Оқу орнының атауы, мекен жайы



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі360,06 Kb.
#24119
  1   2

  1. қосымша




Оқу орнының атауы, мекен жайы

Арал көпсалалы колледжі, Арал қаласы, Әйтеке би тұйығы, 16 а

Қатысушының аты-жөні, тегі

Жансугирова Гульден Жубаткановна

Қатысушының мамандығы, жүргізетін пәні

Физика- информатика пәндерінің мұғалімі, физика және информатика пән мұғалімі

Қатысушының жұмыс өтілі

9 жыл

Баяндама тақырыбы

Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы- физика пәнінде

Қатысушының ұялы телефоны, эл. поштасы

87014070256

GUL-83-00@mail.ru


ОҚЫТУДЫҢ «ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ»

ТЕХНОЛОГИЯСЫ- ФИЗИКА ПӘНІНДЕ

Дайындаған: Арал көпсалалы колледжінің

физика пәні мұғалімі Жансүгірова Гүлден

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын , өз бетімен білім ала алатын дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда пайдалы әрі тиімді технологиялардың бірі- Ж.Қараевтың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы
Аталған технология бойынша жұмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек:

1.Күнтізбелік жоспар.

2.Тақырыптық жоспар.

3. Тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін қажет үш кезеңдік тапсырмалар мен әдістер тізбегі. Оның ішінде алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес (өз бетімен білім алуы үшін),

үшінші кезеңі технологияның нәтижеге бағытталған бөлімінің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылап, қатесімен жұмыс жасап, бағалау үшін) үш деңгейлк тапсырмалардан тұрады

Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек.

Модуль – ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) – ішкі бақылау, негізгі журналға бағасы қойылмайды;

- коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы – сыртқы бақылау, бағасы негізгі журналға қойылады.

Технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек.

Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмысқа бөліну керек.

Әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталу керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқталады: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы бойынша физика пәнінен «Молекула кинетикалық торияның негізгі қағидалары мен оның тәжірибелік дәлелдемелері» тақырыбына өткізілген сабағымды ұсына отырып, сабақтың өтілу ерекшелігіне тоқталып өтейін:


І кезең (5-7 минут)


а) ұйымдастыру;

б) үй жұмыстарын тексеру: Әрбір оқушының үй тапсырмасын орындауы туралы белгі тақтада үнемі ілулі тұратын “ашық журналға” қойылады.

в) „Көпір“ тапсырмалары. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар:

1. Заттың құрылымы қандай?

2. Заттың қандай күйлерін білесіз?

3. Заттың мұндай күйлерде болуы неге байланысты?

4. Қандай құбылыстарды білеміз?

ІІ кезең -технология бойынша синектикалық бөлім(20-25 минут)


а) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру (5-7мин). Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады:

  1. Жылу құбылыстарын зерттеу әдістерін ата

  2. Термодинамика дегеніміз не?

  3. Молекула-кинетикалық теория дегеніміз не?

  4. МКТ-ң негізгі қағидаларын жасаған кім?

  5. МКТ-ң анегізгі қағидаларын тұжырымда

  6. МКТ-ң тәжірибелік дәлелдемелерін жаз

«Сыйға сый» ойыны: қалған оқушыларға желдеткіш сыйланады, оқушылар олардың бүктемелеріне жаңа тақырып бойынша кездескен терминдерді жазып мұғалімге қайтарады

б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талдау(5-7 мин)

Бұл уақытта мұғалім оқушылардың өз бетінше меңгерген материалын, қосымша толықтырады, олардың мамандықтарымен және күнделікті өмірімен байланыстыра отырып білім беріледі.

Мысалы автомеханик мамандығы бойынша оқитын студенттерге диффузия нәтижесінде бензинмен және дизельді отынмен жүретін автокөліктің ауаны ластайтыны, доңғалақтарды қысым нәтижесінде үрлейтіні, поршенді цилиндрдің газ көлемін өзгертуі нәтижесінде жұмыс жасайтыны, кейбір детальдардың сынса да оның физикалық және химиялық қасиеттерінің сақталатыны айтылады, сонымен бірге экологиялық тәрбие беріледі.

В) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде бекіту (8-10 мин)

Бұл кезде оқушылар жаңа материал бойынша түсінгендерін бекітеді



  • тақырыптық түйінді сөздер;

  • тәжірибе алаңы;

  • сәйкесін тап;

  • есеп шығару;

  • сергіту жаттығулары;


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет