Мақсаты: Әуенді ойын қимылдарымен көңілді және емін-еркін көрсету. Музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Сайқымазақтар биі»
Музыка тыңдау: «В лесу родилась елочка» М.Красева
Ән айту: «Шырша жыры» Б.Бейсенова
Ойын ойнау: «Шаңғышылар» Қимылды ойын
ІІ апта «Жануарлар әлемі»
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Қозғалысын бағытын өзгертіп жүру, жыланша ирелеңдеп жүру, бытырап, қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру.Қалыпты, аяқтың ұшымен, жүгіру, шеңбер жасап жүгіру. Құрсауларды домалату.