Бекітемін: Күні: 19. 02. 2016 ж Сыныбы: 8 Тақырыбы: «Көңілді кеш»



Дата17.06.2018
өлшемі60 Kb.
#42683
Бекітемін:
Күні: 19. 02. 2016 ж
Сыныбы: 8
Тақырыбы: « Көңілді кеш »



Мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.



Жүргізуші:

Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз 8 – сынып оқушыларының арасында химиядан « Көңілді кеш» кешін өткізгелі отырмыз.

Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.


Бүгінгі «Көңілді кеш» сайысына қош келдіңіздер.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңістідей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазылармен таныс болайық.

1.

2.

3.

4.

Кештің жоспары:
1. Сәлем сөздің - анасы
2. Ойлы болсаң тауып көр.
3. Формула жаза білесіңбе?
4. Полиглот
5. Құрастыру (топпен
жұмыс)
6. Танымдық ойын
Салем сөздің – анасы
Дейтін қазақ данасы
Сәлемдесіп танысып,
Кеш бастайық жарысып
Жақсылық әркез тілейік
Химияны оқып білейік
Осы тілде құттықтап
Аман есен жүрейік.


Сонымен І кезең «Салем – сөздің анасы». Бұл кезеңнің ерекшілігі топ басшылары

өздерінің топ мүшелері мен қысқаша таныстырып, қарсылыстарға химия тілінде құттықтап сәттілік тілейді.

Дармштард гимназиясының директоры болашақ мамандығы жайлы Юстус Либихтен сұрағанда «Менің химик болғым келеді!» деп жауап беріпті. Оған жиналғандар, мұғалімдер мен гимназистер біраз уақыт күліп жүріпті. Себебі ол кездерде Германияда және т. б. елдерде бұл аса көп көңіл бөлмеген, олар химияны жаратылыстану ғылымының қолданбалы бөлігіне жатқызған және де жеткілікті дәрежеде емес еді. Қазір ешкімде мұндай жауапқа таң қалмайды, күлмейді де себебі химияның қазіргі жағдайы көңіл қуантады. Яғни химик болу үшін ойлы болу жеткілікті.

Келесі кезең «Ойлы болсаң тауып көр» деп аталады. Бұл кезең бойынша әр топқа ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді және сол ұяшықтың нөміріне сәйкесінше ұпай алады.

Ескерту: Егер қойылған сұрақтарға жауап болмаса, қарсыластар қол көтеру арқылы ғана жауап бере алады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда сол тәртіпті бұзған оқушының тобынан 5 балл шегеріледі.
1 баған:
10.
Оксидтер дегеніміз не?

Оксидтер – екі элементтен тұрып біреуі оттек болып келетін күрделі қосылыс.
20.
Экзотермиялық реакция дегеніміз не?

Реакция кезінде жылудыв бөле жүретін реакцияны экзотермиялық реакция деп атаймыз.

30. Массасы 49 г мыс гидроксиді айрылғанда қанша мыс (ІІ) оксиді түзіледі?

Cu(ОН)2 = CuO + Н2О

49 = x



  1. = 80


49 * 80

X = = 40 г

98

40. Кальций гидроксидінің құрамындағы элементтердің массалық үлесі қандай?



2 баған:
10. Тотығу – тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?

Валенттік электрондары электртерістілігі кіші атомдардан үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу – тотықсыздану реакциялары деп аталады.
20. Валенттілік дегеніміз не?

Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті

30. Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер

Na + O2 →

KOH + H2SO4 →

1. 4Na + O2 → 2Na2O

2. 2KOH + H2SO4 → К 2SO4 + 2H2O

40. Массасы 20,8г ВаСl2 Н2SО4 пен әрекеттескенде тұнбаға түсетін

ВаSО4 массасын есептеңдер

ВаСl2+Н2SО4=ВаSО4+2НСl

208г ВаСl2 - 233г ВаSО4

20,8г – Хг

Х = 23,3г
Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.


ІІІ кезең. Формула жаза білесіңбе?
Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.

І топ
1. Барий гидроксиді – Ba(OH)
2
2. Натрий нитраты – Na NO
3
3. Көміртек (IV) оксиді – CO
2
4. Алюминий оксиді – Al
2O3
5. Кальций фосфаты – Ca
3 (PO4)2

ІІ топ
1. Күкіртті сутек – H
2S
2. Темір (ІІІ) оксиді – Fe
2O3
3. Кальций гидроксиді – Ca(OH)
2
4. Алюминий хлориді – AlCl
3
5. Натрий оксиді – Na
2O
4. Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі кезең «Полиглот» деп аталады. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айтасыздар, толық жауапқа 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде жауап берсе 10 ұпайға ие болады.
І топ:

1. Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың
(оттегі - кислород - оксигениум)
2. Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын..... жоқ.
(темір – железо - феррум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне қарасақ алтынға ұқсайды
. (күкірт - сера - сульфур)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға жаратады.
(қорғасын - свинец - плюмбум)

5. Өзі жылтыр күмістей, жеңілдігін ескерсең,

Жұмсақтығы тағы бар.

Пайдаланар жері табылар ( алюминий – алюминий)


ІІ топ:
1. Арпа бидай ас екен
Алтын....... тас екен
(күміс - серебро - аргентиум)
2. Ең жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады
(сутегі - водород - гидрогениум)
3.
Сым болып ұзақ созылып
Өзкізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен
(Мыс - медь - купрум)
4.
Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум)



5. Сөз құрастыру (топ басшыларының сайысы)

І топ:
1. АЛКУЛЕМО – Молекула – Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
2. ТЕРТІЛІСЛІКТІРЭЛЕК Электртерістілік – Химиялық элемент атомдары өзіне электрон тарту қасиеттерін айтады.

3. ГЕНОКИУМСИ – Оксигениум – Оттек элементі
ІІ топ:

4. ТІККОЛЕНТВАЛ Коваленттік – Ортақ электрон жұбына сай келетін екі атом ядроларының арасындағы электрон бұлты арқылы түзілетін химиялық байланысты айтамыз.

5. ГЕНГИИУМДРО – Гидрогениум – Сутек элементі

ДОМИЯТЕРЭНЛЫҚ – Эндотермиялық - Жылуды сіңіре жүретін реакция



6. Танымдық ойын (Сөзжұмбақты шешу)
Кешті қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазыларға берейік. Қатысқан оқушыларға көп - көп рахмет. «Көңілді кеш» сайысын жабық деп жариялаймын. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет