Жаратылыстану
1 сынып
Жаратылыстану
1 сынып
Тақырыбы:
Табиғат физикасы : Жарық не үшін қажет?
Оқу мақсаты:
1.5.2.3 Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның
көздерін анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: жарықтың қай жерде қажет болатын біледі.
Көптеген оқушылар: жарық көзі не үшін керек екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар: жасанды жарық көздерін атайды, жарықты өмірде қолданады.
Бағалау критерийі
Жасанды жарық көздерін атайды.
Жасанды жарық көздерінің қажеттілігін
түсіндіреді.
Сабақтың басы:
Интербелсенді тақтадан бинероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын шығарып аламын.
(Интернет-ресурстар:
http://www.youtube.com/watch?v=oppLfQT8X9c қалта шамы туралы фильм;)
Сабақтың ортасы
Суретке қарап, айтып бер. “Мұнда қандай жарық көздері бейнеленген? Олардың әрқайсысы не үшін қажет?
Ретке келтіру: Тақырып қандай?
Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраймын.
Зерттеуге дайындық: Оқулықпен жұмыс.
Суреттерге мұқият қараңыз. Жасанды жарық көздерін атаңыз. Жасанды жарық көздері қандай мақсаттарда қолданылып тұр? Сурет бойынша әңгімелеңіз.
Біз бұл тақырып туралы не білеміз?
Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?
Бұған тағы кім көз жеткізді?
Жарық қай кезде қажет? Сен не ойлайсың?
Адам жарықты қай кезде пайдаланады?
Оқушылар өздері білетін жарық көздерін анықтайды.
Зерттеу: Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрмелері мен жарнамаларға назар аударады. “Осы жерде жарық не үшін қажет: безендіруге ме әлде жарықтандыруға ма?”
Сұрыптау: Мерекелік қойылымдар. Оқушылармен суреттерді қарастырамыз. “Мерекелер не үшін қажет? Оны қалай безендіруге болады?”
“Қызғалдақ мерекесінің” суретін қарастыруын ұсынамын.
Алға ілгерілеу: Күнделікті өмір үшін жарықтың маңызы қандай?
Байланыс орнату:
1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, жұмыстарды рет-ретімен орындауға түсініктеме беремін. Ермексазбен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
Шара қабылдау: Қалыптастырушы бағалау
1. Жасанды жарықты тағы не үшін қолдануға болады? Мысал келтіріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- жасанды жарық көздерін атайды;
- жасанды жарық көздерінің қолданылу мақсатын
сипаттайды;
- жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.
2. Жасанды жарық не үшін қажет? Айналаңыздағы жасанды жарық көздеріне
бақылау жасаңыз. Бақылау нәтижесін кестеге түсіріңіз.
Жасанды жарықтың қандай пайдасы бар? Жұпта ой бөлісіңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- қоршаған ортадағы жасанды жарық көздерін анықтайды;
- олардың не үшін қолданылып тұрғандығын сипаттайды;
- жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады
Жасанды жарық көзінің атауы
|
Не үшін қажет
| | | Рефлексия
Сабақтың соңы
БББ кестесі
Нені білемін Нені білгім келеді Нені білдім
Кері байланыс
Бағдаршам әдісі арқылы
Менің түйгенім
Нені үйрендім?
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қысқа мерзімді жоспар құруды, тиімді оқытудың түрлі тәсілдерін, әр тапсырмадан соң берілетін сипаттама дескриптор жазуды, кері байланыс беруді үйрендім.
Не қиын болды?
Сабақты бір сарынды өткізбей , оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді таңдау.
Алдағы уақытта:
Әр оқушының қабілеттілік ерекшеліктерін ескере отырып, сын тұрғысынан ойланатын тапсырмалар мен сараланған тапсырмалар беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |