Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен параметрлері туралы біледі.
Түсіну: Жер қозғалыстарының қалай жүретінін және ол қозғалыстардың ғаламшар табиғатына қалай әсер ететінін түсінеді.
Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен сағаттық белдеулер арасындағы байланысын және жергілікті уақыт пен белдеулік уақыт арасында қандай айырма бар екенін анықтай алады.
Талдау: Жер шарындағы жылу белдеулерін қандай белгілеріне қарап ажыратылатынын карта бойынша талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.
2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, Жердің өлшемдерін дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні, қозғалыстары, сағаттық және жылу белдеулері тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды.
2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды
3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша жылу белдеулерінің таралу ерекшелігін талдау тапсырылады.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.
Мысалы: Сфероид, Геоид Магниттік полюс, Афелий, Перигелий
Кориолис күші т.б.
3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, жылу белдеулерінің ерекшеліктерін анықтайды. Поляр шеңбері мен тропик шеңберінің картаға түсірілу себептерін еске түсіреді.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.
1) А деңгей:§1 оқу
2) В деңгей: Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.
3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын және де Астана, Мәскеу, Лондон, Владивосток қалаларымен уақыт айырмашылығын анықтау.
1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар кері байланыс жасайды
Не ұнады:............................................
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жердің ішкі құрылысы туралы оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.
Түсіну: Жердің ішкі қойнауына өткен сайын қысым мен температура қалай өзгеретінін және ол қабаттардың заттық құрамына қалай әсер ететінін түсінеді.
Қолдану: Тау жыныстары мен минералдарды ажырата алады.
Талдау: Пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлерін анықтап, олардың өмірде не үшін пайдаланылатынына мысал келтіреді.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, тау жыныстарының үлгілері,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.
3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын екі топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім екі топқа Жердің құрылысы және Тау жыныстары мен минералдар деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім тележүргізуші ретінде екі топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.
2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.
3.Тележүргізушіпайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлеріне мысал келтіріп, олардың өмірде не үшін пайдалануға болатынын сұрайды.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Жердің ішкі құрылысы , тау жыныстары мен минералдар туралы мәлімет береді.
2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.
3. Пайдалы қазбаларды өмірде не үшін пайдалануға болатынын анықтайды.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1)§2 оқу
2) Өздерің тұратын жерде кездесетін минералдар мен тау жыныстарының түрлерін анықтау.
1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды
Қосымша
Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталады?
Мантия мен ядро қандай бөліктерден тұрады?
Жер қабаттарының тереңдіктері мен шекаралары туралы не білесіз?
Тау жыныстары және минерал деген не?
Тау жыныстарын шығу тегі мен қалыптасу жағдайына қарай қалай топтастырады?
Біздің студиямыздағы мына тау жыныстары туралы не айта аласыз? (Сипаттама беруге бірнеше тау жыныстарының үлгілері беріледі, Мысалы: құм, гранит, пемза, тұз, мәрмәр, әктас).
Бекітемін Күні:
Сыныбы: 10.
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Географиялық карталар мен картография туралы жалпы мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Географиялық карталардың қолданылуының басты бағыттары мен картографиялық кескіндемелердің түрлерін біледі.
Түсіну: Географиялық карталардың маңызын түсінеді.
Қолдану: Географиялық карталарды мазмұнына, масштабына қарай және объект бойынша жіктей алады.
Талдау: Картографиялық кескіндемеледі талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, глобус, атлас, бедерлі карта, фотокарта.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім сыныпты мозайкалар әдісі арқылы топқа бөледі.
3. Сиқырлы қаламша жүгірте отырып үй тапсырмасы бойынша төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар қояды.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып ұтымды жауап береді.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін карталарды мазмұнына, масштабына қарай жұбымен ақылдаса отырып, анықтауға тапсырма беріледі.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, карталарды мазмұнына, масштабына қарай ажыратады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң, оқушылар географиялық карталардың маңызын түсіндіріп, картографиялық кескіндеулердің түрлеріне сипаттама береді.
2.Карта, атлас немесе глобус бойынша оның мазмұнын оқып таныстыруға жеке тапсырма беріледі.
1.Оқушылар мәтінде берілген 1,2,3 - сызбанұсқаларды пайда-лана отырып, карталардың түрлеріне, жіктелу ерекшеліктеріне және де картографиялық кескіндеулердің түрлеріне сипаттама береді.
2. Оқушылар жеке өздері берілген тапсырманы орындайды. Мысалы саяси картаға не бейнеленеді, қалай бейнеленген, анықтайды.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1) §3 оқу, Дүниежүзінің физикалық картасын, саяси картасын, топографиялық карталарды мазмұнына, масштабына, қолданылу сипатына қарай ажырату.
1.Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар сэндвич әдісі арқылы кері байланыс жасайды
Қосымша
Үй тапсырмасы бойынша төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар. Өздерің тұратын жерде қандай тау жыныстары көп кездеседі?
Олар қалай пайда болған?
Сіз тұратын жердегі тау жыныстары не үшін пайдаланылады?
Өздерің тұратын жерде қандай пайдалы қазбалар магмалық және шөгінді жолмен пайда болған ?
Бекітемін:
Күні: Сыныбы: 10. Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Картографиялық проекциялар.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Картографиялық проекциялар мен оның түрлерін оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс. 4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Картографиялық проекциялар мен оның түрлерін біледі. Түсіну: Картада бұрмалануды болдырмауға болмайтынын түсінеді. Қолдану: Карталардың мазмұнын оқып-түсіндіре алады. Талдау: Картографиялық проекцияларды талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау 6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім сыныпты стикерлер арқылы топқа бөледі.
3. Сиқырлы таяқша жүгірте отырып үй тапсырмасы бойынша географиялық карталардың түрлерін сұрайды
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып
ұтымды жауап береді.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.
1.Оқушылар берілген тапсырма-ны орындап, карталарды мазмұ-нына, масштабына қарай ажы-ратады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Тақырыппен танысып болған соң, картографиялық проекциялардың түрлерін бұрмалану сипатына және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай тобымен ақылдаса отырып, анықтауға тапсырма беріледі.
2.Топографиялық карта мен ұсақ масштабты карталарды салыстыру
1.Оқушылар әр түрлі карталар-дағы картографиялық проек-цияның түрлерін анықтайды.
2. Оқушылар топографиялық карта мен ұсақ масштабты карталарды венн диаграммасы арқылы салыстырады.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1) §4 оқу
1.Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар рефлексия жазады.
Бекітемін
Күні:
Сыныбы: 10.
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жердің геоглогиялық тарихы. Тау жасалу кезеңдері.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жердің геологиялық даму тарихын оқып - түсініп, үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Тау жыныстарының жасын анықтаудың әдістерін біледі, Жердің геологиялық даму тарихын түсінеді. Қолдану: Тектоникалық карта бойынша материктегі рифтілер мен сөнбеген жанартауларды анықтап, кескін картаға белгілейді. Талдау: Геохронологиялық кесте мен дүние жүзінің физикалық, тектоникалық карталарын пайдаланып,Жер тарихындағы ірі тау жасалу кезеңдерін анықтап, талдай алады. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім сыныпты қима қағаздар арқылы топқа бөледі.
3. Сиқырлы таяқша жүгірте отырып үй тапсырмасы бойынша ашық және жабық сұрақтар қояды. ХХІ ғасыр карталарының түрлерін сұрайды
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, ХХІ ғасыр карталары туралы айтып береді
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. (ББҮ кестесі арқылы) 2.Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.
1.Оқушылар ББҮ кестесінің Білемін бағанына жаңа тақырып бойынша не білетінін жазып толтырады, Білгім келеді бағанына бүгінгі сабақта не білгісі келетінін жазып сабақтың мақсатын айқындайды.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Тақырыппен танысып болған соң, геохронологиялық кесте мен физ-қ картаны пайдаланып, тау жыныстарының жасы мен эра, дәуір деген сияқты ұғымдарды түсіндіріп, ірі тау жүйелерінің қандай қатпарлықта пайда болғанын анықтауға тапсырма беріледі.
2.Тектоникалық картадан ірі рифттер мен жанартауларды тауып, кескін картаға түсіру
1.Оқушылар тау жыныстарының жасы, геологиялық жыл санау деген сияқты ұғымдарға түсінік беріп, ірі тау жүйелерін картадан тауып, қай қатпарлықта пайда болғанын анықтайды.
2. Оқушылар ірі рифттер мен жанартауларды кескін картаға белгілейді.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды. ББҮ кестесінің Үйрендім бағанына оқушыларға бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгенін жаздырады.
2.Үйге тап-ма:
1) §5 оқу ,Геохронологиялық кестені пайдаланып, Жер тарихындағы ірі тау жасалу кезеңдерін анықтап, олардағы көтерілген тау жүйелеінің аттарын дәптерлеріңе жазыңдар.
1.Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар рефлексия жазады.
Қосымша.
Үй тапсырмасы бойынша ашық және жабық сұрақтар. Бұрмалану дегеніміз не?
Бұрмаланудың қандай түрлері бар?
Картада бұрмалануды болдырмауға бола ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Картографиялық проекция дегеніміз не?
Картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар қалай бөлінеді?
Карта бойынша азимутты қалай анықтауға болады?
Магниттік азимут пен нағыз азимут дегенді қалай түсінесің?