-ортан жілік және тізе буындарында жеңіл бүгу. аяқтың ішке ротациясы. Аяғы 3 см қысқарған, активті және пассивті қозғалыс жоқ. Зақымданған бөксе аймағында шамалы ісіну бар. Аяқ-қолдың дисталды бөлімдерінде иннервациямен, қан айналымы бұзылысы жоқ.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Қатардағы жауынгер А. 1,5 сағат бұрын, сол жақ иық және сол жақ кеудесіне бомбаның жарылу себебінен жарақат алған. Жағдайы ауыр. Айқын бозару. Пульс 110 соққы мин., АД 90/40. ТАЖ 32 рет мин. Қан аралас қақырықты жөтел. Тыныс алуда сол жағы қатыспайды. Перкуссияда 4-қабырға дейін тұйық дыбыс анықталады, сол жақ кеуде қуысының тері асты қабатының эмфиземасы дамыған. Оң жақ шекарасының салыстырмалы тұйықталуы кеңеймеген. Жараға дем алғанда ауа кіреді. Жедел жәрдем бригадасы келгенде сол жақ қолтық асты артериясынан қан кету байқалған.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Ұрыс алаңында снарядтың сынығымен оң жақ жамбасымен сан сүйегіне жарақат алды. Жауынгердің өзі байлам салды және тері астына промедол енгізді. Сол мезетте жанында химиялық сұйықтық бар, жағымсыз иісті зат жарылып, тамшылары жараға, киімдеріне, дененің ашық бөліктеріне түсті. Тексеру кезінде жарықтан қорқу, көзден жас ағу байқалады. Беті ісінген, қабақтары жабылған, конъюнктивасы қызарған, дауысы қарлыққан, ұма, сан аймағының терісінде күйдіру сезімі, ауырсыну бар. Жарақат аймағындағы тері ісінген, сарғыш-қызыл көпіршіктермен жабылған.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмі жазыңыз.


Науқас 78 жаста, үйінде жуынатын бөлмеде құлап қалған, құлағанда сол қолын тіреп қалады. Сол иық буынында қатты ауырсыну сезінген, қозғалуы шектелген. Түнде ауырсыну күшейген, анальгетиктер ішкен. Жарақат алғаннан 14 сағаттан кейін жедел жәрдем шақырған. Қарап тексергенде: сол жақ иық буынында күрт ісінуі және көгерулер бар, ауырсыну қолдарына және көкірек аймағына беріледі. Сол иығы сәл қысқарған және деформацияланған. Пальпация кезінде сол жақ иық буынында қатты ауырсыну анықталады. Ауырсыну салдарынан белсенді қозғалыстар жасау мүмкін емес, енжар әрекетті қозғалыстар ауырсынуды күшейтеді. Иыққа осьтік жүктеме түсіргенде иық буынында ауырсыну күшейеді.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас Т., 20 жаста, құрылыс кезінде бетон қабырғаларының бөліндісінен оң жақ кеуде қуысына қатты соққы алған. Шағымдары: күрт ауырсыну, ауа жетіспеушілік сезімі. Айқын цианоз. Тыныс алуы беткей 36 рет мин. Пульс 110 соққы мин., ырғақты, АҚҚ = 140/100. Перкуторлы дыбыс оң жақта қорап тәрізді. Тыныс күрт әлсіреген. Қабырға-диафрагмальды синуста тұйықталу бар. Аускультацияда " қар сықыры "естіледі, пальпацияда - кеуде қабырғасының консистенциясы қамыр тәрізді және жұмсақ тіндерінде газды крепитация анықталады. 3 және 4 қабырға аралықта алдыңғы және артқы қолтықасты сызықтары арасында демалғанда кеуде қабырғасының ішке енуі байқалады.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас С., темір сынығымен шүйде аймағынан жарақат алды. Көп мөлшерде қан кету болған. Науқас ес түссіз. Тыныс алуы шулы, үзік-үзік. Қайталап құсу байқалады. Тілінің артқа кетуі байқалады. Пульс 60 рет минутына, кернелген, АҚҚ 140/85 мм.сын. бағ.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас 23 жаста, оң тізе буынында ауырсынуға, кей кейде "ұстап" буынның қозғалмай қалуына шағымданады. Науқас шамамен екі жыл бұрын футбол ойынында жарақат алған. Дәрігерге қаралмаған, үй құралдарымен емделген (ұсату, компресс). Осыдан төрт күн бұрын автокөліктен түскенде аяғын қайырып алып, жаңадан тізе буынында ауырсыну сезінеді, аяғын қозғалта алмай қалады, біраз уақыттан соң буыным өз орнына келгендей болды дейді. Қарап тексергенде: тізе буыны орамалмен фиксацияланған. Орамалды шешкенде буын контурларының тегістелуі, оң жақ жамбас бұлшық еттерінің атрофиясы байқалады. буын қуысында шағын тқөмпекше анықталады (надколенник "баллотирует"). Чаклин, "алақан", Мак-Маррея симптомдары оң мәнді.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас биіктіктен құлап жамбас астауының бүтіндігінің бұзылуымен жамбас сүйектерінің жабық сынығын алды. АҚ 80/40 мм. сын. бағ. пульс 120 рет 1 мин, терісі бозарған. Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас химиялық заттың жарылысы кезінде сол жақ жамбастың жұмсақ тіндеріне жарақат алды. Жарадан бірден күйдіру, күшті ауырсыну пайда болды, ол сезім көп ұзамай азайды. Жара сұр-күлгін түсті, айналасындағы тіндер ісінген, терісі қызарған; бір-бірімен қосылмаған жеке көпіршіктер бар. Шағымдары: бас ауыруы, жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік, АҚ 95/50 мм сбб.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас 47 жаста, шағымдары: сол тізе буынындағы ауырсыну. Айтуы бойынша, 4 жылдан зардап шегеді. Тізесіндегі ауырсыну физикалық жүктемемен байланысты дейді. Жиі таңертең төсектен тұрған кезінде және кешке жұмыс күнінің соңында пайда болады. Тыныштықта ауырсынуы байқалмайды. Науқас жұмыс ағаш кесуші болып жұмыс істейді, күні бойы аяқта тұрады. Соңғы 1,5 жыл ауырсыну қарқын алып, уақыт өткен сайын буындары ісе бастаған. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, қозғалысы онда аздап шектелген. Рентгенограммада: саңылауының тарылуы тізе буынының шамалы склероз замыкательных пластина.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас С. Жол апаты кезінде аударылып, сан сүйегі қысылып қалған. Оң жақ саны деформацияланған және ісінген. Патологиялық қозғалғыс анықталады. Табаны жылы, сезімталдығы сақталған. Пульс 130 рет мин., АҚ= 85/55 мм. сын. бағ.
Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек алгоритмін жазыңыз..


Қарт әжей көшеде тайып, құлап оң алақан қолын созып сүйене отырып қалды. Шынтақ білезік /лучезапястном/ буынында күшті ауырсыну пайда болды. Объективті: оң жақ шынтақ білезік буыны ісіңкі, қозғалысы шектелген, ауырсыну бар. Айқын "найза тәрізді" буынның деформациясы анықталады (дистальды бөлігі саусақтармен қоса сыртқа қарай тайып кеткен). Буынның сыртқы бетін пальпациялағанда ауырсынады. Осьтік жүктеме жарақат алған орнында ауырсынудың күшеюін тудырады.
Сіздің диагнозыңыз. Жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас суға секіріп жүзу кезінде басымен соғылды. Мойын омыртқасының ауырсыну мазалайды. Объективті: басс мәжбүрлі жағдайда. V және VI мойын омыртқаларының сүйір өсінділері пальпацияда ауырсынады. Осы омыртқалардың өсінділері елеулі деформацияға ұшыраған. Науқастың басын қозғалту талпыныстары мүмкін емес дерлік, өте қатты ауырсынады және айтарлықтай шектеулі. Аяқ-қолдың сезімталдық және қимылдық функциясы толық сақталған.
Сіздің диагнозыңыз. Жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқастың оң жақ көкірегі оқпен жарақаттанған. Науқаста үдемелі ентігу, қан аралас қақырықты жөтел пайда болған. Тері жабындылары цианозды. Суық тер. Тыныс алу айтарлықтай қиын. Пульс 120 рет минутына. Бұғана орта сызығы бойында 3-ші оң жақ қабырға деңгейінде көлемі 1х1 см жара, оң жақ жауырынның төменгі бұрышында өлшемі 2,5х2,0 см екінші жара анықталды. Тері асты қабатының эмфиземасы мойынға, бетке, ішке таралған. Эмфиземаға байланысты көзін ашу мүмкін емес. Жүректің тұйық шекарасы айтарлықтай солға ығысқан. Бесінші мойын омыртқасының денесінде асқынбаған компрессиялық сынығы анықталады.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас М., 23 жаста, үйдің баспалдағынан құлап түскен. Оң тізе буынында қатты ауырсыну сезінген, буын күрт "ісінген". Қарап тексергенде: оң тізе буынының көлемі ұлғайған, буынның қуысында жалқық / выпот / анықталады ("patella natans" симптомs оң мәнді). Пальпация кезінде тізе буынының ішкі бетінде ауырсыну анықталады. Науқас буынын толық жаза алады, ал бүгу 150 градусқа бұрышына дейін мүмкін, бірақ күшті ауырсыну тудырады. Оң жақ жіліншік тұрақтылығын зерттеуде буынның анатомиялық осінен 20 градусқа, сол жақ жіліншік - 5 градусқа қозғалатыны анықталды. Оң жағын бұруда өте қатты ауырсыну пайда болады.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас снарядтың сынығымен кеудесіне жарақат алады. Тыныс алуы қиындады. Ентігу. Қан түкіру. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт. Пульс 110 рет минутына. Оң жақ кеуде қуысының бүйір бетінің 4 қабырға деңгейінде көлемі 3х4 см жара анықталды, демалғанда жарадан ауа ішке енеді. Жөтелген кезде таңғыштан көпіршікті қан бөлінеді.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас М., басына қатты затпен соққы алған. Қысқа уақытқа есін жоғалтқан, жүрек айнуы. "Төбе-маңдай бөлігінің оң жағында – үлкен көлемді қан ағулар, жарақаттар анықталады. Науқас тежелген, енжар. Шағымдары: қатты бас ауыруы; пульс 60 рет соққы мин., кернелген. Қайталап құсу. Анизокария, оң қарашығы кеңейген. Оң жақта сіңірлік рефлекстер төмендеген.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас кенеттен есіктің тез ашылуынан сол қолына соққы алды. Жарақат салдарынан III саусақтың тырнақ фалангасы күрт бүгіліп, "салбырап" қалды. Объективті: сол қолдың III саусағында дистальды фалангааралық буынының сыртқы бетінде шағын ісіну, пальпация кезінде шамалы ауырсыну анықталады. Тырнақ фалангасы бүгілген және өз бетінше жазылмайды. Пассивті қозғалысы сақталған.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқастың солжақ аяғының санына оқ тиген. Жара қансырап тұр. Науқас бірден құлап, аяғына тұра алмайды. Сол жағы қысқарған, деформацияланған. Жалпы жағдайы ауыр. Бозарған. Пульс-115 рет минутына, АҚ 80/60 мм.сын. бағ. Табаны жылы, тері сезімталдығы сақталған.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас В., 43 жаста, шағымдары: күнделікті тұншығу ұстамалары, әсіресе, қиын дем шығару, жалпы әлсіздік, дімкәстік. Ұстамадан кейін аз тұтқыр шыны тәрізді қақырық бөлінеді. 2 жылдан бері ауырады, өршуі күз айында басталады. Науқаста пенициллинге аллергиясы бар. Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Науқас столдын қырына сүйеніп отырады. Тері таза, цианозды. Кеуде қуысы бөшкетәрізді, қабырға аралықтар кеңейген, мойын веналарының ісінуі байқалады, тыныс алуда қосалқы бұлшықеттері қатысады. Тыныс алуы шулы, 22 тыныс алу қозғалысы минутына. Перкуссияда қорапты дыбыс байқалады, аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ 22 рет минутына. Жүрек тондары ырғақты, анық, 92 соққы/мин, АҚҚ 140/70 мм. сын. бағ.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


VI сынып оқушысы мектеп баспалдағының жиегінде сырғанап құлап түскен. Құлаған кезінде шынтақ буынында сол алақан қолын тіреп қалған. Сол кезде иығы бұралып кеткендей болады. Нәтижесінде шынтақ буынында күшті ауырсыну пайда болған. Объективті: сол жақ шынтақ буыны көлемі ұлғайған, деформацияланған, шынтақ шұқыры тегістелген. Шынтақтың артқы бетінде шынтақ өсіндіс шығып тұр. иықтың өсі алға ығысқан. Қол мәжбүрлі жартылай бүгілген қалыпта орналасқан. Зардап шегуші оны сау қолмен демеп ұстап тұр. Белсенді қозғалыс шынтақ буынында мүмкін емес. Болған кезде пассивті қозғалыстар жасау барысында «серіппе» тәрізді кедергі сезіледі.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас жарылыс кезінде жараланған. Оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің алдыңғы ішкі бетінде 0,5 х 0,5 см көлемді жара анықталады. Үлкен көлемде қан кету пайда болған. Тексеру кезінде киімі қанмен малынған. Пульс 110 соққы минутына, әлсіз. Тері жамылғысы бозғылт. Тобық сүйегі деформацияланған.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Ядролық жарылыстан кейін пайда болған өрттер. Науқастың киім өртеніп, өрт жалынынан күйік алады. Жоғарғы аяқ-қолдарының терісі қызарған, көпіршіктермен жабылған. Едәуір учаскелері ақшыл-қоңыр «струп» тәрізді. Бет терісі қызарған, ісінген. Бір рет құсу болған. Жеке дозиметр көрсеткіші 1,5 Гр.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас төбелес барысында сол қолына соққы алады. Соққы білектің жоғарғы үштен бір бөлігіне тиген. Қолда күшті ауырсыну пайда болған. Қолы шынтақ буынында бүгілген, білектің жоғарғы үштен бірі деформацияланған, шынтақ сүйегінің ішке енуі және білектің алдыңғы бетінде томпайған дене анықталады. Тексеру барысында сол шынтақ буынында шыбық сүйегінің басы сезіледі. Пальпация майысқан аймақта өте қатты ауырсыну сезіледі. Зақымдалған білек бірнеше қысқарған. Белсенді және пассивті қозғалыс шектелген. Білезік және білектің сезімталдығы бұзылмаған.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Жарылыс кезінде оң кеудесіне жарақат алды. Қан түкіру, айқын жөтел, әлсіздік, тыныс алу кезінде қиындық пайда болды. Жағдайы ауыр. Пульс 108 рет минутына, әлсіз толақанды, АҚ 75/45 мм. сын. бағ. Тыныс 32 рет 1 мин. Тері жамылғысы бозарған. кеуденің Алдыңғы бетінде диаметрі 0,5 см көлемінде екі жара анықталады. Жаралардың арасындағы қашықтық 4 см. Перкуссияда оң жақ көкірек аймағының алдыңғы бетінде екінші қабырғаға дейін тұйық дыбыс анықталады. Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек


Науқас С. Жол апаты кезінде аударылып, аяғының сол жақ жіліншік сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігі қысылып қалған. 5- сағаттан кейін шығарылды. Деформация және патологиялық қозғалғыштығы анықталады, қысылған аймақтың төменгі жағында тактильді және ауруға сезімталдылығы сақталған. Табанынды белсенді қозғалыс мүмкіндігі бар.
Сіздің диагнозыңыз және жедел медициналық дәрігерлік көмек алгоритмін жазыңыз.


Науқас абайсыз қозғалысының нәтижесінде үстіне ағаш құлап сол білегіне қатты соққы алған. Объективті: соғылған жерде (сол жақ білек төменгі үштен бір бөлігінің сыртқы-алақан беті) тері асты қабатының гематомасы бар. Пальпацияда ауырсынады, сынған сүйектердің крепитациясы анықталады. Білек осімен жүктеме түсіргенде ауырсыну жарақат алған орнында пайда болады. Пронация және супинация жасау қиындық туғызады, ауырсыну күрт күшейеді. Білекті бүгу және жазу шектелмеген деседе болады. Білек және білезіктің дистальды бөлігі пронация жағдайында орналасқан.Сіздің диагнозыңыз және шұғыл көмек


Өрт болған пәтерден шығарылған 7 жасар балаға жедел жәрдем шақырылды. Жалпы қарауда жалпы жағдайы ауыр санасы айқын емес, Глазго шкаласы бойынша кома бағалауы 8 балл.Теріде эритемалар, шырышты қабат ал қызыл түсті.Бет терісінің беткей күйігі. Қас пен кірпік күйген.Аралас сипаттағы ентігу, ішке дем алу кезінде өкпеде дыбысы әлсіз, құрғақ сырылдар бар. Шайнағыш бұлшықеттің спазмы бар. Жүрек тондары ритмді, 1 мин/140 рет, АҚҚ 80/40 мм.сб. іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, көкбауыр пальпацияланбайды.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


Тұрмыстық газдың жарылуы есебінен тұрғын үй құлаған.Қирандылардың астынан 13 жасар қыз құтқарылған.Соңғы 3 сағат ішіінде өыздың аяқтары басылып өалғаны анықталған.Плитаны алғаннан кейін бала есінен тамған,еріксіз несеп шығарған,тыныс алуы өздігінен , жиілеген 42 /мин.Жүрек тондары ритмді, пульс 136 ретге дейін жиілеген,АҚҚ 80/20.Жұтыну және корниальды рефлекстер сақталған.Тері жамылғысы көкшіл түсті, мұздай. Аяқтарда пульс анықталмайды. Сынықтар жоқ.Аускультацияда везикулалық тыныс.Жүректің перкуторлы шекарасы қалыпты.Іші жұмсақ ауырсынусыз,бауыр және көкбауыр ұлғайған.Несеп алқызыл түсті.Есі аяқ астынан қалпына келген.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


3 жасар қыздың үйіне жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Баланың мамасы плитада өсімдік майын қыздыруға қойған, өзі ас үйден шығып кеткен.Бала ас үйде қалған. 2 минуттан соң анасы баланың айқайын естіп, ас үйге келген.Теріде көпіршіктерді байқап, жедел жәрдем бригадасын шақырған, жедел жәрдем 10 минуттан соң келген. Жалпы қарауда бала есі анық, психомоторлы қозу байқалады.Бет ,мойын және оң жақ қол терісініде гиперемия аймақтары байқалады.Кейбір жерде көпіршіктер түзіліп, эпидермистің өліеттенуі анықталған. АҚҚ 100/50.ТАЖ 25 /мин.Пульс 120.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


Жол апатына реанимациялық бригада шақырылды. 10 жасар бала жол өтуінде машинамен соғылған. Жалпы қарауда жағдайы аса ауыр,науқас тежелген .Глазго шкаласы бойынша 12 балл.Көп мөлшерде мұрыннан қан кету.Сол жақ бет сүйегінің аймағында жара анықталған, сол жақ төбе аймағында гематома анықталған. 6.7.8 қабырғалар деформациясы және сол аймақта гематома анықталған.Оң жақ жамьас суйегінің 3/1 бөлігінде гематома және деформациялар анықталады. Тері жамылғысы бозғылт,акрацианоз.Тыныс алуы беткей 44 рет мин. АҚҚ 70/20 .Іші біраз тітіркенген,ауырсынумен,көкбауыр мен бауыр амағында ауырсыну. Несеп қанға боялған.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


2 жасар балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Бала ас үйде қараусыз қалып, өзіне қайнаған су төгіп алған. Жалпы қарауда баланың санасы айқын, психомоторлы қозу айқын.Кеуде қуысының алдыңғы аймағында гиперемия және көпіршіктер анықталады.Көпіршіктер іші сұйықтықпен толы.Иық терісінде, қол терісінде, жамбас терісінде эрозияланған аймақ бар. АҚҚ 90/40. ТЖ 40мин,ЖСЖ 128.Аускультацияда везукулалық тыныс, жүрек тондары айқын, ритмді.Іші жұмсақ.Дене қызуы 36.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


8 жасар бала көлік қаққан қарауда санасы анық емес, анизокория сол жақта, жоғарғы және төменгі қолдың сол жақтық параличі, беттің скальпирленген жарасы. Тер жамылғысы бозғылт, акроцианоз. Чейн-Стокс тынысы, АҚ 60-20. Пульс- 180 рет, жіп тәрізді, мезгіл мезгіл бір жақты ұстамалар байқалады. Сол жақтық сыртқы есту түтікшесі және мұрыннан ликворея, қанға боялған. Белінде жайылған гематома, оң жақ жамбас сүйегінің сынығы. Транспортировка кезінде науқаста тыныс тоқтаған.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2.Жедел көмек көрсетіңіз.


14 жасар бала жедел жәрдем бригадасы шақырылды.Бала 3 қабаттан құлаған.Санасы айқын бірақ тежелген.Тері жамылғысы бозғылт.Шүйде аймағында гематома.Бас сүйегі зақымданбаған.Оң жақта V-VI қабырға деформациясы бар.Оң жақ иықтың ісінуі және деформациясы анықталды.Тыныс алуы беткей 42 рет мин.Пульс 42 рет мин,Жүрек тондары тұйықталған,Қан қысымы 70/20,палпацияда іштің оң жағы ауырсынады.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


8 жасар бала мектепте ішіне аяқпен соққы алған.Жедел жәрдем бригадасы жарақат алғаннан кейін 20 мин соң келген.Баланың жалпы жағдайы ауыр,санасы айқын,тежелген,тері жамылғылары бозғылт,Тыныс алу жиілеген мин 44 рет,Пульс 140 рет,АҚ 70/20.Аускультацияда өзгеріссіз,пальпацияда іші қатайған,оң жақ қабырға астында ауырсыну,несептің түсі ашық түсті.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


С есімді науқас 2 жасар үйде есінен танған күйде табылған.Анамнезінде үйінде гимнастикалық жабдықтар болған,құлау моменті белгісіз.3 мин соң санасы айқындалған,бір рет құсу болған,15 мин соң қайта есінен танған.АҚ 80/50,ЖСС 50,ТАЖ 34,Т -36,7,бұлшықет тонусы жоғарылаған,тері жамылғысы бозғылт,шүйдеде гематома бар.Бас сүйекте зақымдану жоқ, тынысы терең.Аускультацияда везикулалы тыныс,сырыл жоқ,жүрек тондары тұйықталған,перкуторлы шекаралары қалыпты.Неврологиялық статус коньюктивальды рефлекс жоқ,құсу рефлексі сақталған,оң жақта қарашық үлкейген,жарыққа реакциясы жоқ,окулоцефальды рефлекс оң мәнді.Брудзынский-кернинг рефлексі теріс мәнді,Бабинский оң,қысқа уақытты клоникалық ұстамалар бар. Көз алмасының Офтальмоскопиясында көз түбі дискінің шекарасы айқын еместігі анықталды.Екі жақта да пульсация жоғалуы байқалады.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


14 жасар бала несеппен бірге қан шығуына шағымдалады.Анамнезінде 1 сағат алдын құлап,Шап аймағын тұрбаға соққан.Қарағанда шап аймағында қан ұйындылары анықталды,уретрадан қанды бөлініс, ректальды бездер қалыпты,пальпацияда ауырсынусыз.
Сұрақтары
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Жарақаттық қан кету түрлері, қан жоғалту мөлшеріне байланысты дәрежелеріне сипаттама беріңіз.


Дәрілік аллергия, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Анафилактикалық шок жіктелуі. Шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Ангионевротикалық ісіну (Квинке), клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Ангионевротикалық ісіну кезінде шұғыл жәрдемін жазыңыз.


Есекжем, клиникасы, диагностикасы шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Гипетремия, диагностикалық криерийлері, шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Аса қауіпті, инфекция, клиникасы, негізгі синдромдарын анықтамасын жазыңыз.


Холера кезінде эпидемиялық шаралар, сусыздануда шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Сібір жарасы клиникасы, диагностикасы, эпидемиялық іс – шараларды көрсетіңіз.


Қырым қанды безгегі клиникасы, диагностикасы, эпидемиялық іс – шараларды көрсетіңіз.


Тағамдық токсикоинфекция клиникасы, диагностикасы, эпидемиялық іс – шараларды көрсетіңіз.


Тағамдық токсикоинфекциясы өмірге қауіп тудырған жағдайда шұғыл көмек жасауды жазыңыз.


Инфекциялық токсикалық шок жіктелуі, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.



Бас сүйек мидың жабық жарақаты клиникалық түрлері, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Бас сүйек мидың жабық жарақатында шұғыл көмек алгортимі, емдік тактикасын жазыңыз.


Жаралар, жіктелуі, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Жараларда ауруханаға дейінгі этапта алғашқы дәрігерлік көмекті жазыңыз.


Көз зақымданулары. Көз қабығының ауруларының клиникасы, диагностикасы, шүғыл жәрдемді жазыңыз.


Көз зақымданулары. Көз алмасы жарақаттануы және қабынуы клиникасы, диагностикасы, шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Көз зақымданулары. Глаукома, жіктелуі клиникасы, диагнотикасы, шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Лор ағзалары зақымданулары. Мұрыннан қан кету. Шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Лор ағзалары зақымданулары, баспа клиникасы, диагностикасы, шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Аяқ қолдың зақымдануы. Сынықтар жіктелуі, диагностикалық критерийлерін жазыңыз.


Аяқ қолдар сынғанда алғашқы дәпігерлік көмек иммобилизациялау тәсілдерін жазыңыз.


Жарақат кезінде қан кету түрлері, клиникасы. Жоғалтқан қан көлемін анықтау тәсілдерін жазыңыз.


Омыртқа зақымдануы. Остеохандроз түбірлік синдром кезінде шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Омыртқа сынуы жұлынның зақымданумен және зақымдалуынсыз. Иммобилизация шұғыл жәрдем. Тасмалдау әдістерін жазыңыз.


Буындардың зақымдалуында алғашқы дәрігерлік көмекті жазыңыз.


Шок. Шоктың түрлері (тамырлық, гиповолемиялық). Шоктың индексін жазыңыз.


Травматикалық шок кезінде шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Гиповолемиялық шок кезінде шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Полижарақат, топтарын жазыңыз.


Кеуденің жабық жарақаты, клиникасы, диагностикасы шұғыл жәрдемді жазыңыз.


Жатырдан тыс жүктілік, клиникасы, диагностикасы, емдік тактикасын жазыңыз.


Ауруханадан тыс босануда жедел жәрдем көрсетуді жазыңыз.


Аналық без аяқшасының бұратылуы клиникасы, диагностикасы, алғашқы медициналық жәрдемді жазыңыз.


Пельвиоперитонит, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Пельвиоперитонитте шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Жатырдан қан кету, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Жатырдан қан кету аруханаға дейінгі этапта шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


«Жіті іштүйнек», диагностикасы, емдік тактикасын жазыңыз.


Аппендицит, клиникасы, диагностикасын жазыңыз.


Аппендицит шұғыл жәрдем алгоритмін жазыңыз.


Жедел ішек өтімсіздігі, клинкасы, диагностикасын жазыңыз.


Науқас У. 63 жаста ішінің төменгі бөлігінің ұстама тәрізді ауырсынуына, сегізкөзге иррадациялануына, ішінің кебуіне, желдің шықпауына, 3күннен бері үлкен дәреттің болмауына шағымданып келді.Ауруы біртіндеп дамыған, бірнеше жылдан бері іш қатуымен ауырады, шаңымдары соңғы жылы бірнеше рет қайталанған, бірақ тазалау клизмасынан соң басылған.Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты, пульс 68 рет/мин, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, пальпацияда ауырсынады. «Шолпыл шуы» естіледі, перкуссияда – жоғары тимпанит. Ректальді тексеруде – тік ішектің ампуласы бос, сфинктер босаңсыған. Сифонды клизманы жасау кезінде – 350 мл сұйықтықты енгізген соң кері шығады.
Сұрақ:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


28 жасар әйел, сол жақ қолтықастында түйіннің пайда болуына, етеккір циклы кезінде тығызданып, ауырсынуына шағымданады. Түйін домалақ пішінді, диаметрі 4см, жұмсақ – эластикалы консистенциялы, бөлікті құрылымды.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


53 жасар ер адам хирургия бөлімшесіне эпигастральді аймақтағы ауырлық сезімінің болуымен, жүрек айну, кекіру, жеген тамақпен лоқсуға шағымданып, жоспарлы түрде келді.
Анамнезінде 20 жылдан бері онекіелі ішектің жара ауруымен ауырады, стационарда бірнеше рет ем қабылдаған. 4 жыл бұрын операция жасалған ( жараны тігу), содан кейін 2 жылдан бері аталған шағымдары дами бастаған. 7 кг салмақ жоғалтқан, тәбеті жақсы, бірақ соңғы кезде құсудың себеінен тамақтанудан бас тартқан.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтануы аз. Тері қабаты құрғақ, тургор төмендеген. Пульс 82 р/мин. Ритмді. АҚҚ 13/80 мм.с.б.б. Өкпесінде сырыл жоқ. Тілі ылғал. Іші ұлғаймаған, пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсынады. «Шомпыл шуы» анықталады. Перистальтика анық. Іш қатуға бейімділік
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.

Қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен 54 жасар ер кісі травмадан 40 минуттан соң (кәсіпорында сол балтырына темір материал құлаған) сол балтырының екі сүйегінің де жабық сынығымен жеткізілді. Транспортировкадан бұрын анальгин инъекциясы, сатыл шина қойылған. Сіз қабылдау бөлімінің дәрігерісіз.


1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


50 жасар науқас 6 ай бұрын төс артының төменгі үштен бір бөлігіндегі ауырсынуға, тамақ ішкен соң пайда болуына және өңештегі қыжылға шағымданады. Кейде дисфагия белгілері болып тұрады.
Объективті: мойны дұрыс формалы,пальпацияда ауырсынады. Төсі өзгеріссіз. Эпигастральді аймақ қалыпты формалы, ауырсынбайды. Эзофагоскопияда өңештің сол жақ қабырғасының 3 х 4 см көлемде шығып тұрғандығы анықталады, шырышты қабаты өзгеріссіз. Науқас бұрын емделмеген, алғаш рет дәрігерге қаралып тұр.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.

34 жасар әйел амбулаторлы қабылдауда хирургке қаралды. Сол балтырының медиальді бөлігінің, санның төменгі үштен бір бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 3 күн бұрын балтырдан басталып, санға қарай таралған. Дене температурасы 37,5 ке дейін көтеріліп, жүру қиындаған.

Варикозды патологияға тексеру кезінд балтыр және санда тері гиперемияланған, пальпацияда ауырсынады. Шап аймағының пальпациясында ауырсынусыз. Табан және балтыр ісінуі жоқ.


1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


40 жасар науқас оң қолының бесінші саусағындағы ауырсынуға шағымданып ЖЖБ шақыртты. Үш күн бұрын саусағына шеге кіріп, жарасын йод ерітіндісімен тазалаған. Біртіндеп ауырсыну күшейген, барлық саусақтың айқын ісінуі байқалған..
Объективті: оң қолдың бесінші саусағының сінуі ауырсынуы байқалады, алақандық бетінде басты фаланганың аймағында 2 х 2 көлемде беті қабыршақпен жабылған жара анықталады. Ауырсынуға байланысты саусақтың қимылы шектелген.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


46 жасар әйел, 20 жыл бұрын іштің ақ сызығының жарығы бойынша операция жасалған, 15 жыл бұрын жарық рецидив берген. Қазіргі кезде вертикальді қалыпта 10 х 8 см шығу байқалады, іш қуысына салынбайды. Іш қату жиі болып тұрады. Қайта операция жасау жоспарланған, бірақ науқас бас тартқан. Жарық қапасы диаметрі 5 -7 см.Бүгін ауа райының бұзылуына, атмосфералық қысымның төмендеуінге байланысты жарыта ауырсыну пайда болған. Ауырсыну үздіксіз, жүргенде, әсіресе физикалық жүктемеден соң күшейеді.Объективті: Тілі ылғал. Пульс 88 в минуту, ритмді. АҚҚ – 130/80 мм.рт.ст. Жүрек айну, құсу жоқ.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


24 жасар азамат жалпы әлсіздік, кофе қойыртпағы тәріздес құсық шағымынан бір күннен соң дәрігерге қаралды.Өзін әскерден бері ауру санайды, көктем, күз мезгілдерінде эпигастрий аймағында аш қарынға ауырсыну пайда болған. Өзі ем жасаған. Жағдайы оңғы екі аптада нашарлай бастаған, эписгастрий аймағындағы ауырсыну алмагель қабылдаған соң басылған. Екі күн бұрын мелена тәрізді нәжісті байқаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және шырышты қабаты ақшыл – күлгін түсті, пульс 96 в минуту, ритмді. АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іші ұлғаймаған, пальпацияда эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну. Перистальтика сақталған, улкен дәреті қара түсті. Қанда: Эр 3,5 х 10/л, Нв – 100 г/л.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


40 жасар науқас іштің ұстама тәрізді ауырсынуына, көп құсуға, ішінің қатуына, жел шықпауына шағымданған. Түскент кездегі диагнозы «Іштің жабысқағы» , консервативті ем жүргізілген. 2 литр көлемде инфузионды терапия, спазмолитиктермен емдеген, асқазан декомпрессиясы, тазалау клизмасы қойылған. Одан соң жағдайы жақсара бастаған, ауырсыну азайған, 2 рет үлкен дәрет болған. 1 жыл бұрын 2 операция жасалған, жедел аппедицитке және ішек өтімсіздігімен байланысты. Мұндай ауырсыну ұстамалары 3 – 4 айда 1 рет қайталанып тұрады.Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері және склера қалыпты түсті, пульс 78 минутын. Тілі ылғалды. Іші ұлғаймаған, жұмсақ, ауырсынусыз. Перитонельды симптомдар жоқ, шолпыл шуы анықталмайды, перистальтика анықталады, жел өз еркімен шығады.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Әйел 35 жаста, жыбыр аритмиясы бар митральді жүрек ақауымен ауырады, бірденнен оң қолында қатты ауырсыну байқалған. Үйінде 1 сағаттан кейін қаралынған. Объективті: оң қолы саусақтары мен иығында бозару мен сипағанда салқындық байқалады. Қолдың осы аймақтарын пальпациялағанда кенеттен ауырсыну, бұлшықеттері шамалы тырысады. Оң қол саусақтарының белсенді қозғалысы көлемде азайған, толық көлемде енжар қозғалыс байқалады. Тактиьді және ауырсыну сезімдері бірден төмендеген. Оң қолдың магистральді артериясының пульсациясы тек қолтық асты артериясы деңгейінде ғана анықталады, дистальді ол анықталмайды.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас К 60жаста. Стационардың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілді. 10-12 сағат бұрын кенеттен ауырып қалған, іштің сол жақ жартысында ауырсыну байқалған, ол өрши түскен және толғақ тәрізденген, ол тұрып қалған қосындылармен 3 рет құсқан, газ шықпайды. Бұрын мұндай ауырсыну болмаған, бірақ соңғы жылдары іш қатуға бейім болған. Іш өткізетін дәрілер қабылдаған. Амбулаторлы зерттелмеген.
Объективті: Тері жабындылары қалыпты түсті, тілі ақ жабындымен қапталған, ылғалды.Пульс 98 рет минутына, ритмді. Өкпелерінде дем алуы еркін, сырылдар жоқ. Іші бірқалыпты іскен, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, іштің төменгі аймақтарында байқалатын ауырсыну.Перкусияда жуан ішек бойымен байқалатын тимпанит, перистальтикасы естіледі, әлсіз, шалпыл шумы анықталады. Сол мықын аймағында және қынаптан жоғары әлсіз перитониальді симптомдар анықталады. Саусақпен ректальді зерттеген кезде ампула бос, нәжіс іздері қалыпты түсте. Қан анализінде: Лейкоциттер:16,2×10/л, эр-3,4×10/л, ЭТЖ 24мм/сағ.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас К. 47 жаста . хирургияның қабылдау бөліміне іштің эпигастрии аймағының ауырсынуы сегізкөзге берілетін, жүрек айну, көпреттік құсу, жеңілдік әкелмейтін шағымдарымен әкелінді.Науқас ұзақ уақыт бойы алкоголь ішімдіктерін пайдаланған. Соңғы ішімдіктен өзін нашар сезінген . Панкреатитке байланысты хирургия бөлімінде бірнеше рет емделген.
Объективті: тамақтану төмендеуі, денебітімі калыпты. Пульс 100 рет минутына. Тілі ылғалды, жабындымен қапталған. Іші жұмсақ іспеген, оң қабырға астының және эпигасрии аймвғының ауырсынуы және сол жерде 10х15см ісік тәріздес түзілістің болуы тығыз- эластикалы консистенция анықталады, пальпацияда кезінде ауырсыну, жылжымайды. Перитониальді симптомдары жоқ.
Қан анлизінде; Лейкоциттер 14,1х10/л, диастаза зәрде-512 Бірл.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 38 жаста.алькоголь колданғаннан кейін пайда болған іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы, арқаға таралады, көпретті құсу. Жағдайы ауыр. Бет терісі қызарған, құрғақ. Өкпесінде қатаң дыбыс естіледі, сол жағы әлсіреген. Пульс 120рет минутына. АҚ 150/90мм.сын.бағ. Тілі құрғақ жабындымен жабылған. Іш көлемі ұлғайған, тыныс алу актісіне қатысады, жоғары бөліктері шектелген, эпигастрии аймағында ауырсыну, ригидтілік анықталады және ішпердесінің тітіркену симптомы оң мәнді. Перистальтикасы жоқ. Дәреті болмаған. Ультрасонографияда ұйқы безінің көлемінің ұлғайғандығы, контуры біртегіс емес,ошақпен жоғарғы шағылу анықталады. Без қапшығында аз ғана сұйықтық. Өт қапшығы өзгермеген. Холедох қалыпты көлемде. Іш қуысында бос сұйықтық анықталады.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 68 жаста, өт-тас ауруымен ауырады, емдәм бұзылуына байланысты іштің жоғарғы бөлігінің кенеттен пайда болған ауырсынуы,арқаға таралады, өтпен көп бөлінетін құсу, гипертермия 37,6-ға дейін, қалтырау. Но-шпа қабылдағаннан кейін ауырсыну басылған. 1 тәуліктен кейін терінің сарғаюы пайда болған, іштің ауырсынуы сақталған.
Обьект ивті: Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және көз склерасы сарғайған. Пульс минутына 90рет. АҚҚ 120\80 мм сн.бн. Тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, керілген, эпигастрий аймағының ауырсынуы. Перитониальды симптомдары жоқ. Өт қабы пальпацияланбайды. Лейкоциттер 10,2*10\л, қандағы биллирубин 60мкмоль\л. Зәр диастазасы- 1024 ЕБ.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 16 жаста ауруханаға жеткізілген.Жол апатынан кейін 3 сағаттан соң тез дамыған әлсіздікке, бас айналуға, оң жақ бел аймағы, іштің оң жақ бөлігінің ауырсынуына шағымданады.
Науқасты қарағанда жағдайы ауыр,терісі бозғылт, пульс 110 рет мин жоғарылаған.АҚҚ 90\60 мм сн.бн. Бел аймағының терісінде көбіне оң жақ аймағында көптеген сызаттар байқалады.Визуальды және пальпаторлы қарағанда өршіген ісіну,қабырға астымен түсіп, оң бүйірлік өзекке барады, оң жақ бұлшықеттің айқын кернеуі.Іштің сол жақ бөлігі қалыпты, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы оң мәнді. Зәр шығару кезінде зәрі қанмен боялған, ұйыған бөлінділермен.
Сұрақтары:
ЖҚА- анемия, эритроциттер 3*1012\л.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Әйел 45 жаста,ұзақ уақыт бойы бел аймағының ауырсынуы байқалған, көбіне оң жақта. Жүктемеден кейін және жүрген кезде күшейетін ауырсыну. Остеохондрозбен невропатологта емделген. Кеше серуендеуден кейін,бел аймағының ауырсынуы күшейген, іштің төменгі бөлігіне таралады.Науқас 2 таблетка анальгинді қабылдаған,ауырсыну басылған бірақ зәрде қан пайда болған.Бүгін таңертең зәрі таза болған,дәрігерге көрінген.Зәр анализінде протеинурия (ақуыз 0,15 г\л), лейкоцитурия 8-12 лейкоцит көру аймағында,микрогематурия эритроциттер 60 көру аймағында.
Шолу рентгенограммасында құрсақ қуысының проекциясында оң жақ бүйректің контрасты көлеңкесі, көлемі 2,5*2 см.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас К.40 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады.Ауырғанына 8 сағат болған,эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған, кейін оң жақ мықын аймағына ауысқан.Үлкен дәреті қалыпты. Зәр шығаруы бұзылмаған. Дене қызуы 37,2 С жоғарылаған.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 36 жаста, кенеттен пайда болған іштің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, шап аймағына және оң жақ бел аймағына таралуына шағымданады. Ауруы 2 сағат бұрын басталған.Бұрын бұндай ауырсыну болмаған. Ауырсыну бір реттік құсумен қосарланған.Науқас мазасыз.Түскен кезде дене қызуы 37,5 С,пульс минутына 100рет, тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған.Іштің оң жақ бөлігі ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс мәнді. Қағу симптомы оң жақ бел аймағында оң мәнді.Лейкоцитоз 14,0*109\л. ЖЗА ақуыз іздері,салыстырмалы тығыздығы 1018, эритроциттер 8-10 к.а.,сілтілік эритроциттер 1-2 к.а., лейкоциттер 8-10 к.а. Урология бөлімшесіне несеп тас ауруымен, бүйрек ұстамасымен госпитализацияланды. 3 тәуліктен кейін Образцов симптомы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді.Хирургиялық ауруларға күдіктенуіне байланысты хирургиялық бөлімге госпитализацияланды.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 48 жаста, ауырғаннан кейін 4 сағаттан соң ауруханаға түскен.Ауруы жедел басталған, эпигастрий аймағының жедел ауырсынуы,бір рет құсу болған, үлкен дәрет болмаған.Ұстама кезінен бастап іштің кебуі басылмаған.Қараған кезде іштің оң жақ бөлігінің ауырсыну, көбіне оң жақ мықын аймағында. Физикалық зерттеуде іштің кернеуі, оң жақ мықын аймағында тітіркену симптомы оң мәнді.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 62 жаста, ауру басталғанына 4 тәуліктен соң хирургиялық бөлімге түсті. Оң жақ мықын аймағының аз ғана ауырсынуына,дене қызуының 37,6С-қа жоғарлауына шағымданады.Анамнезінен: 4 күн бұрын оң жақ мықын аймағында ұстама тәрізді ауырсыну болған.
Обьективті: тілі ылғалды,іші тыныс алуға қатысады, жұмсақ.Пальпацияда оң жақ мықын аймағында дөңгелек тәрізді түзіліс пайда болған.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқасқа, 7 күн бұрын жедел флегмонозды аппендицитке ота жасалған, дене қызуы жоғарылаған.Ол гектикалық сипаттамамен жүреді.Ота жасалған жара аймағында ауырсыну байқалмайды.Зәр шығарудың соңғы актысында ауырсынуға,жиі дефекацияға баруға шағымданады. Тілі құрғақ, пульс минутына 110рет. Іші тыныс алуға қатысады, пальпацияда жұмсақ,төменгі бөлікте ауырсыну.Құрсақ тітіркену симптомы жоқ.ЖҚА лейкоцитоз18,0-109\л. Жара аймағында қабыну белгісі жоқ.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 46 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданым хирургиялық бөлімге түсті.Анамнезінен: өзін 4 күннен бері ауру санайды.Обьективті науқаста тыныстық және гемодинамикалық бұзылыстар жоқ.Пальпацияда оң жақ мықын аймағында инфильтрат анықталады.Науқасқа консервативті ем жүргізілді,бірақ стационарға түскеннен 4 күннен соң іштің төменгі аймағының ауырсынуы пайда болған, дене температурасы гектикалық сипаттамада.Қарағанда: тілі ылғалды, пульс минутына 92рет, іші жұмсақ, ауырсынусыз,ерекшелігі-оң жақ мықын аймағының жедел ауырсынуы.Саусақпен ректалды зерттеу кезінде тік ішектің алдыңғы қабырғасы қалыпты.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 32 жаста, ауруының 4 күні ауруханаға түскен.Оң жақ мықын аймағында ауырсыну, жүрек айну пайда болған.Дәрігерге қаралмаған, анальгетик қабылдаған, ауырсыну басылған.Оң жақ мықын аймағында тығыз жылжымайтын түзіліс анықталады, көлемі 18*12см, мықын сүйегінің қырына жабысып тұр,пальпацияда ауырсынады.Іші жұмсақ, құрсақтың тітіркену симптомы теріс мәнді,дене қызуы 37,8С жоғарылаған.
Сұрақтары:
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 19 жаста,іштің төменгі аймағының ауырсынуы, жүрек айну,құсу,аузының құрғауы,іштің желденуіне шағымданып,ауруының 2 тәулігінде ауруханаға түскен.Ауру эпигастрий аймағының ауырсынуымен басталған.Ауырсыну оң жақ мықын аймағына ауысқан.Дәрігерге қаралмаған,ауырсыну іштің төменгі аймағына таралған,күшейген.Жайылмалы перитонитпен асқынған,жедел аппендицитке күдік бар.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 52 жаста,ішінің бар бөлігінің ауырсынуына,іштің кебуіне, жүрек айнуына,көп реттік құсуға шағымданып ауруханаға түсті.Ауырғанына 3 күн болған, ауырсыну оң жақ мықын аймағынан басталған.Дәрігерге қаралмаған,грелка қойған,1 тәуліктен соң ауырсыну іштің барлық аймағына таралған.Терісі бозғылт, дене қызуы 38,7С жоғарылаған,пульс минутына 128рет,АҚҚ 100\60мм сн.бн. Тілі құрғақ,қоңыр жабындымен қапталған.Іштің барлық аймағының кернелуі, пальпацияда барлық аймағында ауырсыну.Щеткин-Блюмберг симптомы және Воскресенский симптомы оң мәнді.Ішек перисталтикасы естілмейді.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 24 жаста, жедел катаральды аппендицитке ота жасалған.Отадан кейін 3 сағаттан соң үдемелі әлсіздік, аузының құрғауы байқалған.2 тәулікке қарай отыру жағдайын жасауға әрекеттенгенде коллапс дамыған.Науқас қуқыл.Пульс минутына 120рет,АҚҚ 90\60мм сн.бн.Ішті пальпациялағанда отадан кейінгі жара аймағының ауырсынуы,төменгі бөлігінде Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң мәнді.Перкуссияда тұйық перкуторлы дыбыс естіледі. Зәр шығаруы қалыпты. ЖҚА:Эр. 2,2•1012/л, Hb 80 г/л, лейкоциттер – 11•109/л, П – 12%, С – 75%, Л – 8%, М – 2%.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас 19 жаста,4 күннен бері ауырады, эпигастрий аймағының ауырсынуы пайда болған,кейін іштің төменгі аймағына таралған.Үлкен дәреті жиі, сұйық. Инфекциялық бөлімшеге энтероколит диагнозымен госпитализацияланды.1 тәуліктен кейін диагноз жоққа шығарылды және хирургтың кеңесінен кейін науқас хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.Жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 38,2С, пульс 106рет минутына. Тыныс алу бұзылыстары жоқ.Тілі құрғақ,іші кернелген.Іштің төменгі аймағында құрсақ тітіркену симптомы айқын байқалады.
Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас С. 32 жаста, іштің төменгі бөлігінің интенсивті түрде ауырсынуы,көбіне оң жақта,тік ішекке таралады,әлсіздік,бас айналуға шағымданып жедел медициналық жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді.Ауырғанына 2 сағат болған,оң жақ шап аймағында сыздап ауырсыну пайда болған.Ауырсыну жедел күшейген және жақын арада тік ішек аймағына таралған.Үйінде жүрек айну, бір ретті құсу,қысқа уақытқа есін жоғалту болған.Тасымалдау кезінде жыныс жолдарынан аз ғана қан аралас бөлінді бөлінген.Обьективті:жалпы жағдайы ауыр.Терісі бозғылт, акроцианоз,тахипное.АҚҚ 70\40мм сн.бн.,пульс минутына 120рет әлсіз толымды.Пальпацияда алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықетіне күш түскен,іштің төменгі бөлігінің өткір ауырсынуы, Щеткин-Блюмберг симптомы кіндік деңгейіне дейін перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады.Гинекологиялық зерттеу:сыртқы жыныс мүшелерінің құрылымы қалыпты,түктенуі әйел типті.Айнада:жатыр мойны және қынап бозарған.Цервикальды өзектен аз ғана қара,қан аралас бөлінді бөлінген. Бимануальді:алдыңғы құрсақ қабырғасына күш түсуі және өткір ауырсынудан зерттеудің қиындауы.Жатыр және оның қосалқылары анық анықталмайды.Қынаптық қойнау тегіс,әсіресе артқы бөлігінде,өткір ауырсыну(«Дуглас айқайы»),жатыр мойнында өткір ауырсыну, жатырда «жүзу» симптомы.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқас Ф.28 жаста,оң жақ шап аймағының қайталамалы ауырсынуына,жүрек айну,жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөлінділер, әлсіздікке шағымданып гинекология бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезі:етеккірі 13 жастан, ретті, 28 күннен кейін 4-5 күн,ауырсынусыз.Соңғы етеккірі айдың жартысында болған,етеккірдің кідіруі алғаш байқалды.Жыныстық қатынас 22 жастан,1 рет туу және 1 рет медициналық түсік жасатқан,жатыр қосалқыларының қабынуы асқынумен,стационарда емделген. 3жыл аралығында жүктіліктен сақтанбаған.Дені сау.Етіккірінің кідіруіне байланысты өзін жүкті деп санаған,жүктілік жоспарланған. 2 күн алдын қара қанды бөліністер байқалған,жалпы жағдайы қанағаттанарлық,дәрігерге көрінбеген.Соңғы тәулікте оң жақ шап аймағында қайталанатын ауырсыну мазалаған,түнде күшейген, артқы тесікке таралады,жүрек айну пайда болған. Қанды бөлінділер жалғасуда,күшейген. Обьективті жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,0С. Тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты.Пульс минутына 78рет,ритмді, АҚҚ 110\70мм сн.бн. Кеуде қуысы мүшелер жағынан патологиясыз. Алдыңғы құрсақ қабырғасы қысылусыз. Тыныс алуға қатысады. Оң жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады. Құрсақ тітіркену симптомы теріс мәнді. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері және қынап өзгеріссіз. Айнада: жатыр мойны цилиндр тәрізді,бірнеше көгерулер,сыртқы қойнаудан қара қанды,қара нәжіс тәрізді,аз ғана бөлінділер.Қынаптық: жатыр антефлексияда,кішкене үлкейген, шар тәрізді, жұмсақталған,қозғалмалы, ауырсынусыз.Сол жақ қосалқысы өзгеріссіз.Оң жақ жатырдан үлкейген және ауырсынумен қосалқы анықталады, реторто тәрізді түрі. Пальпацияда артқы қойнауы ауырсынусыз. Қынап қойнауы терең.
1.Диагноз қойыңыз.
2. Жедел көмек көрсетіңіз.


Науқастың ұстамасы таңертең бірден таңғы астан кейін пайда болды. Жүрек соғу жиілігі 180 рет/мин асып кеткен, сонымен қатар күрт әлсіздік, қорқыныш сезімі, ентікпе, жүрек аумағында қысып ауырсыну қосарланған. Науқас өздігінен ауырсынуды баса алмаған. ЖМЖБ "03" шақырған. Науқас бозарған, үрейлі, қорқыныш сезімінде (ұстаманың басталғанына 60-70 минут өткен). Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ТАЖ 22 рет 1 мин. Жүрек тондары қатты, ырғақты, шулар жоқ. Пульс 192 рет 1 мин., ырғақты, толымдылыға әлсіз. АҚҚ 110/70 мм. сын. бағ. ("жұмыстық" АҚҚ 120/70 мм. сын. бағ. ).
Тапсырма:
1. Болжам диагноз?
2.Шұғыл көмек көрсету.


Ауырсыну ұстамасы түнде алғаш рет пайда болып, нитроглицерин қабылдағаннан кейінде ауырсыну басылмаған. ЖМЖБ "03" шақырған. Объективті: Жағдайы ауыр, үрейлі, қорқыныш сезімі бар. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Еріндері көгерген. Тыныс алу беткей, сырылдар жоқ. ТАЖ 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, ырғақсыз, ЖСЖ 110-120 рет мин. Пульс әлсіз, экстрасистолалы, АҚҚ= 80/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсыну жоқ. Бауыры 3,5 смге қабырға доғасынан шығып тұр.
ЭКГ-да: aVL, V1-V6 тіркемелерінде ST жоғарлаған. кезектен тыс деформацияланған QRS байқалады.
Тапсырма:
1. Зақымдану миокардтың қай бөлімінде орналасқан?
2.Шұғыл көмек көрсету.


Науқаста инфаркт миокарды фонында АҚҚ- 85/60 мм сын. бағ., тамыр соғысы 124 соққы 1 мин тіркелген. Мойын веналарының ісінген, өкпе ісіну белгілері жоқ. Веналары дем алуда орнына келмейді, ал үстінен басқанда жүрек жағында ісіне бастайды.
Тапсырма:
1. Науқаста қандай асқыну?
2. Шұғыл көмек


Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында жіті ауырсыну, содан кейін құрғақ жөтел, бас айналу пайда болды. Сәл кейінірек инспираторлы типті ентігу және тері бозаруымен қосарланып цианоз дамыды. Қарағанда эпигастральды аймақта патологиялық пульсациясы анықталады. Перкуссияда оң жақ жүрек шекарасының кеңейуі байқалады, аускультацияда – өкпе артериясында жарықшақтануы және ІІтон акценті естіледі.
Тапсырма:
1. Қандай патологияны болжауға болады?
2. Шұғыл көмек көрсету.


Науқас 65 жаста, гипертониялық ауруымен ауырады. Тұншығу және инспираторлы ентігу пайда болған.
Науқас мәжбүрлі қалыпта отыр. Өкпеде көптеген құрғақ сырылдар естіледі.
АҚ қалыпты, тахикардия.
Тапсырма:

  1. Дұрыс диагноз.

  2. Шұғыл көмек


Қыз 10 жаста. ЖРВИ фонында қозу, мазасыздану туындаған. Жалпы гиперестезия, аяқ-қол треморы және стереотипті қозғалыстары байқалады. Дене температурасы 39°С, тахикардия және аздаған ентігу байқалады.
Тапсырма:
1. Қандай патологияны болжауға болады?
2. Шұғыл көмек көрсету


7. Әйел 65 жаста, қатты күшеніп жөтелгеннен кейін, басында күрт қатты ауырсыну пайда болған, содан кейін сол жақты терең гемипарез дамып, есінен танып қалған.
Тапсырма:

  1. Дұрыс диагноз.

  2. Шұғыл көмек.


Егін жинау барысында төтінші жағдай орын алған. Науқаста – сол сан сүйегінің ашық жарақаты мен сан артериясынан қан кету байқалады. Автобусқа кешігіп қалмау үшін қатты ауырсынуға қарамастан автокөлікке отыруға өздігінен іс әрекет жасауда. Жергілікті ауруханаға бару үшін 1сағат уақыт керек ГАИ постына есе 40минут.
Тапсырма: 1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Сізге көршініз көмек сұрап келді: бесінші қатта тұратын көрші асылып өлген екен.
Тапсырма:
1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Телевизор жөндеу барысында қатты электр доғынын разряды болған. Маман есінен танып жұмыс орнында құлап қалған. Қолында доқтын сымдары тұр. Беттерінде тырысу байқалады.
Тапсырма:
1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Найзағайдан талдын астында тығылып тұрған кісі, найзағай қайталаған кезде естүссіз талып қалған. Сол қолы қарайып кеткен, көз қарашығы кенейген, светке реакция жоқ, пульс анықталмайды.
Тапсырма:
1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Науқас 36 жаста ауруханаға түскенге дейін 2сағат бұрын тамақтанып болған соң ішінің қатты ауырсынуы байқаған. Тоқтаусыз құсу байқалып, үлкен дәреті сүйық болып келген. Осы жағдай науқаста өздігінен бір апта бойы азу мақсатында тамақтанбай жүруімен байланыстырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, төсекте орын таппай жатыр. Акроцианоз, тыныс жиіленген, пульс -112рет/мин, АҚҚ-100/60мм.с.б., іші ісінкі, ассиметриялы. Мезогастрий аймақта домалақ тәрізді консистенциясы өатты түйін анықталады. Резонанты перистальтика мен «Шум плеска» байқалады.
Тапсырма:
1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Жарты жыл алдын науқас басынан панкреонекроз өткізген, бірден эпигастрий аймақпен сол қабырға астында ісік тәрізді дене пайда болған, ауырсынбайды, көлемі 15х20см. Лоқсу, құсу, салмақ тастау байқалмайды. Дене қызуы 36,8С. Асқазанға рентгеноскопия жасағанда: асқазан алдына қарай ығысқан, оң екіелі ішектен сульфат барийдын эвакуациясы төмендеген.
Тапсырма:
1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Науқас 35жаста асқазан жара ауруымен ауратын, екі күн бойы аурады, спиртті ішімдік қолданған соң құсумен белдеме тәрізді ауырсыну басталған. Но-шпа ішкен жағдайы жақсармаған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт, тургор төмен, склерасы субиктериялы. Санасы бұзылған. Дене қызуы – 37,4С, Пульс - 110 рет.мин., АҚҚ-110/80мм.рт.ст.. тілі құрғақ, ақ жамылғымен қапталған. Іші ісінген, симметриялы, жоғары бөлімдерде ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симпетомы оң мәңді. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шуы әлсіреген. Үлкен дәреті 2күн бойы болмаған. Сонғы күн өздігінен кіші дәретке отырмаған. Анализдері: гемоглобин 140 г/л, лейкоцит – 12 х 10 9/л, Зәрдің жалпы анализы қалыпты. Зір диастазасы 1024 ед.
Тапсырма:1.Сіздің болжам диагнозыңызды негіздеңіз?
2.Шұғыл көмек көрсету алгоритмді құрастырыңыз?


Оқиға орнына келгенде 48 жастағы ер кісі диванда жатыр.Әйелінің айтуы бойынша 4 сағат бұрын басының шүйде аймағында қатты ауырсынуына, оң қол-аяқтарының әлсізденуіне және ұюына,басым қолында.Төсекке жатқызылған.Төсектен тұрған кезде 0,5 сағат бұрын ауырсыну үдейе түсті, науқас сөздерді әрең айтып жатты, әйелінің сөздерін зорға түсінді.Анамнезінде Артериальды гипертония 8 жыл бойы А/Қ=140-150/80-85 mm сын. бағ.және А/Қ 170/90 mm сын .бағ. дейін көтеріліп тұрады, амбулаториялық емді үнемі қабылдамайды.Объективті жағдайы ауыр. Тыныс жүйесі өзгеріссіз.ТАЖ-18 рет 1 мин., везикулалық тыныс, қатқыл үнімен,сырыл жоқ. Пульс=66/мин, ырғақты,қалыпты толымдылығымен. АД=170/100 mm.сын. бағ. Жүрек тондары тұйықталған, аорта үстінде II тонның акценті. Неврологиялық статус: шүйде бұлшық еттерінің ригидтілгі, Керниг симптомы сол жақта оң мәнді.Тілдің оң жаққа девиациясы. Оң жақты гемипарез, басым қолда. ;иық буынында қимыл жоқ, жамбас-сан және тізе буындарында қимыл толық көлемде , тілерсек және саусақтарда-шектелген. Сіңір рефлекстері оң жақта басым, Бабинский рефлексы екі жақта, моторлы және сенсорлы афазия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет