Түсінік хат Бұл бағдарлама бойынша оқушыларды дене тәрбиесінен денсаулықтарын шынықтыру мен салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелейді.
Үйірме бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі,мұндағы тарау тақырыптар кеңейіп тереңдей оқытылады.
Онда оқушылар баскетбол ойыны туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып,тереңірек таныстыру,ойын барысында аса ептілік,ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелей отырып,барлық уақытта да төзімділік қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.Қимыл қозғалыс жаттығуларын орындау техникасының дұрыс негізін қалап, оқушылардың икемділігін арттыру, қимыл сапаларын жетілдіріп,дене құрлысын дұрыс қалыптастыру және баскетбол спорттық ойынының түріне әуесқойлығын арттыру.Оқушылардың қозғалмалы дағдылары мен қимыл белсенділігін арттыратын жаттығулар негізінің бірі жылдамдыққа үйрену қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Баскетбол ойынының қыр-сырын меңгерте отырып әр түрлі әдіс тәсідерін меңгерту.
Үйірменің мақсаты: 1.Оқушылардың денсаулығын нығайту.
2.Дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру.
3.Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру себептерін белсенді ету.
4.Баскетбол ойынының теориялық білімін практикамен ұштастыру арқылы әдіс-тәсілдерін меңгерту.