Жоспар
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
(5-6 минут)
|
тапсырма. Ойтүрткі.
Сұрақтар:
1.Адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютерлендірілуіне қалай қарайсыңдар?
2.ХХІ ғасыр қоғамының қалыптасуына қандай маңызды факторлар әсер етеді?
3. Жастар жаһандану үрдісіне өз үлесін қоса ала ма?
4. Қай мамандық иелері жаһандық мәселелерді шешуге атсалыса алады деп ойлайсыңдар?
5. Бәсекеге қабілетті, жаңашыл маман болу үшін қандай ғылым саласын таңдар едіңдер?
6. Суреттегі ақпараттың бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма?
|
Тренинг жазылған парақшалар, оқулық, флипчарт, маркерлер
ОӘК материалдары
|
Ортасы
минут)
|
тапсырма. Оқылым, жазылым.
Мәтінді оқып, мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдаңыздар.
Жаһандық мәселелер дегеніміз – өркениеттің әрі қарай дамуына әсер ететін, адамзаттың өміріне өз ықпалын тигізетін мәселелер жиынтығы. Адамзаттың жаһандық мәселелері – планетамыздың барлық тұрғынының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және әлемнің барлық мемлекеті ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар:
• дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қаты- насы мәселесі;
• азық-түлік мәселесі;
• кедейлік мәселесі;
• энергетика мәселесі;
• экология мен тұрақты даму мәселесі;
• әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі;
• демография мәселесі. Бұл тізім тұрақты емес. Өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады. Мысалы, ғарыштық ке- ңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.
Дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынасы мәселесіне олардың арасындағы әлеуметтік-эко- номикалық айырмашылықты азайту үшін дамыған елдер нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты өсі- руді, дамушы елдерге капитал мен білімнің ағымын ұлғай- туды (әрине, көмек ретінде), сыртқы қарыздардың есептерін шығаруды және т.б. жатқызамыз. Азық-түлік мәселесі дегеніміз – халықтың өзін-өзі ең қажетті азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе әлеуметтік жағдайы төмен елдерде азық-түліктің абсо- лютті жетіспеушілігінен болса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігінен болып отыр. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, ауылшаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогреске және мемлекет тарапынан қолдауға тікелей тәуелді. Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік – мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағ- дайымен қамтамасыз ете алмауы. Дамушы елдердегі кедей- ліктің үлкен масштабы тек ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.
(Ж.Оспанбаев пен Д.Төленгітованың «Жаһандану және адамзат дамуының жаһандық мәселелері» мақаласынан) Ереже: Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі
Ғылым салаларында лексика-семантикалық тәсіл арқылы термин- дер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, үстеу (тіл білімі), күн, нарық (sкономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үшбұрыш, көбейту, қосу, алу (математи- ка) және т.б.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы – өте көп тараған тәсіл. Мысалы, зат есімге заттану арқы- лы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, жасау т.б.
Лексика-семантикалық тәсілде сөз ешбір тілдік бірліктің көмегін- сіз, дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу т.б. Бұл сөздердің тілде дәл осы тұлғада, осы құрамда басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Мыса- лы: қорған, айтыс, жарыс – етістік, қимыл; бірге, біреу – сан есім, сандық ұғым.
Лексика-семантикалық тәсілде мағынасы өзгерген сөз үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика- семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі: асар, жасау, қорған, т.б.;
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы: құн, нарық (sкономика), буын, есім (тіл білімі), т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |