Бекітемін: Күні


«Қазақ» деген халықты.(Мад)



бет2/3
Дата31.08.2022
өлшемі25,34 Kb.
#148460
1   2   3
Байланысты:
1 мамыр сценарий гулим
9 Б сынып тізім, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, 1651774266-Есболов мақала 3, 1 маусым балалар күні
«Қазақ» деген халықты.(Мад)


Жүргізуші-1:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыспенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ортаға «Грузин» ұлтын шақырамыз.


Жүргізуші-2:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суғарған.
Бұл далада атам қолға ту алған
Сіздердің қошеметтеріңізбен – Қазақ ұлтын шақырамыз.


Жүргізуші-1:
Бұралып Джими-джими билегенде
Айшваридың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап кім тұра алар,
Достарым айтыңдаршы мұндай күнде.
Өлең жолдарын арнай отырып –Үнді ұлтын шақырамыз.
Жүргізуші-2:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың. 
Ортада «Өзбек» ұлтын қарсы алайық.


Жүргізуші-1:
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Түрік, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 
Ортаға «Түрік» ұлтын шақырамыз.


Жүргізуші-2:
Молдова бау мен бақша, жүзім елі,
Қысы жұмсақ, шұрайлы туған жері.
Халқы Молдован мен гагауыздар,
Орыс, украин, словян – ата тегі
Дей отыра ортада «Орыс» халқын қарсы алайық.


Жүргізуші-1:
Әр халықты сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып — ап,
100 күндетіп тойлаймыз
дей келе ортаға «Кәріс» ұлтын шақырамыз.


Жүргізуші-2:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
ортаға Қытай елінен келген қонақтарымызды шақырамыз.


Жүргізуші-1:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Мақтан қылып ұлыстарға бірлік гүл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет