Оқу орнының атауы, мекен жайы



бет2/2
Дата22.08.2017
өлшемі360,06 Kb.
#24119
1   2

«Сәйкесін тап»:

Ғалым аттары мен олардың еңбектері араластырылып беріледі. Оқушы интерактивті тақтадан тінтуір арқылы ғалым атын еңбегімен сәйкестендіреді.

Есеп шығарып көрсету


Оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруі, сабақты бекіту кезінде түрлі технологиялардың элементтерін пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар оқушыларға тақырыпты меңгеріп, деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жасар алдында сергіту жаттығуларын жасатқан өз нәтижесін беріп жүр.

Сергіту жаттығуы(1 минуттық би)

ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут) қорытынды шығаруға арналады.


Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады: 1-деңгейге-5 балл, яғни «3», 2-деңгейді орындаса- 4 балл, яғни 7 баллға «4», 3 деңгейді де орындаса- 3 балл, барлығы 12 баллға «5» қойылады.

Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейді орындай алмаған оқушы “сынақтан өтпеді” деп бағаланады, оның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады, яғни “сынақ” арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады.Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады.


І деңгей


1. Жас жусанды бөлмеге алып келгенде, иісінің бөлмеге тарап кету себебін түсіндір

_____________________________________________________________________________

2. Қатты және сұйық денелердің неліктен өз-өзінен жеке молекулаларға ыдырап кетпейтіндігі неліктен екендігін түсіндір

________________________________________________________________________________



ІІдеңгей

1. Мамандықтарыңызға сай диффузияға мысал келтір

________________________________________________________________________________

2. 2 кг мыс кесегінде қанша молекула бар екендігін анықта

________________________________________________________________________________

ІІІ деңгей
1. Массасы 135 г алюминий зат ішіндегі молекула санын есепте

2. Оттек немесе сутек молекулаларының қайсысы атмосферада тезірек қозғалатынын салыстыр:________________________________________



Үйге тапсырма беру.

4.4- тақырып. Ашық журнал



Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгірмеген тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған.



Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады. Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:

А.Қанатбаевтың (бір модуль бойынша) даму мониторингі



Кестелерді оқушы әр тақырыпты меңгеріп болғаннан соң, өзі, келесі сабақтың басында толтырып отырады. Димаграмма арқылы оқушының қай тақырыпты қалай меңгергендігі көрініп тұрады.

Нәтижесінде бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына, өзіне деген сенімін нығайтып, өз бетінше білім алып, ізде­ну дағдыларын қалыптастырады. Оқушының тұлғалық қасиетін дамытып, бірте-бірте өзін-өзі дамытатын тұлғаға айналады. Себебі бұл технологияда бәсекелестік бар, ал бәсеке бар жерде даму , алға ұмтылу, намысқа тырысу бар екендігін айта аламын, сондықтан барлық жаңа технологияларды үйлестіре, пайдалана білу- үлкен жетістіктерге алып келері сөзсіз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Байғазиева Г. Педагогикалық технологиларды меңгеру- міндетті . Қазақстан мектебі 2006 ж. № 1

2. Бұзаубақова К. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Қазақстан жоғарғы мектебі 2006 . № 33.

3.Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары – А.: Мектеп, 1978 жыл
4. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003ж. 23 желтоқсан.

5. Кобдикова Ж.У. Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Алматы 2008ж.6. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.


7. Қ.Көнеев, А.Әбдіқалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.
8. Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет