Тапсырма Ж Судың жалпы кермектілігін анықтау Жұмыстың мақсаты: судың жалпы кермектілігін судың табиғи параметрі түрінде қарастырып, сандық әдісті қолданып анықтау.
Судың жалпы, уақытша және тұрақты кермектілігін ажыратады. Судың жалпы кермектілігі сілтілік жер металдардың екі валентті катиондардың, соның ішінде, кальций және магнийдің концентрациясын көрсетеді. Бұл элементтер табиғи жағдайда топырақтың ылғалды қабаттарында жүретін биохимиялық процестердің немесе көміртек қос қышқылының карбонатты минералдарға әсер ету салдарынан суға түседі.
Табиғи сулардың кермектілігі ақаба сулардың әсерінен немесе сутартқыш станцияларда өңдеуден өткен жағдайда өзгеруі мүмкін. Уақытша кермектілік, басқаша, шеттетілетін немесе карбонатты деп аталады. Ол ерігіш кальций және магний гидрокарбонаттарының болуына негізделген.
Тұрақты (карбонатсыз) кермектілік ерігіш кальций және магний тұздарының басқа түрлерінің (мысалға, хлоридтер, сульфаттар, нитраттар және т. б.) болуына негізделген және жалпы мен карбонаттыкермектіліктің айырмашылығы ретінде анықталады.
Жалпы кермектілік кең көлемде түрленеді, ол суат бассейнін құрайтын топырақ және жыныс типіне, сонымен қатар, жыл мезгілдеріне тәуелді болады.
Жалпы кермектіліктің өлшемі орталықтандырылған су жабдықтау көздерінде 7 ммоль экв/л, ал жеке жағдайларда санитарлы – эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісе отырып – 10 ммоль экв/л-ге дейін рұқсат етіледі.
Кермектілікті 4 ммоль экв/л-ге дейін су жұмсақ; 4 - 8 ммоль экв/л – кермектілігі орташа; 8 -12 ммоль экв/л – қатты; 12 ммоль экв/л үлкен - өте қатты деп есептеледі. Жалпы кермектілікті ауыз су, жер асты, жер үсті; ерекше жағдайларда ақаба суларда да анықтайды. Төменде судың барлық түрлерінің жалпы кермектілігін анықтаудың комплексонометриялық әдісі келтіріледі.
Судың сілтілік және жалпы кермектілік мәнін қолданып, карбонатты және карбонатсыз кермектіліктің жеке мәндерін есептеп алады.
Кермектіліктің анықтау нәтижесі 1 л суға миллиграмм – эквивалентпен немесе кермектіліктің немістің градустарымен (0Н) көрсетіледі. Судың кермектілігін анықтауда қолданылатын өлшеудің басқа бірліктері кестеде келтірілген, бұл кестені пайдаланып, қайта есептеуге мүмкіндік туады.